23 Тамыз, 2017

Ақтауда өрттен құтқарушылар спорты спартакиадасы басталды

300 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Өрттен құтқару спорты – өрт сөндіру тәжірибесінде жеке түрде,  сондай-ақ топтық сынақта қолданылатын әр түрлі әдістердің кешендерін орындауда нәтиже беретін спорттың қызметтік-қолданбалы түрі.

Ақтауда өрттен құтқарушылар спорты спартакиадасы басталды

Бүгін Ақтау қаласында Қазақстан Республикасының өрттен құтқару спорты бойынша ерлер арасында XXIV жазғы чемпионаты мен Қазақстан Республикасының өрттен құтқару спорты бойынша әйелдер арасында IV жазғы чемпионатының салтанатты ашылу рәсімі өткізілді. Іс-шараны «Өрт сөндірушілер мен құтқарушылардың спорт федерациясы» қоғамдық бірлестігінің атқарушы директоры Д. Данаев ашты.

Жарыс төрт кезең бойынша өткізіледі: оқу мұнарасының терезесіне шабуыл сатысымен көтерілу, 100 метрлік кедергілері бар жолақтан өту, 4х100 метрге өрт сөндіру эстафетасы, жауынгерлік қанат жаю.

Чемпионаттың салтанатты ашылуына Маңғыстау облысының әкімдігі, «Өрт сөндірушілер мен құтқарушылардың спорт федерациясы» ҚБ, Маңғыстау облысы ТЖД басшылығы қатысты.

Жарысқа 18 команда қатысып, бірнеше күн бойы шеберлік салыстырады. 

 

Гүлайым ШЫНТЕМІРҚЫЗЫ,

«Егемен Қазақстан»

Маңғыстау облысы