Қазақстан • 22 Тамыз, 2017

Ақтөбедегі жағымсыз иістің себебі неде?

284 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Соңғы кездері Ақтөбе қаласы­ның тұр­ғындары ауада жағымсыз бір иістің пайда болғанын айтып жүр.

Оның түп-төркіні бірінші ке­зек­те «Максимус» ЖШС се­кіл­­ді облыс орталығындағы ле­кор-арақ өнімдерін шығаратын кә­­сіп­орындардың қызме­тіне қатыс­ты туындап отыр. Алғашқы ба­қылаулар мен тексерулер қала­ның кәріз жүйесіне төгілетін спирт өн­ді­рісінің қалдықтары осындай теріс құбылыстың орын алуына не­гіз қалайтыны белгілі болды. Оны облыс­тың бас экологы Жақ­сығали Иман­құлов та жоққа шығармайды. Яғ­ни техникалық тілде «фугат» деп атау тағылған сұйық қалдық та­зартылмаған қалпында кәріз жү­йесі суларымен араласып кеткені жөнінде де нақты байламдар бар. 

Зауыт басшылары оны жою мақ­­сатында алдын ала қай­­на­­ты­лып, бу­лан­дырылатын француз­дық жүйе пайдаланыла бас­та­ға­нын айтып берді. Олардың мәлімдеуінше, мұн­дай жағдайда спирт өндірісі қалдықтарының мөл­шері әжептәуір азаяды екен. Келесі кезекте оның қалған бөлі­гін­дегі зиянды заттарды залалсыз­дандыру үшін арнайы препараттар қолданылмақ. Бұл кезде қал­­­дық арнайы жабық орында тұн­дырылады. Тек содан кейін ға­на кәріз жүйесіне жіберіледі дей­ді олар. Мұндай тазартудан кейін фугат экологияға зиянды әсерін ти­гізбейтін көрінеді. Бүгінгі күні қа­лалық кәріз жүйесіне төгілетін қалдықтардан сынама алу жұ­мыстарын жүргізу белгіленген, ал­дағы уақытта мұндай тексерулер «Ақбұлақ» АҚ арқылы әр 10 күн сайын жүргізіліп, сарап­тау қорытындылары жарияланып тұрмақ. Мұндай тәртіп Ақтөбе қаласындағы спирт өнді­рі­сімен айналысатын барлық кә­сіпорындарға ортақ болып табылады.

Темір ҚҰСАЙЫН,

«Егемен Қазақстан»
 
АҚТӨБЕ