Футбол • 23 Тамыз, 2017

Бренден Роджерс: «Астана» камбэк жасауға сәл қалды

228 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

«Селтик» командасының бас  бапкері Бренден Роджерс «Астанаға» қарсы матчтан кейін кездесу жайлы өз ойын білдірді

Бренден Роджерс: «Астана» камбэк жасауға сәл қалды

- Біз ойынды жақсы бастадық. Допқа көбірек  иелік етіп, матчты өз бақылауымызда ұстадық. «Астана» алғашқы ойында ірі есеппен жеңілгеніне қарамастан соңына дейін күресті. Құрметке лайық команда. Бірінші голды абайсызда жіберіп алдық. Есеп теңескеннен кейін ойыншыларым өздерін еркін ұстай бастады. Матч 4:1 болған шақта жағдайымыз қиындай түсті. Бірақ екінші голды салғаннан кейін өзімізді жайлы сезіне бастадық.

- Матчтағы ең айтулы сәт деп қай кезді айтар едіңіз?

- Біздің екінші голды салған сәтіміз дер едім. Екінші голдан кейін ойын мүлдем басқа бағытта өрбіді. Қысымнан да құтылдық. Үшінші голдан кейін бәрі өз орнына түскеннен  көп күттірмеді. Бейне бір камбэк жасайтындай көрінді.

– Алғашқы ойынға қарағанда «Астана» сіздерді таң қалдырды ма? Төртінші гол соғылғаннан кейін қорқыныш болмады ма?

- Бірінші ойындағы есептен кейін бізде сенімділік бар еді. Бірақ «Астананың» ойыншылары үлкен үмітпен шыққаны көрініп тұрды. Екінші таймның жиырма минуты бізге өте ауыр болды.

- «Астана» Еуропа лигасында қандай деңгейде өнер көрсетеді деп ойлайсыз?

- Еуропа лигасында да «Милан», «Саутгемптон» секілді үздік командалар бар. «Астана» осындай ойынымен біраз жерге баратыны анық. Себебі, өз алаңында олардан ұпай алу мүмкін емес десем де болады. «Астанаға» тек сәттілік  тілеймін.

- Чемпиондар лигасына жолдама алдыңыздар. Бұл «Селтикке» қаншалықты пайдасын тигізеді  деп ойлайсыз?

- Чемпиондар лигасы Еуропаның ең басты турнирі ғана емес. Сонымен қатар, елдегі футболды дамытудың бірден бір жолы. Мұнда жерде тек үздіктер ғана өнер көрсетеді. Бұл өз кезегінде команданың деңгейін арттыруына септігін тигізері анық.

- Коутиньонмен біраз уақыт жұмыс істедіңіз? Оған «Барселонаның» ұсынып отырған 150 млн еуроға лайық деп ойлайсыз ба?

- «Ливерпуль» үздік командалардың бірі. Ал Коутиньо өте талантты ойыншы. Сондықтан оны «Ливерпульде» қалады деп үміттенемін.

Айта кетейік, Чемпиондар лигасының  плей-офф кезеңінің  жауапты ойынында «Астана» өз алаңында Шотландияның «Селтик» командасын қабылдап, 4:3 есебімен жеңіске жетті. Алайда, қос матчтың қорытындысы бойынша шотландиялық ұжым Чемпиондар лигасының топтық кезеңіне жолдама алды. Глазгода өткен ойында елордалықтар 0:5 болып есе жіберген болатын.

Аян ӘБДУӘЛИ,
«Егемен Қазақстан»