Кездесу барысында Мемлекет басшысының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауын және «100 нақты қадам» - Ұлт жоспарын іске асыру аясындағы Парламент қабылдаған заңдардың негізгі ережелері туралы айтылды. Сенаторлар прокуратура ұжымын заң шығару жұмыстары туралы хабардар етіп, облыс прокуратурасының мұражайында болды, қадағалаушы органның жұмысымен танысты.
Кездесу соңында Б.Бекназаров прокуратура ұжымын қабылданған құқықтық актілерді талқылауға белсенді қатысуға шақырды.