Қазақстан • 22 Тамыз, 2017

Елордада ұсақ құқықбұзушылықтар саны төмендеп жатыр

332 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ағымдағы жылдың 7 айында Астанада ұсақ құқықбұзушылықтардың өткен жылмен салыстырғанда 8 пайызға төмендеуі байқалуда, деп хабарлады елордалық әкімдік медиа орталығының тілшісіне Астана жергілікті полиция қызметінің басшысы Бақытжан Малыбаев.

Елордада ұсақ құқықбұзушылықтар саны төмендеп жатыр

«Нөлдік төзімділік» принципі ұсақ құқықбұзушылықтарға да қолданылады. Бұл ұсақ құқықбұзушылықтардың үлкен әрі ірі қылмыстарға ұласып кетпеуі үшін жасалып отырған қадам, - деді Бақытжан Малыбаев.

Биыл қоғамдық тәртіп желісі бойынша 67 383 хаттама рәсімделді. Бұл ұсақ бұзақылық, алкоголь өнімдерін ішу және қоғамдық тәртіпті мас күйінде бұзу, абаттандыру ережелерін және тыныштықты бұзу сынды бұзушылықтарға қатысты.

Жыл басынан 7 ай ішінде Астанада қоғамдық орындарда орын алған 47 460 бұзушылық тіркелді. Бұл өткен жылдың сол кезеңімен салыстырғанда 4 101 оқиғаға төмен.

Ағымдағы жылдың басынан «нөлдік төзімділік» принципін іске асыру аясында елордада 162 құқықбұзушы әкімшілік қамауға алынды.

Қала тұрғындары мен қонақтары заңның бұзушылықтары жөнінде келесі нөмірлерге хабарласа алады: 102, 1402.

Сондай-ақ Астана қ. жергілікті полиция қызметінің басшысы Бақытжан Малыбаевқа 8-701-999-10-10 нөмірі бойыншахабарласуға болады.