Руханият • 09 Қыркүйек, 2017

Отырар мұражайының жәдігерлері Алматыда

981 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Тарихтың, шындығында, кезеңінде дәлдікпен дәлелдейтін екі дереккөзі бар: бізге жеткен көне жазбалар және заттай мәдени жәдігерлер. Еліміздегі мұражайлар қорында сақталып отырған ондай деректерді  еліміздің баға жетпес байлығы десек болады.

Отырар мұражайының жәдігерлері Алматыда

Алматыдағы Ұлттық кітапханада Отырар мемлекеттік археологиялық қорық-мұражайының ұйымдастыруымен «Рухани жаңғырудың бір кепілі − көне кітаптар» тақырыбында кітаптар көрмесі ашылды. Көрмеде мұражай қоры жинағындағы ХІХ-ХХ ғасыларға тән бірегей кітаптар мен қолжазбалар экспозицияланып, көпшілікке осы жәдігерлер туралы мәлімет беретін деректер қамтылған.  

Ежелгі заманнан-ақ қалаларында ғылым мен мәдениет, сауда және өндіріс, далаларында егін мен мал шаруашылығы қатар дамыған Ұлы Жібек жолы бойындағы құтты мекен – Отырар алқабын өңір тарихын өткен ғасырдан бастап зерттеп жүрген археологтардың астанасы десек артық айтпаспыз. Бүгінде 24000-нан астам заттай жәдігер мен көне жазба ескерткіштер топтамаларын сақтап отырған Отырар мемлекеттік археологиялық қорық-мұражайы қоры Отырар өлкесінің тарихи ескерткіштерін қорғау, жәдігерлерді сақтау, насихаттау бағытында көп жұмыс атқарып отырғанын айта кету керек.

Отырар қорық-мұражайы қорының бастамасымен, қор қамқорлығындағы жәдігерлерді насихаттап, таныстыру мақсатында ұйымдастырылған аталмыш көрмеде жазба ескерткіштер қорындағы құнды баспа жәдігерлері мен қолжазбалар көпшілік назарына ұсынылып отыр.

Мира БАЙБЕК,

«Егемен Қазақстан»  

АЛМАТЫ