Қазақстан • 31 Тамыз, 2017

The Guardian мен Euronews Астанадағы гала-концерт туралы

188 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесі амфитеатрында Қазақстанның халық әртісі Жания Әубәкірова Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының қайталанбас гала-концертін ұйымдастырды.

The Guardian мен Euronews Астанадағы гала-концерт туралы

Қазақстанның халық әртісі көрме көрермендері үшін ешкім күтпеген музыкалық тосынсый даярлап әкелді. Әдетте орындалатын Иоганн Себастьян Бахтың туындылары емес, бір мезетте сахнада «Гарри Поттер» мен «Кариб теңізінің қарақшылары» фильмдерінің партитрулары ойнай кетті. Соның бірі «Жұлдыздар соғысы» фильміндегі «Империялық марш» туралы әлемдік басылымдар жарыса жазды. Қойылымның дирижері Дарт Вейдердің өзі болды. Ал көпке танымал фильмнің жанкүйерлері бұл сыйлықты ду қол шапалақпен қарсы алды.

Ұлыбританиялық The Guardian және Euronews Астанада өткен концерттен бейне үзінділерін жариялап, ерекше қойылымдарға таңданысын жазып білдірді.

(The Guardian сайтында жарияланған бейне)

Ал Euronews телеканалы әлеуметтік желідегі парақшасында қойылымның толық нұсқасын жариялады.

Darth Vader Conducts Orchestra - no comment

[no comment] Kazakhstan’s National Conservatory orchestra performs John Williams’ “The Imperial March” from Star Wars, conducted by Darth Vader.

Posted by Euronews English on 29 Тамыз 2017 ж.

Кеште сонымен қатар, халықаралық музыкалық марапаттардың жеңімпазы, «Грэмми» сыйлығының иегері Гэза Легоцки да (Швейцария) өнер көрсеткенін атап өту керек. Онымен бірге итальяндық трубашы Марко Пьеробон да Астанаға тұңғыш рет келіп отыр. Жалпы, ұмытылмас шоуды дайындауға 300 адам жұмылған. Олардың ішінде 270-і - музыканттар.