Дін атын жамылған бүлдіргілер

Бейбіт, тыныш жатқан Сирияны соғыс өрті қаумалап, уысынан шы­ғармағалы біраз жылдың жүзі болды. Соғыс салдарынан мұнда ең ал­­ды­мен бейбіт халық зардап шегіп жатыр. Оның ішінде, әсіресе балалар мен әйелдерге, қарт адамдарға аса ауыр тиюде. Сан мыңдаған адам бас сауғалап, босқынға айналды. 

Егемен Қазақстан
11.09.2017 103

Бүгінде елдегі әлеуметтік-эконо­микалық ахуалдың ауыр екені өз алдына, «Ислам мемлекеті» (Қазақстанда тыйым салынған) деген қарулы құрылым содырлары Шам еліндегі ежел­гі ескерткіштерді жарып, қира­тып, бүлдіріп, әлемдік деңгейде баға жетпес тарихи құндылықтардың тас-тал­қанын шығарып жатыр. 

Мәселен, ДАИШ содырлары тек Пальмира қаласының ғана емес, бү­кіл Сирияның «бізде мынадай бар» деп көрсететін аса құнды көне ескерт­кіші – Триумфальды аркасын жарып жіберді. Әлемге кеңінен танымал биік­тігі 20 метрлік бұл ескерткіш импе­рия әскерінің бір ірі жеңісінің құрметіне біздің дәуірімізге дейінгі ІІ ғасырда тұрғызылған көрінеді.Әуелде ДАИШ содырлары тек діни тұрғыдан құнды саналатын ескерткіштерге көз алартып келсе, соңғы кездері олар мәдени мұра атаулыны бөліп-жармайтын болған. 

Күні бүгінге дейін «Ислам мем­лекеті» дейтіннің содырлары бас-аяғы 14 көне ескерткішті жойып жібер­ген деген ақпарат бар. Олардың бәрі де аса құнды жәдігерлер саналады. Араларында көне дәуірлік айтулы нысандардың бірі – Баалшамин және Бэла храмдары, «Аллат арыстаны» статуясы, көне Хомстағы шіркеу­лердің архитектуралық ансам­бльдері мен Ибн әл-Уалид мешіті, әске­рилердің Дамаскінің түбіндегі Маалюл қалашығындағы Мария қыздың статуя­сы, әулие Саркис пен Бахустың көне шіркеуі, 574 жылы салынған Сейднай монастырі, т.б. бар. 

Сондай-ақ ДАИШ террористері Мосул қаласындағы әлемге әйгілі архео­логиялық музейге, Алеппо қала­сында шоғырланған ортағасырлық базарларға, мешіттер мен медреселерге соққы берген болатын. Үкімет әскерлері мен ДАИШ содырлары арасындағы ұрыс салдарынан археологтар тапқан көне Ассирия қала­лары – Нимруд пен Дур-Шарукин жер­мен жексен етілді. Сирияның оңтүс­тігіндегі Бусра қаласында орын тепкен антикалық аса ірі амфитеатр айтарлықтай зардап шекті. Онда бейбіт кезеңде фольклорлық музыкалық фестивальдар өткізіліп келіпті. 

Тағылықта шек болмайды деген рас екен. ДАИШ баскесерлері Паль­мираның сақшысы, белгілі сирия­лық археолог әрі Пальмира музейінің директоры 82 жастағы Халед әл-Асаадты қинап өлтірген. Ең соңында басы алынған әл-Асаад өмірінің 50 жылдан астамын 2000 жылдық тарихы бар ежелгі мәдени ескерткіштерді көзінің қарашығындай сақтап, күзетуге арнаған екен. 

Бүгінде халықаралық қоғамдастық ДАИШ содырларының тағылық әре­кеттерін айыптап отыр. Өйткені обал мен сауаптың аражігін ажырат­қысы келмейтін, көздеріне қан толған қа­раулар барша адамзаттың, оның ішін­де мұсылмандардың да шын мәнінде аса құнды мұрасы болып кел­ген ежелгі мәдени және тарихи ескерт­кіштерді қиратып, барша әлемге өздерінің жиіркеніш тудыратын шын бет-бейнелерін айқын көрсетіп беруде. Кие, қасиет деген түсініктерден жұрдай тобырдың Шам еліндегі шатақ та жабайы әрекеттері жаға ұстатпай қоймайды. 

Террористердің уәждері де езуге еріксіз күлкі үйіреді. Олардың ұстанымынша, көне ескерткіштер шынайы ислам мәдениетінің идеологиясымен еш үйлеспейді. Сондықтан кез келген ескерткіштер мен бейнелерге тыйым салынуы тиіс. Өйткені адам баласы Құдайдан басқаның бәрін тәрк етуі керек, яғни қолдан идолдар жасауға мүлдем болмайды. Міне, содырлар осылайша ежелгі мәдени және тарихи ескерткіштерді қиратып, жою арқылы айналасына үрей таратып отыр. «Уахабизмнің» ішкі мәні мен мазмұны да осында жатса керек. 

Сонымен Сирияда адам қолымен жасалған көне де қайталанбас мәдени-тарихи ескерткіштер жойып жіберіліп жатыр. Бұған қоса, елді мекендер қирандыға айналды. Соғыс аяқталып, елде бейбіт өмір орнаған күннің өзінде талас-тартыстан титықтаған ел ес жи­ып, оларды қалпына келтіргенше, сөйтіп, халыққа қалыпты жағдай жа­сал­­ғанша да қанша уақыт, қаржы, күш-жігер қажет болады десеңші. 

Сонда мұның сұрауы кімнен деген заңды сұрақ туындайды. Елдерді іштен ірітуге мүдделі сыртқы күштер идео­логиялық, қаржылай және қарумен жан-жақты қолдау көрсетіп отырған тұста ДАИШ лаңкестерінің тамырына балта шабудың да оңайға түспейтіні анық.

Самат МҰСА,
«Егемен Қазақстан»
 

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

18.11.2017

ОҚО-да биыл жалпы өңірлік өнім көлемі 1 340 491 млн. теңгені құрады

18.11.2017

Үкімет басшысы Жамбыл өңірінің жай-күйімен танысты

18.11.2017

Атырауда ақын Өтеген Оралбаевтың шығармашылық кеші өтті

18.11.2017

Өзге ұлт өкілдері де латын қаріпті көне кітаптарды ұстап көрді

18.11.2017

Оңтүстікте он айда өнеркәсіп кәсіпорындарымен 684 млн теңгеге жуық өнім өндірілді

18.11.2017

ОҚО-да орташа жалақы мөлшері 101 мың теңгеден асқан

18.11.2017

Төрт дүркін чемпион дүркіретіп той берді

17.11.2017

Әбдіқалықованың төрағалығымен Мемлекеттік наградалар жөніндегі комиссияның отырысы өтті

17.11.2017

Сағынтаев оңтүстік өңірлердің аграршыларымен кездесті

17.11.2017

ОҚО әкімі жазушы-драматург Дулат Исабековпен кездесті

17.11.2017

Үкімет басшысы Жамбылдағы минералды тыңайтқыштар зауытына барды

17.11.2017

«Нұр Отан» партиясында «Көш көлікті болсын» акциясы өтті

17.11.2017

Қыздар университетінің студенті гран-при иегері атанды

17.11.2017

Түлкібаста биыл 31 өндірістік кооператив құрылды

17.11.2017

Назарбаев «Royal Dutch Shell» концернінің бас атқарушы директорымен кездесті

17.11.2017

ТМД-ға мүше мемлекеттердің жастар ісі жөніндегі Кеңесінің отырысы өтті

17.11.2017

Динара Сәдуақасова БҰҰ Балалар қорының Қазақстандағы елшісі болып жарияланады

17.11.2017

Лос-Анжелесте Қазақстан мәдениеті мен киносының күндері өтеді

17.11.2017

ОҚО бала туу мен табиғи өсім бойынша республикада көш бастап келеді

17.11.2017

Бақытжан Сағынтаев жұмыс сапарымен Жамбыл облысына барды

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Нәзира РАХМАНҚЫЗЫ, кинотанушы

Коммерциялық кино: ақша һәм арзан күлкі

Немістің атақты кино теоретигі Зигфрид Кракауэрдің «Коммерциялық кино мен көпшілік психологиясы өзара байланысты және ол спираль тек­тес болып келеді» деген пікірі бар. Шынында да, коммерциялық ки­но мен  көпшілік, яғни көрермен пси­хологиясының арасында қандай байланыс бар?   

Александр ТАСБОЛАТОВ, «Егемен Қазақстан»

Зардабын қателіктің тартқан білер

Кез келген адам шешімі күрде­леніп, бірнеше сот процестеріне ұласатын дауға басын сұға қой­май­ды. Одан өзіне пайда жоқ екенін де біледі. 

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

Күйгелектік қадірді кетіреді

«Қоғамда болып жатқан терең өзгерістерге байланысты біздің тарихқа қайтадан үңіліп, сол кездерден бүгінгі күннің проблемаларынан шығудың жолын іздеп, болашаққа сабақ алуымыз керек», деген еді Президент Н.Назарбаев өзінің «Тарих толқынында» кітабында. Тарихтан сабақ алу – қай заманда болса да күшін жоймайтын, ескірмейтін маңызды мәселе.        G M T     Определить языкАзербайджанскийАлбанскийАнглийскийАрабскийАрмянскийАфрикаансБаскскийБелорусскийБенгальскийБирманскийБолгарскийБоснийскийВаллийскийВенгерскийВьетнамскийГалисийскийГреческийГрузинскийГуджаратиДатскийЗулуИвритИгбоИдишИндонезийскийИрландскийИсландскийИспанскийИтальянскийЙорубаКазахскийКаннадаКаталанскийКитайский (Упр)Китайский (Трад)КорейскийКреольский (Гаити)КхмерскийЛаосскийЛатинскийЛатышскийЛитовскийМакедонскийМалагасийскийМалайскийМалайяламМальтийскийМаориМаратхиМонгольскийНемецкийНепалиНидерландскийНорвежскийПанджабиПерсидскийПольскийПортугальскийРумынскийРусскийСебуанскийСербскийСесотоСингальскийСловацкийСловенскийСомалиСуахилиСуданскийТагальскийТаджикскийТайскийТамильскийТелугуТурецкийУзбекскийУкраинскийУрдуФинскийФранцузскийХаусаХиндиХмонгХорватскийЧеваЧешскийШведскийЭсперантоЭстонскийЯванскийЯпонский   АзербайджанскийАлбанскийАнглийскийАрабскийАрмянскийАфрикаансБаскскийБелорусскийБенгальскийБирманскийБолгарскийБоснийскийВаллийскийВенгерскийВьетнамскийГалисийскийГреческийГрузинскийГуджаратиДатскийЗулуИвритИгбоИдишИндонезийскийИрландскийИсландскийИспанскийИтальянскийЙорубаКазахскийКаннадаКаталанскийКитайский (Упр)Китайский (Трад)КорейскийКреольский (Гаити)КхмерскийЛаосскийЛатинскийЛатышскийЛитовскийМакедонскийМалагасийскийМалайскийМалайяламМальтийскийМаориМаратхиМонгольскийНемецкийНепалиНидерландскийНорвежскийПанджабиПерсидскийПольскийПортугальскийРумынскийРусскийСебуанскийСербскийСесотоСингальскийСловацкийСловенскийСомалиСуахилиСуданскийТагальскийТаджикскийТайскийТамильскийТелугуТурецкийУзбекскийУкраинскийУрдуФинскийФранцузскийХаусаХиндиХмонгХорватскийЧеваЧешскийШведскийЭсперантоЭстонскийЯванскийЯпонский                   Звуковая функция ограничена 200 символами     Настройки : История : Обратная связь : DonateЗакрыть

Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Тілде буын жоқ...

Көп сөйлейміз. Көпіріп. Әңгі­ме­­ні көп айтамыз. Тіл безеп. Ше­шенсиміз. Көсемсиміз. Кеуде ұра­мыз. Біз білеміз дейміз. Біздікі ғана дұрыс. Өзгелердікі сандырақ. Біз ба­тырмыз. Біз ақынбыз. Біздей данышпан халық жоқ. Осының бәрі рас па екен өзі?..

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Түрлі өмірді бастан кешу мүмкіндігі

Оны адамға кітап қана бере алады

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу