Туған жердің әрбір топырағы біз үшін өте қымбат — Назарбаев

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ішкі туризмді дамытудың пайдасын жайлы айтты. Бұл туралы Елбасы "Хабар" арнасына берген сұхбатында айтты.
Егемен Қазақстан
22.08.2017 1375

"Туған жерге, ауыл-ауылға немқұрайлы қарамау керек. Туған жердің әрбір топырағы, әрбір өсімдігі, әрбір құмырсқасы біз үшін өте қымбат. Отанды сүю - еліңді сүю дегеннен басталады. Осыған байланысты Қазақстанның киелі жерлері деп отырмыз. Парижге барсаң, Наполеонның жатқаны жерін көрсетеді, өзінің тарихын, Эйфель мұнарасын көрсетеді, ал Испанияға барсаң өзінің бұрынғы астанасын көрсетеді, тау-суларын көрсетеді. Сол сияқты әр елдің бір нысандары бар. Қазақстан да ешкімнен кем емес. Біздің де киелі жерлеріміз бар", - деді Қазақстан Президенті.

Сонымен қатар, Назарбаев елдің әр жеріндегі назар аударарлық мұраларымызды санамалап берді. 

Киелі жер дегенде ата-бабалардың моласын, мазарын айтудың қажеті жоқ. "Біздің қазақ оған да түсіп кетеді. Киелі жер деген қазақтың өзінің білетін жерлері, есінде сақтап, екінші сол тұратын ауданның, облыстың жерлері, үшінші, дүние жүзіне белгілі нысандар. Енді осыған келейік, біздің есімізге ә дегенде не түседі? Қожа Ахмет Яссауидің кесенесі түседі. Арыстан баб түседі. Батыс Қазақстанды айтсақ, мұражай сияқты болып жатқан даласы есімізге түседі. Атырауды айтсақ, баяғы Алтын Орданың Жайықтың бойында жатқан хандары есімізге түседі. Орталық Қазақстанды айтсақ, "Ұлытау", қазақтың хандары жиналған жері. Шығысқа барсақ, сақ заманынан бергі қазба құндылықтары дүние жүзіне белгілі болып келе жатыр. Оңтүстікке барсақ, алтын адамның шыққан жерлері... Сондай-сондай, дүние жүзіне көрсететін киелі жерлер бар, өзіміздің киелі жерлер бар. Олар не үшін керек? Ол ішкі туризмді алдыменен дамыту", - дейді Елбасы.

Назарбаев қазіргі кезде шетелге барып демалғысы келмейтінін айтты. Оның пікірінше, Бурабайға жетер әсем жер жоқ.

"Қазір кеңдік болғаннан кейін жер шарын шарқып, анда барамыз, мұнда барамыз, демалысқа анда да, мұнда да кетеміз. Бір қазақтан "Қазақстанның барлық жерін аралап шықтың ба" деп сұрап көрсең, ондай аз. Мысалы мен осы жылдардың ішінде Қазақстанның мен бармаған түкпірі жоқ деп мен айта аламын. 7500 ауылдың бәрінде болмаған шығармын. Ал 165 ауданың бәрінде болған шығармын. Мен дүниедегі адамдар демалатын жерлерді көріп шыққан адаммын. Келе жатқан ұрпаққа да, замандастарыма да айта аламын. Мен қазір ешқайда барғым келмейді демалысқа. Қазір Бурабайда отырмыз, мұндай керемет жерді еш жерде көрмейсің осы күні. Табиғаты сақталған, әдемі, жердің жәннаты сияқты. Көлі де бар, тауы да бар, суы да бар. Дәл осылай Шығыс Қазақстанға барсаң, адамның аяғы баспаған. Ертістің суының сексен пайызы өзіміздің өзендерден құрылатынын әркім біле бермейді. Сол өзендердің барлығы сарқырап, Ертіске құйылып жатыр, әр өзеннің барлығы керемет, Алатаудың баурайы өз алдына", - деді Назарбаев. 

