Қысқы спорт • 22 Тамыз, 2017

Элизабет Тұрсынбаева Канаданың клубтық турнирінде топ жарды

385 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Элизабет Тұрсынбаева маусымды сәтті бастады, деп хабарлайды Ұлттық коньки спорты федерациясы.

Элизабет Тұрсынбаева Канаданың клубтық турнирінде топ жарды

Өткен демалыс күндері Канаданың Онтарио қаласында мәнерлеп сырғанау спортынан елдердің спорт клубтарының жарыстары аяқталды.

Ерікті және қысқа бағдарлама бойынша, қазақстандық спортшы Элизабет Тұрсынбаева жарыс кестесінде жоғарылай түсті.

Баршаға мәлім - Элизабет 2013 жылдан бері атағы жер жарып тұрған канадалық мәнерлеп сырғанаушы Брайан Орсердің тәрбиесін алып жүр. Алайда Қазақстан атынан өнер көрсетеді.

Элизабеттің әкесі Байтақ Тұрсынбаевтың айтуынша, осы жолғы турнирде Канаданың ең мықты деген мәнерлеп сырғанаушылары өнер көрсеткен. Лиза Toronto CS&CC клубында өнер көрсетті. Қысқа бағдарламада ол 59,00 ұпай, ал ерікті бағдарламада 106,22 ұпай жинады.

Қорытынды 165,30 ұпай қазақстандық спортшыға өзінің барлық қарсыластарының алдына шығуға мүмкіндік берді. Екінші орында Аманда Тобин (152,95), үшінші орында Эми ДЭСЭЛЬ (151,97).