Парламент • 23 Тамыз, 2017

Парламент депутаты Ақтоғай және Ертіс аудандарында болды

292 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Парламент Сенатының депутаты Манап Көбенов Павлодар облысындағы Ақтоғай және Ертіс аудандарында жұмыс бабындағы сапармен болды.

Парламент депутаты Ақтоғай және Ертіс аудандарында болды

М.Көбенов аудан орталығы Ақтоғай ауылында өндіріс нысандарын аралап, «Ақтоғай-Агро» фирмасының суармалы жерлер мен егіс алқаптарында болды. Ақтоғай ауданының әкімі А.Әміринмен кездесу барысында аймақтың әлеуметтік-экономикалық даму мәселелерін талқылады. 

Сенатор Ақтоғай ауылдық окру­гінің Приреченск ауылында және Разумов ауылдық округінің Ан­дрияновка ауылында болып, әкімдік қызметкерлерімен, ауылдық округтерден сайланған депутаттармен және жұртшылықпен кездесті. Осы елді мекендерді сумен қамтамасыз ету және жылдың барлық мезгілінде сумен қамтамасыз ете алатын су құбы­рының құрылысы туралы мәселелер талқыланды. 

Ауыл тұрғындары сумен қамта­масыз ету жөніндегі атқарылып жатқан жұмыстарға ризашылық білдірді. 

Сенатор Ертіс ауданының Пан­фи­лов ауылдық округін аралау барысында тұрғын үйлерге су құбырын жүргізу, сондай-ақ, Панфилов мекте­біне модульдік қазандық орнату жұмыстарымен танысты. Ауыл әкімі А.Кәрібаев тұрғын үйлерге ауызсу жеткізу жұмыстары 70 пайызға орындалғанын айтты, деп хабарлады Парламент Сенатының баспасөз қызметі.

Соңғы жаңалықтар