Бокс • 03 Қыркүйек, 2017

ӘЧ-2017. Қамшыбек Қоңқабаев – күміс жүлдегер

398 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бокстан әлем чемпионатының финалдық кездесулері аяқталды.

ӘЧ-2017. Қамшыбек Қоңқабаев – күміс жүлдегер

Бүгін бокстан Германияның Гамбург қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатының финалдық бәсекесі басталды. Финалға Қазақстан құрамасынан үш боксшы шыққан болатын. 56 килодағы Қайрат Ерәлиев әлем чемпионы атанса, Аманқұл Әбілхан (75 кг) күміс жүлдені қанағат тұтты.

Финалдық сайысқа қазақстандық боксшылардан соңғы болып +91 кило салмақтағы Қамшыбек Қоңқабаев шығып, ел қоржынына екінші күміс жүлдені салды. Ол финалда 2012 жылғы Олимпиаданың қола жүлдегері, екі дүркін әлем чемпионы (2011 және 2013), Еуропа чемпионы (2013 жыл) атанған әзербайжандық қарсыласы Магомедрасул Меджидовтан ұпай санымен жеңіліп, бокстан 2017 жылғы әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды.

Айта кетейік, Магомедрасул Меджидов 2013 жылғы әлем чемпионатының финалында қазақстандық боксшы Иван Дычконың жеген болатын.

Еске салсақ, бұған дейін Жомарт  Ержан  (49 кг), Абылайхан Жүсіпов (69 кг) және Василий Левит (91 кг) жартылай финалда қарсыластарынан жеңіліп, әлем біріншілігінің қола жүлдегері атанған болатын.