Қазақстан • 09 Қыркүйек, 2017

Қазақстанда бала құқықтары жөнінде халықаралық конференция өтеді

259 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бішкекте үш күнге созылатын «Адам құқықтары саласындағы нормативтік-құқықтық актілерді жетілдірудегі Омбудсменнің рөлі: болжамдар және перспективалар» халықаралық форумының аясында «Бала құқықтары (балаларға зорлық-зомбылық көрсету)» тақырыбында сессия өтті.

Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің депутаты, Бала құқықтары бойынша өкілетті Зағипа Балиева сессияға модераторлық етті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА ҚР бала омбудсменінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Форумға омбудсмендер, ұлттық құқық қорғау мекемелерінің өкілетті тұлғалары мен өкілдері, Қазақстан және Өзбекстан парламенттерінің депутаттары, сондай-ақ БҰҰ, ЕҚЫҰ, Дания адам құқықтары институтының, Penal Reform International ұйымының Орталық Азиядағы аймақтық өкілдігінің, Конституциялық палатаның, Қырғызстан сот және құқық қорғау органдарының өкілдері қатысуда.

Зағипа Балиева Қырғыз Республикасының Омбудсменін Адам құқықтары жөніндегі өкіл институтының 15 жылдығымен құттықтап, бала құқықтары бойынша ынтымақтастықты кеңейтуге дайын екенін білдірді. Сессияда бала құқықтарын сақтаудағы халықаралық және ұлттық институттардың рөлі, қоғамдық өмірдің барлық саласындағы бала құқықтарын қорғаудың жаңа механизмдері тақырыбында баяндамалар жасалды.

Шарада Қазақстан өкілі шетелдік әріптестеріне еліміздің бала құқықтарын қорғау моделін таныстырып, үстіміздегі жылдың қарашасында өтетін «Балаларға бауырмал Қазақстан» атты халықаралық конференцияға қатысуға шақырды.