Аймақтар • 23 Тамыз, 2017

Ортақ өзеннің мәселесі оң шешілді

375 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін
Ортақ өзеннің мәселесі оң шешілді

Еңбегінің тәтті жемісін жер-анадан тапқан диқандар үшін жаз мезгілінде ағын судан тап­шылық көрмеу өте маңызды. Оң­­түстікте бұл, әсіресе, ақ алтын өсі­ріп отырған ағайындарға қа­ты­сы бар. Таудан күркіреп ақ­қан арынды өзеннің бойында отыр­­мағаннан кейін Мырзашөл өңі­рінің Қырғызстан, Өзбекстан ау­мағын басып келетін ағын суға күні түседі.

Халық арасында «судың басында отырған бал, аяғында отыр­ған у ішеді» деген қа­натты сөз бар. Ағын суды көр­ші мемлекет­терден алып отыр­ған­дықтан Мақтаралда осы­ған байланысты машақаттар көп бо­латын. Бұл, әсіресе, Өзбек­стан­нан «Достық» каналынан келетін судың Қазақстанға тең­гер­імді бөлінбеуінен орын алып кел­ді. Мәселен, мемле­кет­ара­лық келісімшарт бойынша осы «Достық» каналы арқылы көр­ші өзбек диқандарының 112 мың гектар, мақтаралдық диқан­дардың 136 мың гектар жері суландырылуы керек болатын. Еліміздің Ауыл шаруа­шы­лығы министрлігі осы даулы мәселенің орайын тапты. Осы министрлікке қарасты Су ресурстары комитетінің өкіл­дері екі тараптың «Достық» ка­налының суын тең бөлісуге қол жет­кізе­тін­дігін айтады. Қазақ-өзбек тү­бі бір туыс халық. Әйтсе де, тәу­е­лсіздіктің алғашқы жылдары­нан егемендігін алға тартып, көр­­песін тұмшалап алған ала та­қиялы ағайындар өздерінің гидро­бекеттеріндегі жағдайды ба­қылауға Қазақстан жағын жібе­ре бермейтін. Соның салда­рынан Қазақстанға бөлінуге тиісті су орта жолда қолды болып, былтыр Мақтаралда 50 мың гектар мақталық сусыз қал­ған. Осы­ның салдарынан 40 мың тон­на ақ алтын көзден бұл-бұл ұшып, диқандар кетпеніне сүйе­ніп, күңіреніп қалған еді.

Соңғы жылдары қазақ-өзбек мем­лекеттерінің арасындағы туыс­қандық қатынастың жақ­сар­ғаны әрі Ауыл шаруа­шы­лы­ғы министрлігінің баянды жұмы­сы­ның нәтижесінде ағын суда тапшылық болмады.

– Жаздың шілде-тамыз айларында су тапшы болып, өзімізге тиісті суымызды 50 пайызға дейін ала алмай жүрген жылдар болды. Осы жұмыс қолға алынып, бірталай іс-шаралар жасалынды. Соның нә­тижесін көріп отырмыз. Қазір өзімізге тиісті суды толығымен алып жатырмыз. Мақтаралға «Достық» трансшекаралық каналынан секундына 100 текше метр су түсіп жатыр. Бекітілген кесте бойынша 1 миллиард 116 миллион текше метр тіршілік нәрі алынады. Бұл суару маусымына және көк­темгі сорды шаюға жеткілікті болады, – дейді «Қазсушар» РҚМ ОҚОФ директорының міндетін ат­қарушы Толқын Балпықов.

Жуырда облыс әкімі Жан­се­йіт Түймебаев Мақта­рал­­да­ғы диқандардың тыныс-тір­ші­лі­гімен танысып қайтқан. Ақ мақта – ақ алтыннан бөлек, қау­­ын-қарбыз, жүзім, бау-бақ­ша өнімдерін өсіріп сатып, пай­даға шығып отырған диқан қау­ы-
мы биыл судың бейпіл бол­ғандығын айтып, Үкіметке ал­ғысын жеткізді.

Бақтияр ТАЙЖАН,
«Егемен Қазақстан»
Оңтүстік қазақстан облысы

Соңғы жаңалықтар