Қазақстан • 22 Тамыз, 2017

Жаңашыл іске жанашыр көзқарас

384 рет
көрсетілді
8 мин
оқу үшін

Технологиялар мен техника барынша жетілген ХХІ ғасырда индустрияландыру ісінің кез келген қоғам өмірінде алар орны ерекше.

Жаңашыл іске жанашыр көзқарас

Егер осы мәселеге сәл тереңірек үңілер болсақ, индустрияландыру дегеніміздің өзі күрделі еңбек бөлінісі мен мамандану негізінде стандартталған өнімдердің  ірі машиналық өндірісін құрумен, оны ұйымдастыруда энергияның әр түрін пайдаланып, ғылым мен техниканы қолданумен сипатталатын өндіріс түрі. 

ХVІІІ ғасырдың соңы мен ХІХ ғасырдың басында өнеркәсіптік рево­люция барысында Англияда басталған индустрияландыру кейін келе өзге елдерге де ауыса бастады. Осылайша, зауыттар мен фаб­рикалар дүниеге келді. Олардағы еңбек жағдайы да өзгерді. Қол­мен атқарылатын жұмыстар бір­тіндеп механикаландырылуға көшті, ол үшін электр қуаты пайдаланылды. 

Тәуелсіздік алған жылдардан бас­тап Қазақстан да индустриялық-инновациялық даму жолын таңдады. Осы мақсаттарды жүзеге асыру үшін 2009 жылы 2010-2014 жылдарға арналған үдемелі индустриялық-инновациялық дамудың мемлекеттік бағдарламасы қабылданды. Осы бағ­дар­ламаны жүзеге асыру шең­берін­де «Бизнестің жол картасы-2020», «Өнім­ділік-2020» бағдар­ла­маларын қоса алғанда барлығы 40-тан астам түрлі бағдарламалар әзірленді. Олар­дың бә­рі де ел экономикасын әртарап­тан­ды­руға және оның бәсекеге қабілет­тілі­гін арттыруға бағытталған болатын.  
Осынау кең ауқымды бағдар­ла­ма­ның алғашқы бесжылдығын қоры­тын­дылай келіп, бірқатар сарапшылар оны жүзеге асыру барысында көп­теген проблемалы сәттердің орын алғанын көлденең тартқан болатын. Мәселен, бағдарламаның кейбір бағыттарының нақтыланбағандығы, инфрақұрылымдық жобалардың тым көптігі, бастапқы сатыда сапалы іріктеудің жүргізілмеуі негізгі олқылықтар ретінде атап көрсетілді.

Кейін 2014-2019 жылдарға арналған екінші бесжылдықтың бағдарламасын қабылдау барысында жоғарыда аталған кемшіліктер толық ескерілді. Дегенмен, бұл бағдарламаның бірінші жылының да әлемдік экономикада орын алған проб­лемалармен тұспа-тұс келгенін айта кету қажет. Соған қарамастан елдің индустриялық-инновациялық дамуын жүзеге асыруда жүйелі жұмыстар жүргізудің сәті түсті.

2015 жылы нақты да жүйелі іс-шараларды қолға алудың нәтижесінде 5 жылға арналған жоспар 98,7 пайызға орындалды. Арнайы экономикалық аймақтарға қатысушылар үшін преференциялар мен салықтық жеңіл­дік­тердің сақталуына кепілдіктер беріліп, қосымша электр қуаттарына қосы­лу процедуралары оңайлатылды, ауыл­ша­руа­шылық тауар­ларын өндірушілер ауыл­шаруашылық техникасын сатып алған жағдайда оларды субсидиялау тетіктері жетілдірілді.

2015 жылы МИИДБ іс-шараларын жүзеге асыруға жоспарланған 327,5 миллиард теңгенің іс жүзінде республикалық бюджет пен Ұлттық қор қаржылары есебінен ғана 135 миллиард теңгесі немесе қарастырылған соманың 41 пайызы бөлініп, жыл қорытындысында оның игерілуі 94,1 пайызды құрады.

«Іс тетігін кадр шешеді» дейтін ер­теден келе жатқан тәмсіл бар. Индус­трияландыру ісінің де білікті мамандарды талап ететіні түсінікті. Осы жайттарды ескере отырып, жоғары білікті кадр­лар даярлау үшін 11 жоғары оқу орны мен 10 колледж іріктеп алынып, әлемдік топ-рейтингтерге кіретін шетелдік әріптес ЖОО-лармен бірлесе отырып 25 білім беру бағдарламасы әзірленді.

Егер нақты цифрлар­ға кө­шер болсақ, Индуст­рия­­лан­­ды­ру картасы бойынша пай­­да­лануға берілуі тиіс ин­вес­­ти­циялар көлемі 3,8 три­л­ли­­он теңгені құрайтын 898 ны­­санның 2015 жылы 815 ми­л­лиард теңгені құрайтын 128 нысаны пайдалануға бе­ріл­­генін айта кеткен жөн. Осы ны­сандардың 80 пайызы 85 мың жұмыс орнын ашуға ар­нал­­ған жаңа өндірістік жобалар болып табылады. 

Өткен кезеңде барлығы 6,3 триллион теңгенің өнімі өндірілсе, 2016 жылдың 4 айында ғана бұл көрсеткіш 582,6 миллиард теңгені құрады. Елдің өңдеу өнеркәсібінің шамамен 17 пайызы Индус­трия­ландыру картасы жобларымен қамтылған. Со­ның арқасында 2015 жыл қо­ры­тындысында ішкі жалпы өнім өсім­інің үштен бірі карта жобалары есебінен жүзеге асты. 

Бүтіндей алғанда, Индус­трия­­ландыру картасы бойын­ша іске қосылған жобалар бұ­­рын-соңды Қазақстанда өн­­­ді­ріл­меген 500-ден астам жа­ңа өнім түрін шығарды. Олар­­дың қа­тарында жүк жә­не жо­­лаушы­лар вагондары, элек­­тро­во­з­дар, жүк және же­ңіл автомо­бильдер мен ав­то­бус­тар, трансформаторлар, рент­­ген аппараттары, жа­рық ди­­одты шамдар, титан құй­ма­лары мен дәрі-дәрмек, сүт өнім­­дері және басқалар бар.
Егер өткен 2016 жылға жал­­­пы сомасы 800 миллиард тең­­гені құрайтын және 14 мың жаңа жұмыс орнын ашу­­ды қарастыратын 120 жо­­ба жоспарланған болса, со­ның 30-ы алғашқы жар­ты­жыл­дық­та-ақ орындалды. 

Бүтіндей алғанда, индус­трияландыру бағдарламасы экономикада тұрақ­тан­дырушы рөл атқарды. Соның арқасында Қазақстан алғаш рет темір жол ло­ко­мотивтерін, мотор май­ын, ірі қара етін, рапс май­­ын, шыныдан жасалған бұй­­ымдарды, бағдаршамдар мен картридждерді, кілем мен ауылшаруашылық жаб­дық­тарын экспортқа шығара бас­тады.

Экономиканың шикізаттық емес секторындағы экспортқа бағдар ұстанған 1500-дей кә­сіп­­орын Экспортты қол­дау­­дың мем­лекеттік бағ­дар­ла­масымен қам­тылды. Бағ­дар­лама жұмыс істей бастаған 6 жыл ішінде әлемнің 40-тан ас­там елінде қазақстандық биз­нес 200-ге жуық сауда ми­с­-
сиясын жүргізіп, оларға 1 мыңнан астам қазақстандық тауар өндіруші қатысты.

Осындай қолдаудың нә­ти­жесінде ЕАЭО, ТМД, ЕО, Азия елдері мен Қытайға машина жасау, химия саласы, металлургия, азық-түлік және ауылшаруашылық өнімдері, құрылыс, жеңіл өнеркәсіп мате­риалдарын жеткізу жөнінен ша­мамен 1,7 миллиард АҚШ дол­ларына экспорттық келі­сім­шарттар жасалды. 

Сонымен бір мезгілде экс­порттаушылардың өз өнім­дерін сыртқы рыноктарға ілге­рі­лету барысында жұмсаған шы­ғын­дарының 50 пайызының орны толтырылғаны да отан­дық өндірісшілер үшін үлкен қол­дау болып табылды. Осы­лайша, 6 жыл ішінде 163 отан­дық экспорттаушының 1,2 мил­­лиард теңгені құрайтын шы­­­ғындары өздеріне қай­та­рылған. 

Тікелей шетел инвести­ция­­ларын тарту және инвес­ти­­циялық ахуалды жақсарту мақ­сатында да ауқымды жұ­мыс­­тар жүргізілуде. Бү­гінгі таң­­да Қазақстанның ши­кі­зат­тық емес секторына 29 транс­ұлт­тық компания тартылып отыр. Жұмыс істеп тұрған ко­мпаниялар 2015 жылдың өзін­де ғана 113 миллион доллар көлемінде екінші қайтара ин­вестициялар салған.

Әрине, қолға алынған жұ­мыстардың бұл айтыл­ған­дар­мен тоқтап қалмайтыны, ке­рісінше, одан әрі қарқын ала тү­сетіні айтпаса да түсінікті. Осы мақсаттар үшін мемлекет инновациялық-технологиялық да­муды белгілі бір міндеттерді ше­шу арқылы жетілдіруді межелеп отыр. Олар қандай мін­деттер?

Біріншіден, экономиканың қазіргі бар салалары жаң­ғыр­тылмақ. Екіншіден, эк­о­но­ми­каның қазақстандық жа­ңа сек­­торлары пайда бол­мақ. Үшін­шіден, төртінші өнер­кә­сіптік революцияға көшу үшін жағ­дайлар жасалмақ.  Осы мін­деттерге қол жеткізу үшін атал­мыш саладағы әлемдік ли­дерлерді қатыстыра отырып, салалық құзыреттілік ор­талықтары құрылатын болады.

Сөз соңында индустрияландыру бағдарламасына енген жобалардың уақтылы және толықтай жүзеге асуын қам­тамасыз ету тұрғысында олар­ға әрбір сала бойынша тұ­рақты түрде монитори­нг жүр­гізіліп отыратынын да ай­та кету керек. Осы кел­ті­ріл­ген азды-көпті мысал­дар­дың өзі-ақ елімізде соңғы жыл­дары жүзеге асырылып жат­қан жаңашылдық іске жанашырлық көзқарастың қаншалықты тыңғылықты екендігін айғақтай түсетін тәрізді.

Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ,

«Егемен Қазақстан»