Қазақстан • 23 Тамыз, 2017

The Jerusalem Post: «Қазақстан «Жаңа Жібек жолының» астанасы рөліне ұмтылады»

376 рет
көрсетілді
6 мин
оқу үшін

Төртінші рет ұйымдастырылған «Қазақстан – шетелдік БАҚ көзімен» атты халықаралық байқаудың өз мәресіне жеткені жөнінде бұған дейін хабарлаған болатынбыз. Аталған байқауда жеңімпаз атанғандардың бірі – израильдік Уди Шахамның The Jerusalem Post газетінде жарияланған «Қазақстан «Жаңа Жібек жолының» астанасы рөліне ұмтылады» мақаласын оқырман назарына ұсынып отырмыз.

The Jerusalem Post: «Қазақстан «Жаңа Жібек жолының» астанасы рөліне ұмтылады»

Халықаралық үлкен шара өткізе­тін Астана Еуразия экономикасы үшін маңызды орталыққа айналды. Қазіргі таңда Қазақ­стан­ның көнеден келе жатқан ар­ма­­ны – ежелгі Жібек жолының эко­номикалық, іскерлік, эко­ло­гиялық инно­вациялар мен дип­ломатияның орталығына айналды.

Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпин 2013 жылдың мамырында Назарбаев Универ­си­те­тінде жасаған баяндамасында Қытай­ды Батыс­қа жалғайтын «Жаңа Жібек жо­лы» жобасын жүзеге асыратыны жө­нінде мәлімдеген болатын. Қазақ елі үшін бұл тарихи сәт еді. 

Қазақстан Республикасы әлемдік аренада маңызға ие болу, яғни «Бір белдеу – бір жол» бастамасының астанасына айналу үшін барын салды. Сондай-ақ, Қытайдың солтүстік батысында орналасуының ел үшін тиімділігі орасан. Бағзы заманда Ұлы Жібек жолының бір бөлігі Қазақстанның оңтүстігінен өтіп, Қытай мен Рим арасында өнімдер мен тауарлар және мәдениет алмасу үшін қолданылған. 

Президент Нұрсұлтан Назарбаев мұн­­дай бағытты он жылдай бұрын бол­­жа­ды. Кеңес үкіметі қирап, Қазақ­стан тәуелсіздігін жариялауынан 6 жыл өткен соң 1997 жылы Назарбаев ел ор­­дасын Алматыдан солтүстіктегі Ас­тана қала­сына өзгертті. Содан бері шаһар жедел дамып, жаңа мемлекеттік ғи­мараттар, жетекші инфрақұрылым, жа­сыл желекке оранған саябақтар жә­не дүние жүзі кәсіпкерлері мен іскер азаматтарын қызықтыратын жоғары технологиялық орталықтар салынды. 

Әлем назарын аударудың тағы бір тәсілі – халықаралық форумдар ұйым­дас­тыру. Маусымның ортасында 100 ел­ден 4 мыңнан астам қатысушы кел­ген Х-шы Астана экономикалық форумы өтті. Жиын жаңғырмалы қуат пен жасыл экономикаға назар аударып, «Жаңа энергия – жаңа экономика» тақырыбын негізге алды. Сондай-ақ, тұрақты экономикалық өсім, әлем­дік сауда және инфрақұрылым мәсе­ле­лері де талқыланды. 
Форумда JPMorgan Chase International төрағасы және Израиль бан­кі­­нің бұрынғы директоры Джейк­об­ Френкель мен Ресей Феде­ра­­ция­­сы премьер-министрінің бірінші орынбасары Игорь Шувалов секілді та­нымал тұлғалар баяндама жасады. Жи­ын барысында дөңгелек үстел, ашық панельді отырыстар өтіп, Қазақ­стан мен аймақтың болашағына қа­тыс­­ты мәселелер қаралды. 

Форумның өтуі мен үш айға созылатын ЭКСПО-2017 көрмесінің ашылуы тұспа-тұс келді. Болашақтың энер­гиясы тақырыбын таңдаған ша­раға 115 мемлекет пен 22 әлемдік ұйым қатысты. Дөңгелене салынған көр­мелер ортасында 8 қабатты «Нұр әлем» павильоны орналасқан. Әр қабат  жаң­ғырмалы энергия түрлеріне арна­лып, көне дәуірден қазірге дейінгі та­қырыптарды қамтиды. Мәселен, жел энергиясын қалай пайдалануға бо­латынын бейнелейтін қабатта жа­һандық жел картасы мен желге қа­тыс­ты қазақтардың көне сенімі қатар көр­сетілген. 

Мұнай мен газға бай Қазақстан тарапы болашақтың энергиясы шешімін табу басты мақсаттары екенін айтады. «Жаңғырмалы энергия тақырыбын зерттеу және оны үйрену жаһандық қоршаған орта сынағының шешімі екеніне сенеміз», – дейді Сырты істер министрінің орынбасары Роман Василенко. «Жаңғырмалы энергия Қазақстанның ұзақ мерзімі стра­те­гиялық бағыты. 2050 жылы елдегі энер­гияның 50 пайызын содан алуды жоспарлап отырмыз. Қазіргі таңда оның көлемі бір пайыз ғана».

Василенко жаңғырмалы энергия алу­да Қазақстан желге, күнге және суға көңіл бөлетінін атап кетті. Дегенмен, энергия Қазақстанның ең маңызды бас ауыртар мәселесі емес. Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғызстанмен шек­тес­етін және Ауғанстаннан алыс емес, бұрын­ғы кеңес елдері арасында ай­мақ­­тағы ең үлкен мемлекет өзін тұ­рақ­­тылықтың темірқазығы ретін­де санай­ды. Көрші елдер секілді Қазақ­стан тұрғындарының 65 пайызы Ислам дінін ұстанады. 

«Қазақстан қауіпсіздігінің ең үл­кен сынағы Орталық Азияда тұрақ­ты дамуды қамтамасыз ету», дей­ді Ва­силенко. – Ауған­стан­дағы жағдайдың тұрақты болуына Қазақ­стан күш салуы керек. Мұны жү­зеге асыру үшін Орталық Азия ел­дері бірігуі тиіс. 

«Әлбетте, бұл жағдай өте қау­іп­ті. Бүкіл халықаралық қоғам­дас­­тықтарды жағ­дайды тұрақты ұстап, қақтығысты тоқ­тату үшін бір­лесе жұмыс істеуге ша­қырамыз». Р.Василенконың сөзіне сүйе­нсек, Қазақстан тарапы ауған сту­дент­терін елдегі университеттерге оқыту бағ­дарламасына 15 миллион дол­лар қар­жы құйған. «Оларды бейбіт ма­ман­дық­тарға үйретіп жатырмыз. Келешекте бұл бағ­дарлама кеңейеді деп үміттенеміз».

Сондай-ақ, Қазақстан тарапы 2015 жылы Су-24 ұшағы атып түсі­ріл­­геннен кейін Ресей Президенті Вла­д­имир Путин мен Түркияның Пре­зиденті Режеп Тайып Эрдоғанның бітім­гершілік келіссөздерін жүргізді. Си­рия жөніндегі келіссөздерді де мы­салға алуға болады. 2015 жылы Си­рия оппозиция топтарымен әңгі­ме­­л­ес­кен­нен кейін, Астана оппозиция мен режім өкілдерін бір араға әкеліп, бір­неше кезеңнен тұратын келіссөздер ұйым­дастырды. Василенконың сөзіне сүй­енсек, қазақстанды әлемдік арена­да биікке шығаратын бастамалары мен өткізген шаралары – мемлекетті жаң­ғыртудың қадамдары.  

«Біздің президент экономиканы әртараптандыру, ауыл шаруашылығы, көлік, жылжымайтын мүлік нарығы, білім беру, денсаулық сақтау және ха­лықты әлеуметтік қорғау сияқты са­лаларды дамытуға бағытталған ре­фор­маны жариялады», деді ол. – Бұл реформалар біздің дәстүрімізге құр­мет көрсетіп, жаңа технология­лар мен инновацияларды қатар қол­да­нады».

Ағылшын тілінен тәржімалаған
Абай Асанкелдіұлы,
«Егемен Қазақстан»