18 Қазан, 2011

Ислам – ынтымақтың ұйытқысы

361 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Ақтөбеге  жұмыс сапарымен келген  Қазақстан мұсылмандары діни  бас­қармасының төрағасы, Бас мүфти  Әбсаттар қажы Дербісәлі бастаған бір топ теолог-ғалымдар «Достық» үйінде өткізілген «Ислам – ынтымақ пен бірлік діні» атты ғылыми-танымдық конференцияға қатысты. «Нұр-Мүбарәк» Египет Ислам университетінің проректоры Шәмшедин Керім, осы жоғары оқу орнының деканы Мұхаммед Махфуз, теолог Асқар Сабдин және басқалары ислам діні, оның ерекшеліктері, имандылық, дәстүрлі діндердің  және   жат пиғылдағы діни ағымдардың айырмашылықтары туралы тағылымдық баяндамалар жасады. Олар  ислам әлемі, діни терроризм, мұсылмандық әдептер, Әбу Ханифа мазхабы туралы жан-жақты әңгімеледі, діни сенімге қатысты көптеген жәйттерге түсінік берді. Теолог-ғалымдар  өңірге жұмыс сапары барысында Марат Оспанов атын­да­ғы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің студент-жаста­рымен кездесті. Сатыбалды СӘУІРБАЙ, Ақтөбе.