Ауыр атлетика • 21 Тамыз, 2017

Альберт Линдер Жазғы Универсиада ойындарының чемпионы атанды

252 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ҚХР Тайвань провинциясының астанасы Тайбэйде жазғы Универсиада-2017 ойындары өтіп жатыр. Қазақстандық ауыр атлет Альберт Линдер жазғы Универсиада-2017 ойындарының чемпионы атанып, алтын медальға ие болды.

Альберт Линдер Жазғы Универсиада ойындарының чемпионы атанды

Жарыстың үшінші күні ауыр атлетикадан 69 келіге дейін салмақта сынға түскен Линдер жарыс қорытындысы бойынша 333 келі (148+185) зілтемірді көтеріп, Универсиада рекордын орнатты.

Осы салмақта сынға түскен солтүстіккореялық зілтемірші Ким Мен Хек 331 келіні (153+178) еңсеріп, Универсиаданың күміс жүлдегері атанды. 325 келіні (145+179) басынан асырған жапон зілтеміршісі Мямото Масонори қола жүлде иегері атанды. Айта кетейік, кеше тағы бір қазақстандық зілтемірші Арли Чонтей қоссайыс бойынша 258 килоны еңсеріп, қол медаль иеленген болатын.

Қазақстан қоржынында әзірге бір алтын, бір қола медаль бар. Жазғы Универсиада ойындары 30 тамызға дейін жалғасады. Бұл жарыста қазақстандық спортшылар жеңіл атлетика, жүзу, бокс, күрес және басқа да спорт түрлері бойынша сынға түсуде.