Аймақтар • 21 Тамыз, 2017

ОҚО-да биыл төрт бағытқа жаңа автобус қатынасы ашылды

326 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ОҚО-да жыл басынан бері төрт бағытқа жаңа автобус қатынасы ашылды. Бұл туралы бүгін ОҚО Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының салалық жетекшілері – басқарма басшысының орынбасарлары Мақсат Мырзабаев пен Ролан Ибрагимов хабарлады.

ОҚО-да биыл төрт бағытқа жаңа автобус қатынасы ашылды

Алдымен, жыл басынан бері басқарманың жол көлігі саласында атқарылған жұмыстардың барысына тоқталған М.Мырзабаев облыс тұрғындары мен елді мекендерді тұрақты жолаушылар тасымалымен қамтамасыз ету жайына тоқталып, бүгінге дейін 766 елді мекеннің 691-і яғни, 90,2 пайызы қоғамдық тасымалмен қамтамасыз етілгенін жеткізді.

"2017 жылдың 6 айында төрт - 3 ауданаралық, 1 облысаралық тұрақты бағыт ашылды. Олар – «Шымкент-Боралдай», «Қошқар Ата-Алмалы-Шымкент», «Түркістан-Жібек Жолы» және облысаралық «Шымкент-Ақтөбе» бағыттары. Жыл соңына дейін Төлеби ауданының 4 елді мекені, Ордабасы ауданының 4 елді мекені, Бәйдібек ауданының 4 елді мекені қоғамдық көлікпен қамтамасыз етілетін болады. Жуырда Шымкент қаласының шалғай шағын аудандарында және жолаушылар ағыны төмен көшелерде тұратын тұрғындар қоғамдық көліктермен қамтамасыз етілетін болады», - деді М.Мырзабаев.

Жиында, мұнан бөлек, автобустарды жаңалау, оларды GPS құралдарымен жабдықтау, заңсыз жолаушылар тасымалына тосқауыл қою сынды түрлі бағыттардағы атқарылған жұмыстар да айтылды.

Соңғы жаңалықтар