Назарбаев ҚР сот жүйесi жөніндегі ережелердi бекiту туралы Жарлығына өзгерістер енгізді

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен ҚР сот жүйесi мен судьяларының мәртебесi туралы заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Бұл туралы akorda.kz хабарлады.

Егемен Қазақстан
29.08.2017 1022

«Қазақстан Республикасының сот жүйесi мен судьяларының мәртебесi туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында көзделген ережелердi бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 26 маусымдағы № 643 Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында көзделген ережелерді бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 26 маусымдағы № 643 Жарлығына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

1-тармақтың 4) тармақшасы алып тасталсын;

жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Судьялыққа кандидаттың тағылымдамадан өтуі туралы ережеде:

3-тармақ мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:

«Судья лауазымынан өкілді органдардағы мемлекеттік лауазымға сайланған не тағайындалған, сондай-ақ судья лауазымынан сот төрелігін ұйымдық қамтамасыз етуге тікелей байланысты лауазымға тағайындалған адамдарға тағылымдамадан өту талап етілмейді.»;

5-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«1) отыз жасқа толған;»;

13-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«2) тараптардың құқықтары мен міндеттері, оның ішінде тағылымдамашы-кандидаттың тағылымдамадан өтудің алдында орналасуға ниет білдірген соттардағы судьялардың бос лауазымдарына арналған конкурсқа жалпы отырыстың оң қорытындысының қолданысы кезеңінде қатысу және тиісті бос лауазымдарға конкурсқа қатысудан бас тартқан жағдайда, оған жұмсалған мемлекеттік қаражатты қайтару міндеті қамтылуы тиіс;»;

жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Сот жюриі туралы ережеде:

25-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«25. Сот жюриінің төрағасы нақты материалдар бойынша баяндамашыны және материалдарды қарау күнін белгілейді.

Судьяның кәсіби қызметін бағалауды жүргізу басталғанға дейін Сот жюриінің біліктілік комиссиясы қажет болған кезде қосымша тексеру жүргізеді, оны Сот жюриінің төрағасы біліктілік комиссиясы мүшелерінің біріне тапсырады, қосымша құжаттар мен материалдар, оның ішінде қаралуы кезінде заң бұзуға жол берілген сот істері сұратылады.

Жұмыс істеп жүрген судьяның кәсіби қызметін мерзімді бағалау кезінде біліктілік комиссиясы судьяның жұмысын сот отырысына қатысушылардың бағалауы бойынша талдау нәтижелерін қосымша сұратады.

Судьяның жұмысына бағалау Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасы белгілеген әдістеменің негізінде жүргізіледі.»;

30-тармақта:

2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«2) жоғары тұрған сатыдағы судьяның, сот төрағасының, сот алқасы төрағасының лауазымына тағайындауға ұсыным жасау;»;

4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«4) басқа сотқа, басқа мамандануға ауыстыру туралы;»;

мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:

«6) жоғары тұрған сатыдағы судьяның, сот төрағасының, сот алқасы төрағасының лауазымына тағайындауға ұсыным беруден бас тарту.»;

екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

«Сот жюриі біліктілік комиссиясының осы тармақтың 2), 3) және 6) тармақшаларында көзделген шешімдері ұсынымдық сипатта болады.»;

31-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«31. Сот жюриінің біліктілік комиссиясының кәсіби қызметті мерзімді бағалаудың нәтижелері бойынша судьяны кәсіби жарамсыздығына орай атқаратын лауазымына сай келмейді деп тану туралы шешімі Жоғарғы Сот Төрағасының судьяны атқаратын қызметінен босату туралы ұсынуды Жоғары Сот Кеңесіне енгізуіне негіз болып табылады.

Сот жюриінің біліктілік комиссиясының кәсіби қызметті мерзімді бағалаудың нәтижелері бойынша судьяны басқа сотқа ауыстыру туралы шешімі  Жоғарғы Сот Төрағасының судьяны басқа сотқа ауыстыру туралы ұсынуды, ал ауысудан бас тартқан жағдайда судьяны атқаратын қызметінен босату туралы ұсынуды Жоғары Сот Кеңесіне енгізуіне негіз болып табылады.»;

33, 34 және 35-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:       

«33. Сот жюриінің біліктілік комиссиясы шешімдерді қорытындылар мен хаттамалық шешім нысанында қабылдайды. Біліктілік комиссиясы мүшелерінің дауыс беруден қалыс қалуға құқығы жоқ. Шешім көпшілік дауыспен қабылданады. Дауыстар тең түскен жағдайда өзіне қатысты материалдар қаралып отырған судьяның жағдайын жақсартатын шешім қабылданды деп есептеледі. Біліктілік комиссиясының мүшесі қабылданып отырған шешіммен келіспеген жағдайда ерекше пікірін жазбаша көрсетуге құқылы, ол біліктілік комиссиясы отырысының хаттамасына қоса тіркеледі.

