Су спорты • 22 Тамыз, 2017

Жазғы Универсиада-2017: Дмитрий Баландин ел қоржынына үшінші медаль салды

468 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстандық жүзуші Жазғы Универсиададағы бірінші жарысын үшінші орынмен бастады. Брасс әдісімен 100 метр қашықтыққа жүзуден финалда ол жеңімпаздан сәл ғана қалыс қалып, 1 минут және жүзден 17 көрсеткішімен келді, деп жазады kaz.vesti.kz сайты.

Жазғы Универсиада-2017: Дмитрий Баландин ел қоржынына үшінші медаль салды

Бұл жарысты белорус Илья Шиманович жеңімпаз атанды - 1 минут 15 секунд. Мұндай нәтижені америкалық Эндрю Уилсон көрсеткен, сондықтан жарыс жеңімпазын анықтауға фотофиништің көмегі қажет болды.

Бүгін Баландин Олимпиадада алтын медаль жеңіп алған 200 метр қашықтыққа жүзуден жарысады.

Айта кетейік, өткен Универсиадада ол екі жүлде жеңіп алған еді: алтын медаль (брасс әдісімен 100 метр) және қола медаль (50 метр брасс әдісімен)

Еске салайық, Қазақстан құрамасының қоржынында бұған дейін бір алтын және бір қола медаль болатын. Ауыратлет Альберт Линдер 69 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Универсиаданың екі бірдей рекордын жаңартып, жеңімпаз атанған. Ал оның алдында зілтемірші Арли Чонтей қола медаль иеленген еді.