Күрес • 23 Тамыз, 2017

Универсиада-2017: дзюдошы Отгонцэцэг Галбадрах қола медальға қол жеткізді

223 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қытайдың Тайпей қаласында өтіп жатқан 2017 жылғы жазғы универсиада ойындарында Қазақстан қоржыны 8-ші жүлдемен толықты, деп хабарлайды Қазақпарат

Универсиада-2017: дзюдошы Отгонцэцэг Галбадрах қола медальға қол жеткізді

Дзюдодан қыздар арасында Қазақстан намысын қорғап келе жатқан Отгонцэцэг Галбадрах жазғы универсиада ойындарының қола жүлдесін жеңіп алды.

48 келі салмақтағы аруымыз 1/8 финалда жапон қызы Умекита Майдан жеңіліп қалған еді. Бұдан кейін бірінші жұбаныш белдесуінде Галбадрах австриялық Мара Крафтан айласын асырды. Екінші белдесуінде ол француз дзюдошысы Джессика Марин Анриді ұтып, үшінші белбесуінде польшалық Йоанна Станкевичті жеңді. Ал қола жүлде үшін өткен кездесуде Мария Персидскаядан басым түсіп, Қазақстан қоржынын тағы бір жүлдемен толықтырды.