Қазақстан • 22 Тамыз, 2017

Көне жәдігерлер көмбесі

9446 рет
көрсетілді
16 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы «Болашаққа бағ­дар: рухани жаңғыру» мақаласында «біз қай­та түлеудің айырықша маңызды екі про­цесін – саяси реформа мен эко­но­ми­калық жаңғыруды қолға алдық. Біз­дің мақсатымыз айқын, ол әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына қосылу» де­ген болатын.

Көне жәдігерлер көмбесі

Әрине, отыз елдің қатарына қосылу де­­ген тек экономикалық көр­сет­кіш­тер­дің мықтылығынан болмайды. Әлем­де байлығы басынан асып, «сен же, мен же» болып, ауызынан ақ май ақ­та­рылып отырған мемлекеттер бар. Бі­рақ, көпшілігі байлық қуалаймыз деп жүріп өз ұлтының болмыс бітімін, бет пер­де­сін мүлде жоғалтып, рухани құн­ды­лық­тарын бағалай білмегендіктен іштей азып тозудың алдында тұр. Ұлттық иде­ал, адамгершілік азғындаған бұл елдер­де жиі­ркенішті әрекеттерге барып жат­қан­ды­ғын әлеуметтік желіні ақтарып қал­са­ңыз «біз осындаймыз» деп алдымыздан шыға келеді.
Алдында Қожа Ахмет Ясауи мен абыз Абайы бар қазақ қоғамы бұл ін­деттен сау болғанымен жаман дағды, ерсі әрекет, харам әдет тез жұққыш ке­леді. Сондықтан, Елбасының «Егер жаң­ғы­ру елдің ұлттық-рухани тамырынан нәр алмаса, ол адасуға бастайды» деген ойы Қазақстанның ертеңіне алаңдаған әр­бір азаматтың көкейінде болуы керек.

«Біз ХХІ ғасырдың жаһандық карта­сын­­да ешкімге ұқсамайтын, дербес орны бар ұлт боламыз десек, «Жаһандағы заманауи қазақстандық мәдениет» жобасын іске асыруға тиіспіз. Әлем бізді қара ал­тынмен немесе сыртқы саясаттағы ірі бас­тамаларымызбен ғана емес, мә­дени же­тістіктерімізбен де тануы керек» деген Мемлекет басшысының ма­қа­ла­сын­дағы көтерілген тапсырмаларды ұлыс­тың ұйытқысы саналатын Оңтүстік Қазақстан облысы ойдағыдай орындап келеді. Облыс басшысы Жансейіт Түй­ме­баев Елбасының тапсырмасына сәй­кес жасалуға тиіс жұмыстарды жүйе­леп, атқарылуы қажет  уақытын бел­гі­ле­ген болатын.

Біз өз тарапымыздан Мемлекет басшысы тапсырған жұмыстардың облыс­та қалай орындалып жатқандығын сараптап көрдік. Алдын ала озып айтсақ, көңіл тоғайтар іс бар. Мәселен, «Рухани жаңғыру» бағдарламасының қоғамның санасын жетілдірудің 6 бағытын жүзеге асыру аясында облыста 428 түрлі жос­парлы іс-шаралар жүргізілді. 95 жоба жүзеге асырылып жатыр.

Алты арнайы бағытты талдар болсақ, «Қазақ әліпбиінің латын қарпіне көшуі», «Жа­ңа гуманитарлық білім. Қазақ ті­лін­дегі 100 жаңа оқулық», «Туған жер», «Қазақстанның киелі жерлері», «Қазақ­стандағы 100 жаңа есім», «Қазіргі за­ман­ғы қазақстандық мәдениет жаһандық әлемде» болып бөлінеді.
Жобаларды жүзеге асыруға 2022 жыл­ға дейін бюджеттен 16,2 млрд тең­гені бөлу жоспарланып отыр. Мем­ле­кеттік бюджет қорынан басқа де­меу­ші­л­ердің де көмегі бар. Түрлі мем­ле­кеттік лау­азымдарда, кәсіпкерлер, мәдениет жә­не өнер қайраткерлері болып жұмыс іс­тейтін облыстың атақты тумаларының қа­тысуымен «Туған жерді түлету – пер­зент­тік парыз» атты іс-шараны өткізіп, оның барысында 296 өңірлік жобаны жүзеге асыруға 3,9 млрд теңгені бөлу туралы шешім қабылданды.

Облыста өңірлік Жобалық кеңсе жә­не Сараптамалық кеңес құрылған. Жо­ба­л­ық кеңсе құрамынан 5 мемлекеттік ор­ганның және мемлекеттік мекеменің қыз­меткері шығарылып, олардың орны­на тәуелсіз сарапшылар, ғалымдар үкі­меттік емес ұйымдар мен институтта­р­­­-
да жұмыс атқарып жүрген мамандар ен­гізілді. 

Мемлекет басшысының қойған мін­дет­тер мен тапсырмаларды жүзеге асыру ая­сында өңірді ерекшелейтін екі жоба жұмыс жасап жатыр. 
Олардың біріншісі: «Түркістан – Түр­кі әлемінің мәдени астанасы» жобасы. 

Ағымдағы жылдың басында Түркіс­тан – Түркі әлемінің мәдени астанасы бо­лып ресми түрде жарияланды.

Осыған байланысты, жобаны сал­та­натты ашу барысында 22 түркі тіл­дес елдің өкілдері 35 киіз үйден жасалған этноауылда қазақ халқының салт-дәстүрлерімен, мәдениетімен таныс­тырылды. «Наурызнама» іс-ша­ра­сы аясында Есім хан атындағы ор­талық алаңда түркі халықтарының мә­дениеті мен дәстүрлерінің театрлық кө­рінісі өтті. Түркітілдес елдердің туроператорларының, блогерлері мен БАҚ өкілдерінің пресс-турлары ұйым­дас­тырылды. Түркі әлемінің «Алтын са­қа» атты анимациялық фильмдерінің фес­тивалі өтті. 2017 жылғы сәуір айында ТҮРКСОЙ фотосуретшілерінің XIV және суретшілерінің ХХ кездесуі өтті, олардың нәтижесі бойынша шы­ғар­машылық еңбектердің көрмелері ұйымдастырылды. Түркі әлемі елдерінің өкілдерінің ха­лықаралық медиафорумы кең талқыға са­лынған оқиға болды.

Аталған жоба қоғамдық сананы жаң­ғырту жөнінде маңызды рөл атқа­ра­ды. Себебі қойылған мақсаттардың са­лыс­т­ырмалы талдауын әлемдік үрдістер мен трендтердің деңгейіне ке­ңейтеді.

Ағымдағы жылдың аяғына дейін 42 түрлі шараларды өткізу жоспарлануда. Олардың контенті және ерекшелігі оңтүстікқазақстандықтардың Түркі және басқа әлемнің елдері мен халықтарына қо­ғамдық сананы жетілдірудің қазақ­стан­дық тәжірибесінің нәтижелерін са­лыс­тыруға және экстраполяциялауға мүм­кіндігі болады.

Екінші маңызды жоба бұл Оңтүстік Қазақстан облысының креативті кино жо­баларының циклі.
Облыстың маңызды қасиетті орындары мен археологиялық ескерткіштері туралы кинофильмдерді жасау бойынша деректі, көркем және анимациялық үш бағытта жұмыс жүргізіліп жатыр. 

Бүгінде Оңтүстік Қазақстан облы­сы­ның 8 ортағасырлық ескерткіштері ту­ралы деректі фильмдер түсіріліп жатыр. Олар Сауран, Түркістан, Сидак, Қарас­пан, Жуантөбе, Күлтөбе ескі қа­ла­шықтары, Отырар жазирасының ес­кер­т­кіштері, Бөржар қорғаны.

Ағымдағы жылдың аяғында Шым­кент­те «Ежелгі Жетіген құпиялары» ат­т­ы 13 сериялық тарихи-танымдық фи­льмнің және «Қажымұкан», «Отырар қор­ғанысы», «Киелі Қазығұрт» ани­мациялық фильмдердің тұсаукесері өт­кізіледі. Түсірілімдер мен өнімдер Қа­­зақстанда ғана емес, шет елдерде де ұлттық мәдениетті насихаттай­тын, со­нымен қатар халықаралық сый­лық­тар­мен марапатталған «САҚ» және «Оң­түс­тікфильм» киностудиялары айналысып жатқанын атап өткіміз келеді. Кең ха­лықаралық таным алған «Қазақ елі» фи­льмін дәл осы «САҚ» киностудиясы түсірген болатын.
Оңтүстікте 800-ден аса тарихи-мә­де­ни ескерткіш бар. Облыстың бар­лық аудандары мен қалаларында 1, 2 және 3 күндік туристік бағыттар құ­рыл­ды. Оларға 84 тарихи-мәдени және та­биғи ны­сандар қосылған. Атап айтсақ, ту­рис­тік бағыттардың негізгі нысандары бол­ып Арыстан баб кесенесі, Қожа Ахмет Ясауи жә­не Әзірет Сұлтан кешені, Бәйдібек ата және Домалақ ана кесенелері, «Отырар», «Сауран» қалашықтары, «Сайрам - Өгем» Мемлекеттік ұлттық табиғи саябағы, «Ақ мешіт» үңгірі және басқалары белгіленген. 

Облыстың туристік саласын дамытуды ынталандыру мақсатында «Шырайлы Шымкент – 2017» жәрмеңкесі, «Этно­ауыл» көрмесі өткізілді. Өңіріміздің қа­сиетті орындарына 16 мың оқу­шы­лар мен студенттердің саяхаты ұйым­дас­тырылды. «Көне Түркістан» жобасы әзір­ленді. Оның негізгі мақсаты қазақ ұлт­тық мәдениетін көпшілікке тарату жә­не әлемдік мәдени мұраны сақтау бо­лып келеді. 

Бұл бүгінге дейінгі қол жеткізген жобалар. Елбасының барлық қазақстандықтар үшін өзекті мақаласындағы көтерілген мәселелердің келесі кезеңде қандай жұ­мыс­тары қолға алынады?

Біз осы сауалды облыс әкіміне қой­ған едік.

– Қазақстан Республикасының Пре­зи­денті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев мем­лекетіміздің алдына әлемдегі озық дамыған 30 елдің қатарына кіру мәселесін қойып отыр. Ол орындалмайтын мақсат емес. Қазір диқанның кетпеніне қараған күн қалған. Елімізге озық технология­лар келіп, еңбек өнімділігі еселеніп жа­тыр, – деді Жансейіт Қансейітұлы. – Бі­рақ, экономикалық дамудың жетегінде қа­лып кетуге болмайды. Елбасының «Бо­лашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы барлық азаматтарымыздың көкейінде жүрген ойды дөп басты. Мемлекет басшысы тапсырма берді ме, ол орындалу керек. Рухани жаңғыру аясында алдағы уақыттарда атқарылатын жұмыстарды саралар болсақ, жұмыс көп. Ғалымдар көне Шымкент шаһарына екі мың жыл деген дерек айтуда. Әр түрлі кезеңдерде сол ескі шаһар маңайы жеке адам­дарға беріліп, құрылыс алаңына айналып кеткен екен. Осы мәселеге тоқтау салып, базар басшыларына басқа жер ұсындық. 

Маңызды жобалар жоспарланып отыр. Анықтап айтар болсақ: 

– Шымкент ескі қалашығының аума­ғын­да Ашықаспан астындағы мұражай са­лынады. 

– Әбу Насыр әл-Фараби туылған Оқсыз ескі қалашығын, сонымен қатар Абылай хан ордасы болған Ханқорған ескі қалашығын халық жадында қайта еске түсуіне ерекше көңіл бөлініп жатыр.

– Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне отандық және шетел туристерінің үлкен ағымына байланысты және ежелгі тарихты визуализациялау үшін кесенеде көмбеленген тарихи тұлғалардың бюстерін қоюды жоспарлап отырмыз.

– Сонымен қатар ежелгі Отырар мен Арыстан баб кесенесін байланыстыратын жолдың құрылысы жоспарлануда. Оны біз ұлттық қолөнершілеріміздің тұ­­рақты қолданыстағы шеберханасы ре­тін­де безендіруді межелеудеміз.

– Ғалым-шығыстанушы Әбсаттар Дер­бісәлі тарапынан Түркия және Та­яу Шығыстың басқа елдерінің кітап­ха­наларында еңбектері бар, біздің ұлы бабаларымыздың – әл-Фарабидің – 30, Сай­рамидің – 3, Ясауидің 5 еңбектерінің библиографиясы дайындалды.

– Өткенде Шардарадағы іс-сапар барысындағы кездесуде барлық қазақ бірігіп жоңғардың белін сындырған Ордабасы биігі туралы жақсы ой айтқан едіңіз?

– Қазақтың барлық жері қасиетті. Өзі­ңіз де олимпия ойындары және ха­лық­аралық жарыстарға барғанда әр мем­ле­кеттегі ерекше ескерткіштерді көрген бо­ларсыз. Менің ұғымымда Ордабасы би­ігі тек Оңтүстік жұрты үшін ғана емес барша қазақстандықтар үшін ерекше маңызға ие. Жерімізге тұтқиылдан тап қойып, аздаған жылдарда қамсыз отыр­ған қазақты «Ақтабан шұбырынды, алқакөл сұламаға» ұшыратқан жоңғар қолы қазақтың сол кездегі астанасы Түркістанға дейін жаулап алып қой­ды. Алаштың маңдайына біткен ұлы тұлғалар жатқан Түркістанды жау­ға беріп қою қазақ үшін үлкен қа­сірет болғаны анық. Сол кезде қа­зақ­т­ың атақ­ты үш биі Төле би, Қазда­у­ысты Қа­­з­ыбек және Әйтеке бидің ұй­ым­дас­ты­руымен үш жүздің басы осы Ор­дабасы биігінде қо­сылды.

Мұның аяғы қазақты кем жұртқа санаған, айбыны асып, ойындағысын жасаған қалмақтардың қан-жоса болып қырылып, аңырап қашқан «Аңырақай», «Қалмақ қырылған» шайқасына ұласты. Ұлы қазақ сахарасын жоңғардан тазарту Ордабасы биігінен басталды. Тәу­ел­сіздіктің алғашқы жылдары осы би­і­кте туысқан үш мемлекеттің пре­зи­денттері бас қосып, елдің ертеңі нұр­лы болуы жағдайында келелі басқосу өткізді.

Сондықтан, Ордабасы биігі – қазақ үшін ұлық, ерекше орын. Ордабасы биігінде барлық қазақстандықтарға ор­тақ тарихи ескерткіш бой көтереді. Оны алдағы уақытта көрерсіздер.

«Мемлекет пен ұлт құрыштан құй­ылып, қатып қалған дүние емес, үнемі да­мып отыратын тірі ағза іспетті. Ол өмір сү­ру үшін заман ағымына саналы түрде бейі­мделуге қабілетті болуы керек. Жаңа жаһандық үрдістер ешкімнен сұрамай, есік қақпастан бірден төрге озды. Сон­дық­тан, заманға сәйкес жаңғыру міндеті бар­лық мемлекеттердің алдында тұр. Сы­наптай сырғыған уақыт ешкімді кү­тіп тұрмайды, жаңғыру да тарихтың өзі сияқты жалғаса беретін процесс. Екі дәуір түйіскен өліара шақта Қазақстанға түбегейлі жаңғыру және жаңа идеялар арқылы болашағын баянды ете түсудің теңдессіз тарихи мүмкіндігі беріліп отыр. Мен барша қазақстандықтар, әсіресе, жас ұрпақ жаңғыру жөніндегі осынау ұсыныстардың маңызын терең түсінеді деп сенемін. Жаңа жағдайда жаңғыруға деген ішкі ұмтылыс – біздің дамуымыздың ең басты қағидасы. Өмір сүру үшін өзгере білу керек. Оған көн­бе­гендер тарихтың шаңына көміліп қа­ла береді», деді Мемлекет басшысы өз мақаласында.

Елбасы мақаласы – рухани жаң­ғы­рудың жарқын жолы. Осы ма­ңыз­ды мақалада заманға сәйкес жаңғыру, оның ішінде рухани жаңғыру мәселесі жан-жақты талданып, таяу жылдарға ау­қымды міндеттер қойылып отыр. Осы орайда облысымызда мақаланың ба­­сым бағыттарын ілгерілету, насихат­тау мақсатында арнайы спикерлер топ­т­ары жасақталып, БАҚ арқылы қыз­у қолдау шаралары атқарылуда, әлеу­меттік желілерде пікірлер жа­риялануда. Халықты бірлікке, ын­тымаққа, тату­лық­қа шақыратын және ұлттық құн­ды­лықтарды, салт-дәстүрді дәріптеу мақ­сатында жүйелі жұмыстар жалғаса береді.

Кез келген бағдарламаның тиім­ді­лі­гінің бағалануы жүргізілген іс-шаралар са­ны мен есептер бойынша ғана емес, сон­дай-ақ, жүзеге асырылып жатқан жұ­мыстарға жергілікті тұрғындардың қол­дауы мен оң көзқарасы арқылы көрінеді. 

Біздің социологиялық сауал­на­ма­мыз­­дың нәтижелері «Рухани жаң­ғы­ру» бағ­дарламасының мақсаттары мен мін­дет­терін халықтың оң қабылдайтынын көр­сетеді. Облысымыздың тұрғындары жергілікті қоғамдастықтар деңгейінде бағ­дарлама жобаларын жүзеге асыруға бел­­сенді және ең басты - қы­зы­ғу­шы­лық­пен қатысуда.

Жақында Созақ ауданының тұр­ғын­дары XII ғасырдағы екі тас мүсінін тау­ып, музейге тапсырды. Отырар ау­да­­нында жеке кәсіпкер өз қаржысы есебінен «Алаш» этноауылын салды. Оған қазақстандықтар ғана емес, АҚШ, Польша, Франция, Германия, Түркия ту­ристері де келіп жатыр. Осындай этно ауыл жобасы Шымкент қаласында да же­ке кәсіпкер тарапынан жүзеге асыры­лады.
Елбасы Оңтүстікке келген сапарында зи­ялы қауыммен кездескенде:

«Оңтүстік Қазақстан – қазақылықтың қаймағы бұзылмаған өлке. Бұл – абыздар мен әулиелердің қасиеті дарыған, Қожа Ахмет Яссауи мен әл-Фарабидің ізі қалған, көне мәдени мұраға бай киелі жер. Қазір бұл өңірде бүкіл ел халқының 16 пайызы тұрады», – деді.
Қазақстан Президенті оңтүстік өңір­дің тарихын тұтас Қазақстанның тарихы деу­ге болатынын атап өтті.

– Оңтүстік Қазақстан облысының өзін­­д­е 800-ден астам тарихи-мәде­ни ес­керткіш бар. Әлемге әйгілі жә­ді­­гер­ле­ріміздің көпшілігі осында. Түр­кіс­тан, Отырар, Сайрам, Сауран қала­ла­ры, Қожа Ахмет Ясауи, Арыстан баб кесенелері – біздің мақтанышымыз. Осындағы әрбір төбе мен қырқаның, өзен мен көлдің аттары – тұнып тұрған тарих. Мәртөбе, Күлтөбе және Ордабасы – халқымыздың сақталуына әсер еткен қазақтың бірлігі мен тұтастығының қасиетті символы. Біз осының бәрін ұрпақтың санасына сіңіруіміз керек. Жастарды патриотизмге, отаншылдыққа, туған жерді сүюге баулу қажет, – деді Мемлекет басшысы. Өңірде Елбасының тапсырмасы кезең-кезеңімен орындалып жатыр.

Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы бойынша Оңтүстікте атқарылып жатқан жұмыстардың бірпарасы осы.

Бақтияр ТАЙЖАН,

«Егемен Қазақстан»

Оңтүстік Қазақстан облысы