Жазғы спорт • 07 Қыркүйек, 2017

Қазақстандық велошабандоз Оңтүстік Кореядағы жарыста жеңіске жетті

337 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Оңтүстік Кореяда TourdeDMZ 2017 тасжолындағы көпкүндік веложарыс өз мәресіне жетті. Ұлт Кубогы кезеңдерінің бірі саналатын додаға жасөспірімдердің 21 командасы қатысты, олардың арасында Қазақстан ұлттық құрамасы да бар, деп хабарлайды «Қазақстан велосипед спорты федерациясы».

Қазақстандық велошабандоз Оңтүстік Кореядағы жарыста жеңіске жетті

Қазақстандық велошабандоздар барлық төрт кезеңнің топтық жарысында сенімді әрі үйлесімді ойын көрсетіп, басқа елдерден келген қарсыластарына басты классификацияда жеңіске жетулеріне мүмкіндік бермеді.  

Көпкүндік жарыста 17 жастағы талдықорғандық Игорь Чжан жеңімпаз атанды. Ол сондай-ақ екі номинация бойынша да үздік табылды - «Үздік жас шабандоз» және «Ұпайлар бойынша классификация».

Алтын медальдан бөлек, құрамамыздың қоржыны күміс және қола жүлделермен толықты: екінші орынды Даниил Марухин, ал үшінші орынды Олжас Баембаев иеленді.

Сондай-ақ «Таудағы классификация» бойынша да жеңіс қазақстандық Олжас Баембаевқа бұйырды.    

Евгений Федоров, Глеб Брусенский мен Нұрберген Нұрлықасым басты классификацияда сәйкесінше 4-ші, 6-шы және 9-шы орындарға жайғасты.

Еске салайық, 2017 жылы тасжолдағы велосипед спортынан әлем чемпионаты 16-24 қыркүйек аралығында Норвегияда өтеді.