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

14.08.2018

Дзюдошы қыздар үш жүлде алуды көздеуде

14.08.2018

Делдалшылар көмір бағасын қолдан жасап отыр

14.08.2018

Астанада «Сергек» камераларының көмегімен 2 мыңға жуық әкімшілік құқық бұзушылық анықталған

14.08.2018

Құқықтық талапты сақтаса шетел телеарналарына шектеу жоқ - Дәурен Абаев

14.08.2018

БҰҰ Бас хатшысы Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі туралы конвенцияға қол қоюын құптайды

14.08.2018

Қорытынды көрсеткіштер көңілге қонымды

14.08.2018

Қара жолдың қасиеті

14.08.2018

Бұқар жырау Қалқаманұлының 350 жылдығына арналған көрме-байқауы өтті

14.08.2018

Қажымұқан көтерген тас

14.08.2018

Арал аумағында атқарылар шаруа көп

14.08.2018

«Хрущевкалардан» құтылудың тиімді тетігі

14.08.2018

Оқулық шығаруда олқылықтарға жол берілмеуі қажет

14.08.2018

Байзақ батыр кесенесі

14.08.2018

Жеті айдың қорытындысы бойынша экономикалық өсім 4% құрады — ҚР ҰЭМ

14.08.2018

Ұлы Абайдың туған күні тұңғыш рет Ташкентте тойланды

14.08.2018

Шәкәрімнің үш анығы

14.08.2018

Қолма-қол ақшасыз есеп айырысулар саны өсуде

14.08.2018

Цифрлы қаржы: тез, арзан, тиімді

14.08.2018

Дулат Исабековтің кітапханасы ашылды

14.08.2018

Бекболат Әдетов шыққан белестер

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ, «Егемен Қазақстан»

«Арбамен қоянға жетер» күн қайда?

1998 жылы Kodak фирмасында 170 мың адам жұмыс істеген екен және әлем бойынша саудаланған фотоқағаздың 85 проценті дәл осы фирманың үлесіне тиген. Небәрі бірнеше жылдың ішінде олардың бизнес-моделі жойылып, фирма банкрот болған. Бұл нені білдіреді?

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Аграрлық саладағы болашақ мамандықтар

Сарапшылардың болжамдарына қарағанда, әлемдік аграрлық салада 15-20 жылдың ішінде революциялық өз­герістер жүзеге асырылады. Жаңа тех­нологиялардың шапшаң қарқынмен дамуы, ғарыш кеңістігін игеруге көптеген елдердің құлшыныс танытуы, гендік инженерия ықпалының күшеюі, азық-түлікке сұраныстың артуы, бос жатқан жерлердің азаюы секілді факторлар әлем бойынша жаңа технологиялармен қаруланған жаңа тұрпатты ауыл ша­руашылығын қалыптастырады. Сөйтіп ауыл шаруашылығы өзгерістерге барынша баяу бейімделетін ең консервативті сала деген бұрынғы түсініктің көбесі сөгіледі.

Әлисұлтан ҚҰЛАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Бесінші саммит және Каспий «бестігі»

Кеше Ақтау қаласында Каспий маңы мем­лекеттері басшыларының Бесінші саммиті өтті. Аса маңызды халықаралық жиынға Қазақ­станның, Ресейдің, Әзербайжанның, Иранның және Түрікменстанның президенттері қатыс­ты. Тараптар Каспий теңізінің құқықтық мәрте­бесі, теңізде экономика, көлік-транзит, эколо­гия, қауіпсіздік және басқа да салалар бойын­ша ынтымақтастық орнату мәселелерін талқылады. 

Қорғанбек АМАНЖОЛ, «Егемен Қазақстан»

Шалдың баласы

Қазақ менталитетінің өзіне тән тағы бір ерекшелігін айқындап, бекзат болмысын ажарлап әмбе сақтап келе жатқан әдет-ғұрыптарының бірі отбасындағы үлкен баланы, әсіресе ұлдың тұңғышын ата-әжесінің бауырына салу дер едік. Ол атасының баласы болып өседі. Шалдың баласы құдайдың еркесі, оны ешкім бетінен қақпайды. 

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

Халық санының артуы – елге құт

Халық санының артуы Қазақстан сияқты жер көлемі үлкен, халық саны аз мем­лекеттерге ежелден маңызды мәселе­лердің бірі болып келеді. 

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу