Президент Ислам ынтымақтастығы ұйымының бас xатшысымен кездесті

Қазақстан Президенті Ислам ынтымақтастығы ұйымының ғылым және технологиялар жөніндегі саммиті аясында осы ұйымның бас хатшысы Юсеф бен Ахмад әл-Осейминмен кездесті. Бұл туралы akorda.kz xабарлады.

Егемен Қазақстан
10.09.2017 1098

Әңгіме барысында Мемлекет басшысы Қазақстан бұл ұйымның жұмысына толықтай қатысу үшін қажетті барлық шараларды қабылдап отырғанын атап өтті.

– Бүгінгі іс-шара аса маңызды. Біз саммиттің нәтижелері табысты болады деп үміттенеміз, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Ислам ынтымақтастығы ұйымының бас хатшысы Қазақстан Президентіне саммитті жоғары деңгейде ұйымдастырғаны үшін ризашылығын білдірді.

– Қазақстанның ислам әлеміндегі беделі зор. Бүгінгі саммитке келген барлық делегация өкілдерінің атынан Сізге және Қазақстан халқына қонақжайлық көрсетіп, іс-шараны жоғары деңгейде өткізгендеріңіз үшін алғыс айтамын, – деді Бас хатшы.

Юсеф бен Ахмад әл-Осеймин Ислам ынтымақтастығы ұйымының ғылым және технологиялар жөніндегі саммиті алғаш рет өткізіліп отырғанына  тоқталды.

– Мұны тарихи оқиға деп зор сеніммен айтуға болады. 57 ислам елінің өкілдері ғылым мен технология саласындағы өзекті мәселелерді талқылау үшін бас қосты. Біз ұлы дініміздің жаңа қырларын аша түсеміз деп үміттенемін. Өкінішке қарай, террористік ұйымдар әлемдегі исламның беделіне нұқсан келтіруде, – деді Ислам ынтымақтастығы ұйымының бас хатшысы.

Ұйым басшысы кең ауқымда танымал өкілдер қатысқан бүгінгі кездесу Қазақстан Президенті беделінің арқасында өткізіліп отырғанын айтты.

Юсеф бен Ахмад әл-Осеймин ислам елдерінің халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер жөнінде ортақ ұстаным қалыптастыруға және исламдық емес ұйымдармен сындарлы ынтымақтасуға бағытталған Ұйымның алдағы жұмыс жоспары туралы ой бөлісті.

Сондай-ақ, Ұйым басшысы Қазақстанның жаңа елордасы – Астананың әдемілігіне тамсанатынын айтып, қаланың инвестициялық тартымдылығына тоқталды.

Нұрсұлтан Назарбаев Юсеф бен Ахмад әл-Осейминнің Ислам ынтымақтастығы ұйымының дамуына тың серпін беретін білікті басшы екенін атап өтті.  

– Сіздің қызметіңізге табыс тілеймін, бізді қолдайтыныңызға сенемін. Қазіргі уақытта лаңкестік шабуылдардың көбісі ислам елдерінде болуда.  Осы орайда Сіздің бұл зауалмен бірлесе күрес жүргізу қажеттігі жөніндегі сөзіңіз орынды, – деді Мемлекет басшысы.

Соңында Қазақстан Президенті орта ғасырларда негізгі ғылыми жаңалықтар ислам әлемінде ашылғанына ерекше тоқталды.

– Мұны әрдайым есте ұстап, аянбай еңбек етуіміз қажет. Біз ғылым мен технологияларға арналған саммитті Төртінші өнеркәсіп төңкерісі кезінде тектен-тек өткізіп отырған жоқпыз, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

17.10.2018

Халықтың әл-ауқатын арттыру басты назарда

17.10.2018

Сенатор Б.Шелпеков Маңғыстау облысына іссапармен келді

17.10.2018

Финляндияның бірқатар компанияларымен контейнерлік тасымалды дамыту жөніндегі келісімге қол қойылды

17.10.2018

Агенттіктің аумақтық департаментінде өзгеше форматта кездесу өтті

17.10.2018

Йеменде 18 миллион адам азық-түлікке зәру

17.10.2018

Әміре Қашаубаев фестивалінің бас жүлде иегері 1 миллион теңге алады

17.10.2018

Нұрсұлтан Назарбаев Карл Маннергейм бейіті мен «Батырлар кресі» ескерткішіне гүл шоғын қою рәсіміне қатысты

17.10.2018

Елбасы Финляндияға ресми сапарының қорытындысы бойынша БАҚ өкілдеріне брифинг өткізді

17.10.2018

Нұрсұлтан Назарбаев Финляндия Республикасының Президенті Саули Ниинистёмен кездесті

17.10.2018

Дзюдодан ел чемпионаты Астанада өтеді

17.10.2018

Елеусінов Монте-Карлода жұдырықтасады

17.10.2018

Сенаторлар Түркістан облысының тұрғындарымен кездесті

17.10.2018

«Батыс» өңірлік қолбасшылығында армиялық қоян-қолтық ұрыстың үздік жауынгерлері анықталды

17.10.2018

«Егеменнің» тілшісі Хамит Есаман жүлдегер атанды

17.10.2018

Алматы облысында екі ауданға жаңа әкім тағайындалды

17.10.2018

Альварес Головкинмен қайта жұдырықтасуға қарсы емес

17.10.2018

Маңғыстауда Қарақия ауданының 45 жылдығы тойланды

17.10.2018

Мемлекет басшысының Финляндия Республикасына ресми сапары жалғасуда

17.10.2018

Kazakhstan Fashion Week сән апталығы басталды

17.10.2018

«Орда» бағдарламасы-әлеуметтік жағынан аз қорғалған отбасылардың үлкен үміті

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Сүлеймен МӘМЕТ, «Егемен Қазақстан»

Urpaq azsa – ultqa qater

J.Aımaýytov pen M.Áýezov keıbir qazaq mineziniń minin, sol mindi kórip ósken balanyń jamandyqqa salynatynyn 1917 jyly «Alash» gazetinde jarıalaǵan maqalasynda: «Ultym», – dep oqyp shyqqandar halyq arasyna kelse, qaraıa bastaıdy» dep, artynan: «Saıyp kelgende, qazaqta qalyp turǵan ózgeshe minezder: tili aıtqandy qoly qylmaıtyn – turaqsyzdyq, uıymsyzdyq, basynan aspaıtyn – ózimshildik, ezdik» depti. 

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Megapolıster múmkindigi

Elbasy «Qazaqstandyqtardyń ál-aýqatynyń ósýi: tabys pen turmys sapasyn arttyrý» atty jańa Joldaýynda elimizdiń aýmaqtyq damýyna jańa tásilder engizýdi qamtamasyz etý qajet ekendigin aıta kele: «Búginde jetekshi elderdiń ekonomıkasy kóbine jahandyq qalalar nemese megapolıster arqyly tanylady.

Жолдыбай БАЗАР, «Егемен Қазақстан»

Izgilikke shaqyrý iriliktiń belgisi

Bıylǵy 10-11 qazan kúnderi Astanada ótken Álemdik jáne dástúrli dinder kóshbasshylarynyń dástúrli siezi óziniń halyqaralyq aýqymdaǵy asa mańyzdy únqatysý alańy ekenin taǵy bir ret dáleldedi.

Арнұр АСҚАР, «Егемен Қазақстан»

Jer emgender oza ma, toza ma?

Jalpy, bizdiń halyqtyń arman-maqsatynyń bir ushyǵy qashan da jermen baılanysty sıaqty. Jerdi keńeıtý, jerdi qorǵaý, jerdi óńdeý, jerdi qurmetteý... Mentalıtetimiz jerge jaqyn. Bul basqa halyqtarda olaı emes degen sózimiz emes, biraq bizdiń halyq úshin tym erekshe sıaqty. 

Анар ТӨЛЕУХАНҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Qatygezdik vırýsy

О́tken ǵasyrdyń 80-jyldary rejısser R.Bykovtyń «Chýchelo» atty fılmi Odaq kólemindegi búkil eldi shýlatqan bolatyn. Kishkentaı ǵana 6 oqıtyn balalardyń boıynan sonshalyqty qatygezdikti kórgen qazaq qaýymy, bálesinen aýlaq, qalada ósken ózge ulttyń qatybastary ábden buzylyp ba­rady eken, bizdiń balalarymyzdan, keleshegimizden aýlaq dep shoshyǵan. Ol kezde mundaı zulymdyq qazaq balasynda kezdespeıtin jat qylyq sanalatyn. 

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу