ЭКСПО-2017 • 05 Қыркүйек, 2017

ЭКСПО-2017. Өзбекстан Республикасының ұлттық күні атап өтілді

534 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Бүгін ЭКСПО-2017 Халықаралық мамандандырылған көрме аясында Өзбекстан Республикасының Ұлттық күні атап өтілді.

ЭКСПО-2017. Өзбекстан Республикасының ұлттық күні атап өтілді

Астана қаласындағы Көрме әлемнің барлық мемлекеттері мен аймақтары үшін ірі экономикалық әлеует және маңызды іс-шара болып табылады. ЭКСПО-2017 көрмесі іскерлік топтар мен халықаралық деңгейдегі ұйымдар арасында ынтымақтастықтың нығаюына ықпал етеді. Бұл туралы іс-шара барысында ӨР Президентінің Мемлекеттік кеңесшісі, Өзбекстан Жастар одағы Орталық кеңесінің төрағасы Кахрамон Куранбаев мәлімдеді. Оның айтуынша, Өзбекстан мемлекеті саяси, сауда-экономикалық, инвестициялық, көлік-коммуникациялық, мәдени-гуманитарлық және энергетика салаларында болашақ даму бойынша Қазақстан Республикасымен екіжақты ынтымақтастықтың нығаюына үлкен мән береді.

Кахрамон Куранбаев: «Осындай ауқымды іс-шараға қатысу Еуропа мен Азия, Батыс пен Шығыс аралығында диалогтық серіктестіктің нығаюына тағы бір қадам болып табылады. ЭКСПО-2017 Көрмесі энергетика саласындағы ғылыми-техникалық әзірлемелер мен озық энергия үнемдейтін технологиялар зерттемелерін орнату және осы саладағы басым бағыттарды жүзеге асыру бойынша «жасыл энергияның» жағымды бейнесін нығайтуға мүмкіндік береді», - деп атап өтті.

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономикасының бірінші вице-министрі Руслан Даленов өз кезегінде Қазақстан үшін Өзбекстан Республикасының соңғы жылдары экономиканың энергия мен ресурстар сыйымдылығын төмендету, энергия үнемдейтін технологияларының өндірісі мен еңбек өнімділігін арттыру үшін қолданған бірқатар шараларына ерекше қызығушылығын танытатынын хабарлады.

«Болашақ энергиясы» ЭКСПО-2017 тақырыбы Өзбекстанның 2017-2021 жылдар аралығанда жаңартылатын энергетиканың алдағы дамуы, экономика және әлеуметтік салаларында энергия тиімділігін көтеру бойынша бағдарламаларының жүзеге асуымен тығыз байланысты. Ерекше био-мобиль сияқты соңғы инновациялық әзірлемелерді ұсынатын Өзбекстан ұлттық павильоны бірегей болып табылады», - деді ҚР Ұлттық экономикасының бірінші вице-министрі.

Өзбекстан ЭКСПО-2017 көрмесіне «Жастар - болашақ энергиясы» ұранымен қатысады. Өзбекстан жастарының таза энергия және экология, ресурстарды тиімді қолдану мәселелерін шешуге белсенді қатысуы оған айқын дәлел бола алады. Республика халық санының 64 пайыздан астамын 30 жасқа дейінгі жастар құрайды. ӨР Президентінің Мемлекеттік кеңесшісі Кахрамон Куранбаев атап өткендей, елдің дамуына ықпал ететін бұл адами әлеуетті қадірлеу керек.