Күрес • 22 Тамыз, 2017

Грек-рим күресінің палуаны Айнағұлов ширек финалда

515 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Францияның Париж қаласында күрес түрлерінен өтіп жатқан әлем чемпионатының екінші күні грек-рим күресінен 59 келі салмақта сынға түсіп жатқан балуанымыз Мейрамбек Айнағұлов ширек финалға шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Грек-рим күресінің палуаны Айнағұлов ширек финалда

Ол қарсыласын бар болғаны 29 секундта 8:0 есебімен ұтып ширек финалға жолдама алды. Сондай-ақ, отандасымыз осы әлем біріншілігіндегі қарсыласын ең жылдам ұтқан балуандардың бірі атанды.

Естеріңізге сала кетейік, кеше әлем біріншілігінің алғашқы күні күрестің осы түрінен 71 келі салмақтағы балуанымыз Демеу Жадыраев күміс жүлдені жеңіп алып, Қазақстан қоржынына алғашқы жүлдені сыйлаған болатын. Ол финалда неміс балуанына 8:3 есебімен ұтылып қалды.