Аймақтар • 23 Тамыз, 2017

Солтүстік Қазақстанда электонды жобалардың тұсаукесері өтті

252 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің отырысында «Электронды қылмыстық іс», «Электронды әкімшілік іс», «Құқықтық қызмет орталығы» жобаларының тұсаукесері болды. Бұл жөнінде Құқықтық статистика және әлеуметтік есеп жөніндегі комитеттің жергілікті басқарма басшысының міндетін атқарушы Махаббат Кәрібайқызы айтып берді.

Солтүстік Қазақстанда электонды жобалардың тұсаукесері өтті

«Осы жобалар шеңберінде азаматтар негізгі Заңда бекітілген жүгіну институттары арқылы мемлекеттік басқаруға тікелей қатысу мүмкіндігін иеленеді», – деді ол.

Осыған орай Астанада жеке және заңды тұлғалардың жүгінулерін қарауды ұйымдастыруда жүйелілікті қамтамасыз етуге арналған Құқық қорғау қызметінің орталығы (ҚҚО) құрылды. Жыл аяғына дейін оны барлық облыс орталықтарында ашу жоспарланған. ҚҚО-ның негізгі буыны әлеуметтік-экономикалық салаларда азаматтардың жүгінулерін, әкімшілік өндіріс мәселесін, сотқа дейінгі тергеу мен азаматтық және қылмыстық істер бойынша сот актілерін қарауға арналған кезекші прокурорлардың  жұмысын ұйымдастыру болып табылады. «Электронды қылмыстық іс» модулін әзірлеу 3 кезеңнен тұрады. Ол қылмыстық істердің барлық материалдарын электронды форматта қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Е- қылмыстық іс ұшқыр жобасы биыл Жамбыл облысында іске қосылды, қыркүйекте Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан және Атырау облыстарында  жүзеге асыру көзделген. «Электронды әкіәмшілік іс» жобасы хаттаманы онлайн режимнің базасына мәліметтердің түсуі арқалы электронды форматта құруға мүмкіндік береді. Мобильді қосымша Әділет министрлігінің базасымен, ІІМ-нің автокөлік құралдарын тіркеу базасымен және комтеттің арнайы есептер мәліметімен біріккен. Аталмыш ұшқыр жоба Астана қаласының ішкі істер департаментінде жұмыс істейді. Еліміздің басқа өңірлерінде 2018 жылдан бастап ендіріледі. Бұл жұмыс құқық қорғау және атқару жүйесіне тұрғындардың сенім деңгейін көтеру мақсатын көздейді.

«Біз қызмет көрсету бойынша өз жұмысымызды үнемі жетілдіріп отыруға тиіспіз», – деді облыс әкімі Құмар Ақсақалов.

Отырыста тиісті орын басшыларына нақты тапсырмалар берілді.

Өмір Есқали.
«Егемен Қазақстан»
Солтүстік Қазақстан облысы

Соңғы жаңалықтар