Бокс • 25 Тамыз, 2017

Фируза Шәріпова – әлем чемпионы

316 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Фируза Шәріпова – әлем чемпионы

Жекпе-жектің бірінші раундынан бастап Ф.Шәріпова қар­сыласын бұрыштан-бұрышқа тықсырып, белсенділігін бай­қатты. Ал қарсыласы М.Колева қорғанысқа көп көңіл бөліп, сәті түскенде ғана қарсы шабуыл­даумен болды. Раунд сайын қарқынын арттырған отандасымыз дөп соққыларымен көзге түсті. Болгар қызы да бұл кешке жақсы дайындықпен кел­генін, тәжірибелі боксшы еке­нін байқатты. Жерлесіміз 10 раунд бойы соққының астына алға­нымен, қарсыласы жекпе-жектің соңына дейін нокаутқа түскен жоқ. Төрешілер жеңісті бірауыздан отандасымызға берді. 

Сөйтіп, Фируза Шәріпова жеңіл салмақта WIBA және WBU тұжырымдары бойынша чем­пиондық атаққа қол жеткізді. Соны­мен қатар, ол әйелдер ара­сында кәсіпқой бокс­тан Қазақстаннан шыққан тұңғыш әлем чемпио­ны атанды. Жекпе-жектен кейін жерлесіміз қолдауға келген жан­күйерлерге алғысын біл­дірді. «Мені қолдауға келген бар­ша­ларыңызға алғысым шексіз. Жат­тық­тырушыларым мен ата-ана­ма рахметімді айтамын. Бұл же­ңіске үлкен еңбектің арқа­сында қол жеткіздік. Коман­дама рахмет. Алға, Қазақстан», – деді боксшы қыз.

Шәріпова-Колева бокс ке­шінің андеркартында бірнеше қазақ боксшысы өздерінің ке­зекті кездесулерін өткізді. Екінші орта салмақтағы Айдын Ел­жа­нов (4-0, 3 КО) дебюттік кезде­суін өткізген отандасымыз Абы­лайхан Есентаевты (0-1) екінші раундта техникалық нокаутпен ұтты. Ал орта салмақтағы боксшымыз Тамирлан Райым­құлов (1-0-1, 0 КО) өзбекстандық қар­сыласы Степан Партновтан (0-1) басым түсті. Сонымен қатар, жартылай орта салмақтағы Әмір­хан Түлеуов (2-2-0) ресей­лік қарсыласы Андрей Кре­меносовты еш қиындықсыз жеңді. А.Кременосов бірінші раунд­тан кейін жекпе-жекті жал­ғастырудан бас тартты.

Әли БИТӨРЕ,
«Егемен Қазақстан»

Соңғы жаңалықтар