Бокс • 26 Тамыз, 2017

Мейвезер мен МакГрегор салмақ өлшеу рәсімінен өтті

223 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Лас-Вегастағы T-Mobile Arena-да Флойд Мейвезер мен Конор МакГрегор жекпе-жегінің алдында салмақ өлшеу рәсімі өтті.
 

Мейвезер мен МакГрегор салмақ өлшеу рәсімінен өтті

МакГрегор 69,4 келі көрсетсе, Мейвезер бірінші орта салмақтағы лимитке де жете алмай, 67,8 келі көрсетті. Енді МакГрегор тағы шамамен 7-8 келі салмақ қосады. Ал Мейвезердің айтуынша, жекпе-жекте салмақпен жеңіске жетпейді.

Америкалық боксшы Флойд Мейвезер мен UFC чемпионы ирландиялық Конор МакГрегор жекпе-жегі 26 тамызда Лас-Вегаста өтеді. Қазақстанда бұл кездесуді "Хабар" телеарнасы тікелей эфирден көрсетеді. Бұл туралы телеарнаның сайтында жазылған. Трансляция 27 тамызда Астана уақыты бойынша сағат 08.00-де басталады.