Судьяны атқаратын лауазымына сай деп тану туралы шешім, жоғары тұрған сатыдағы судья, сот төрағасы, сот алқасының төрағасы лауазымына тағайындауға, жоғары тұрған лауазымға (жоғары тұрған сот сатысына) кадр резервіне қоюға ұсынымдар хаттамалық шешім нысанында ресімделеді.

Хаттамаға отырыста төрағалық етуші мен біліктілік комиссиясының хатшысы қол қояды.

Сот жюриі біліктілік комиссиясының жоғары тұрған сатыдағы судьяның, сот төрағасының, сот алқасы төрағасының лауазымына конкурсқа қатысуға ниет білдірген судьяның кәсіби қызметін бағалау туралы шешімі қабылданған күнінен бастап бір жыл ішінде жарамды болады.

Судьяны кәсіби жарамсыздығына орай атқаратын қызметіне сай келмейді деп тану туралы, басқа сотқа, басқа мамандануға ауыстыру туралы, жоғары тұрған сатыдағы судьяның, сот төрағасының, сот алқасы төрағасының лауазымына тағайындауға ұсыным беруден бас тарту туралы шешім, қабылданған шешімнің негіздемесі көрсетіліп, қорытынды нысанында ресімделеді.

Сот жюриі біліктілік комиссиясының судьяны кәсіби жарамсыздығына орай атқаратын қызметіне сай келмейді деп тану туралы, басқа сотқа, басқа мамандануға ауыстыру туралы, жоғары тұрған сатыдағы судьяның, сот төрағасының, сот алқасы төрағасының лауазымына тағайындауға ұсыным беруден бас тарту туралы қорытындысына материалды қарауға қатысқан Сот жюриі біліктілік комиссиясының барлық мүшелері қол қояды.

34. Сот жюриі біліктілік комиссиясының судья жұмысының бір жылдық мерзімі өткеннен кейінгі нәтижелері туралы шешімінің көшірмесі қарауға түскен материалмен бірге, сондай-ақ судьяны кәсіби жарамсыздығына орай атқаратын қызметіне сай келмейді деп тану туралы, басқа сотқа, басқа мамандануға ауыстыру туралы шешімнің көшірмесі, кейіннен Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесіне ұсыну үшін Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасына жіберіледі.

35. Сот жюриінің біліктілік комиссиясы хаттамалық шешімінің көшірмесі тиісті облыстық сотқа жіберіледі. Сот жюриі біліктілік комиссиясының судьяны кәсіби жарамсыздығына байланысты атқаратын қызметіне сәйкес келмейді деп тану туралы, басқа сотқа, басқа мамандануға ауыстыру туралы, жоғары тұрған сатыдағы судьяның, сот төрағасының, сот алқасы төрағасының лауазымына тағайындауға ұсыным беруден бас тарту туралы қорытындысының көшірмелері өзіне қатысты шешім қабылданған судьяға, сондай-ақ тиісті облыстық сотқа жіберіледі.»;

44-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«44. Егер жеке және заңды тұлғалар судьяның іс-әрекеттеріне шағымданудың барлық қолда бар өзге тәсілдерін пайдаланған болса, олардың өтініштері судьяға қатысты материалдарды Сот жюриінің тәртіптік комиссиясында қарауға негіз болып табылады.

Судьяның іс-әрекеттеріне шағымданудың қолда бар тәсілдері деп жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін соттардың жоғары тұрған лауазымды адамдарының, судьялар қауымдастығы органдарының заңда белгіленген тәртіппен қарауы түсініледі.

 Жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша тексеруді Сот жюриінің мүшесі уәкілетті органмен бірлесіп жүргізеді.».

2. Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының

            Президенті                                                                              Н.Назарбаев

Астана, Ақорда, 2017 жылғы 28 тамыз

                  № 535

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

19.06.2018

Парламентте балалар денсаулығына қатысты заң жобасы қаралды

19.06.2018

ОҚО-ның әкімшілік орталығы Түркістан қаласына көшіріледі

19.06.2018

Елімізде газ нарығында үлкен өзгерістер болады

19.06.2018

Энергетика министрі халық алдында есеп берді

19.06.2018

Асхат Аймағамбетов: «Алтын белгі» төсбелгісіне үміткерлердің 98,4%-ы білімдерін растады

19.06.2018

Ақсуда Қымызмұрындық мерекесі өтті

19.06.2018

Мемлекет басшысы Түркістан облысын құру туралы Жарлыққа қол қойды

19.06.2018

Қ. Тоқаев сарапшылар алдына жаңа міндеттер қойды

19.06.2018

Бүгін Үкімет отырысында қандай мәселелер талқыланды?

19.06.2018

Павлодарда казактар мәдениеті мен өнері күні өтті

19.06.2018

Гүлшара Әбдіқалықова «Ұлы Дала» гуманитарлық ғылымдар форумына қатысты

19.06.2018

Головкинге The Ring журналының белбеуі табысталды

19.06.2018

Чемпиондар лигасы. «Астананың» іріктеу кезеңіндегі қарсыласы белгілі болды

19.06.2018

Астанада Дүниежүзілік тау-кен конгресі өтіп жатыр

19.06.2018

Сенаторлар валюталық реттеу туралы заң жобаларын талқылады

19.06.2018

«Жетісу көктемі» атты республикалық форум: жас қаламгерлер не дейді?

19.06.2018

СҚО-ның Бостандық ауылында қуғын-сүргін құрбандарына арнап ескерткіш-тақта орнатылды

19.06.2018

Мемлекет басшысы Қайрат Мәмиді қабылдады

19.06.2018

Бурабайда «Қазақтану» ғылыми-ағартушылық жобасының тұсауы кесілді

19.06.2018

Солтүстік Қазақсанда жаңа мешіт ашылды

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Жұмабай ШАШТАЙҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Әр қазаққа қажет ұстаным

Қазіргі өмір барысына ой жіберіп қараған кезде ақыл-ойымыздың тереңдігіне малданып, сезімтал аңғарғыштығымызды артықшылыққа балайтын жөніміз бар ма? Аға ұрпақ санатына қосылған ендігінің ақсақалы біздер қазақ сөзіне әкелген жаңалығымыз, яғни бейнелі тіркес­теріміз кәне дегенге кесімді жауап беру қиын-ау. Ұлғайыңқы тартқан осынау шағымызда қазақ қарияларының сөз саптау мәдениетін жиі-жиі еске алып, жадыда жаңғыртуға тырысатын дертке шалдықтық. 

Анар ТӨЛЕУХАНҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Арайланған, абаттанған Астанам!

Махамбет «Еділдің бойы ен тоғай, ел қондырсам деп едім» деп жалынды жырына қосқандай, бүгінде еңсесі биіктеген елорда көз алдымызда қанатын жайып, өсіп-өркендеп, сары даланың сәніне сән қосқан керім қалаға айналғаны анық.

Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Ән мен күйдің бұлағы – Астананың құрағы 

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

Басынан бағы таймасын - Жақсыбай Самрат

Ақмолаға бақ ерте қонды, оның аумағы тіпті патша заманында облыс болған. Орталығы Омбы қаласы болғанымен облыстың Ақмола атануының өзі оның ерте танылғандығының белгісі. Әйтпесе осы облыс құрамында сол кездегі Ақмола­дан үлкен Омбы, Қызылжар, сәл кішірек Көкшетау, Атбасар қалалары болған, бірақ соған қарамай облыс атауын Ақмо­ла иемденген.

Жарқын ШӘКӘРІМ, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

Нағыз қазақ...

 Домбыра – қазақтың жаны, қазақтың көзі, терең тамырлы тұңғиығы, сан ғасыр­лық серігі, ағыл-тегіл күйі. Сандаған ғасыр­­лардан жеткен Қорқыттың қобы­зы үніндей інжу-маржан сазды әуені. Домбыра күй күм­безін көкке өрлеткен кө­ненің көзі, тәңірдің құдіреті. Кетбұғаның күй күңіренісі, Ноғайлының зар заманы, Сы­пыра жырау, Асан Қайғы, Қазтуған, Дос­панбет, Шалкиіз­дердің жыр арқауы, қанаты. Байжігіт пен Абы­лай ханның күй төгілткен жан серігі. Күні кешегі Нұрғиса мен Қаршығалардың дүл­дүл күйшілігі. Бүгінгі музыка өнері бәйте­регінің тамырлы шежіресі. 

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу