Қазақстан • 22 Тамыз, 2017

Жапония елшісі «Егемен Қазақстанға» алғысын білдірді

369 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жапонияның Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Итиро Кавабата «Егемен Қазақстан» республикалық газетінінің төрағасы Дархан Қыдырәліге алғыс хат жолдады.

Жапония елшісі «Егемен Қазақстанға» алғысын білдірді

Жапония елшісі бас басылымның төрағасын «Алтын Жебе» фестивалі аясында Орталық Азияда тұңғыш рет өткен Ябусамэ көрсетіліміне ақпараттық қолдау ұйымдастырғаны үшін алғысын білдірді.

- Газет бетінде жарияланған мақалалар арқылы қазақстандықтар жапониялық садақшылар мен жылқышылар туралы білді. Бұл өз кезегінде Қазақстан мен Жапония мәдениеттерінің бір-бірінің елдерінде етек жая таралуына ықпалын тигізеді, - делінген хабарламада. 

Итиро Кавабата редакция ұжымына табыс тілеп, орнаған ынтымақтастық әрі қарай жалғасын табуына ниет білдірді

Соңғы жаңалықтар