Астанада «Рух жаңғырығы» атты айтыс өтіп жатыр

Дәл қазір Астанадағы «Қазақстан» орталық концерт залында Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласына орай ұйымдастырылған «Рух жаңғырығы» атты халықаралық ақындар айтысы жатыр.

 

Егемен Қазақстан
13.09.2017 4613

Есілдің жағасын ерен жырға бөлеп жатқан айтулы айтысқа қазақ айтысында алғашқы болып шоу жасаған ақындардың бірі Моңғолиядан келген Қабдіжәлел Сахария, айтыстың баяғы жүйрік, алмамойын ақсұңары Айнұр Тұрсынбаева және әрдәйім ойлы сөзі ондыққа дөп тиіп, тыңдарманын тамсандырудан танбай келе жатқан айтыстың көзмергені Жандарбек Бұлғақов бастағаған Арзыгүл Қайымбекқызы, Мөлдір Айтбай, Әсет Дүйсебай, Талғат Мықи, Мұрадым Мирланов, Сырым Әуезхан, Іңкәрбек Әділхан, Есімжан Нақтыбайұлы, Қуаныш Нұржанов, Фархат Маратұлы, Қуандық Кенжебекұлы, Нұрлан Бектібаев, Мұхамеджан Мансұров сынды кіл көкмойнақ жас перілер қатысып жатыр.

ҚР Мəдениет жəне спорт министрлігі, «Нұр Отан» партиясы Астана қалалық филиалы, халықаралық «Жас-Ай» медициналық орталығы ұйымдастырған сөз додасына белгілі абайтанушы, Ұлттық Ғылым академиясының академигі Ғарифолла Есім, "Ардагерлер ұйымы" төрағасы, қоғам қайраткер Өмірзақ Озғанбай, ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитеті төрағасының орынбасары Ғалымжан Мелдеш, ҚР Мәдениет қайраткері Оразгүл Асанғазы (төрағасы), ақын Дүкен Мәсімханұлы, Халық ақыны Қонысбай Әбілов және айтыстың қазанында қайнап өскен Балғынбек Имашевтар қазылық етуде.

Астана жұртын сүбелі сөзге қарқ қылып жатқан айтулы айтысты халықаралық, республикалық айтыстардың жеңімпазы, белгілі айтыс ақыны Серік Құсанбаев жүргізіп отыр.

Қазір үшінші жұпта Айнұр Тұрсынбаева мен Сырым Әуезхан айтысып жатыр.

Ұларбек Нұрғалымұлы,

«Егемен Қазақстан»

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

21.09.2017

Абаев Қазақстан мен АҚШ президенттерінің телефонмен сөйлесуіне пікір білдірді

21.09.2017

Дәурен Абаев: ИЫҰ саммитінің мәртебесі ЕҚЫҰ саммитінен кем түспейді

21.09.2017

«Цифрлық Қазақстан» бағдарламасының маңызы зор - министр Абаев

21.09.2017

Ұлттық ұланның халықаралық турнирі басталды

21.09.2017

ОҚО-да ЭКСПО-2017 көрмесіне атсалысқан ерікті жастар марапатталды

21.09.2017

Астанада EXPO-2017 көрмесінің 16 «жасыл» жобасы іске асырылмақ

21.09.2017

«Kostanay Invest–2017» инвестициялық форумында 26  меморандумға қол қойылды

21.09.2017

Келер жылы мектеп бағдарламасына қоғам және дінтану сабағы енгізілуі мүмкін

21.09.2017

Қазақстанда қалайы өндіруге салық мөлшері азайтылмақ

21.09.2017

Біртанов МӘМС бойынша жиын өткізді

21.09.2017

Чемпиондар лигасының 2019 жылғы финалы Мадридте өтетін болды

21.09.2017

Жас журналистерге арналған жоба іске қосылды

21.09.2017

Студенттерге елордадағы хостелдерден жеңілдік ұсынылды

21.09.2017

«Zhangyru» корпоративтік оқыту» жобасына іріктеу басталды

21.09.2017

ЭКСПО-2017 Маңғыстау облысына қуатты серпін берді - Е.Тоғжанов

21.09.2017

Отбасылық еңбек өтілі 100 жылдан асқан ұстаздар марапатталды

21.09.2017

Құл-Мұхаммедтің төрағалығымен партиялық тыңдау өтті

21.09.2017

Мемхатшы әлеуметтік қамсыздандыру мәселесін талқылады

21.09.2017

Астана әуежайындағы автотұрақ бағасы арзандайды

21.09.2017

Сағынтаев экономика мәселелері жөніндегі Сараптама кеңесінің кезекті отырысын өткізді

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Қайрат ӘБІЛДИНОВ, «Егемен Қазақстан»

Сапасыз білім сан соқтырады

Спортшылардың «спорттық ғұ­мы­ры» қамшының сабындай қыс­қа. Жұрттың бәрі Головкиндей отыз­дың жуан ортасында жай оғындай жар­қылдап жүрмейді. Жасы келіп, күш-қуаты кемігенде боксшы қолғабын, фут­­болшы бутсысын шегеге іледі. Иә,­­ талай жылғы серігімен қош ай­­­тыс­қан ардагер спортшының қай-­қайсысы болса да «Әрі қарай не­ істеймін?» деген тағдыршешті сұрақ­қа түбі бір маңдай тірейді. 

Анар ТӨЛЕУХАНҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Өрелі өрен іздеймін

Халқымыз  «Ұлың өссе ұлық­ты­мен, қызың өссе қылықтымен ауылдас бол» деп бекер айтпаған. Өйткені, жа­ңа көктеп келе жатқан жас шыбық қа­тарына қарап бой түзейді, бір-бі­рінің ойын байытады немесе кері әсерімен қисық, қыңыр болып өсуіне де әсерін тигізеді. Қанатты сөз осындайларды көріп ой түйгеннен туса керек.

Ғалым ОМАРХАН, «Егемен Қазақстан»

Такси мен «тәбет»

Астанадағы автобустардың қыз­мет көрсету сапасы жайлы мақала шық­қан­нан кейін («Қоғамдық көлік және жолаушы мәдениеті», «Егемен Қазақ­стан», 7 қыркүйек, 2017 жыл) бірнеше оқырман хабарласып, «Так­сист болып бір-екі күн жұмыс істеп көріңізші, біраз мәселеге қанығар едіңіз» деп ой тастады. 

Жанат МОМЫНҚҰЛОВ, Сарапшы

Қазақстанның миссиясы айқын

Еліміздің сыртқы әлемдегі абы­рой-атағы мен халықаралық бе­делі жүзеге асырылып жатқан ірі­ бас­тамалар мен кең ауқымды іс-шаралардан көрініс тауып, өзі­нің тиісті бағасын алып отыр. 

Нәзира РАХМАНҚЫЗЫ, кинотанушы

Рухани айналымға түспеген фильмдер

Кино туралы сөз қозғалса, жұрттың назары әсіресе тарихи-биографиялық, комедиялық фильмдерге көбірек ауатыны белгілі. Қоғамдық пікір негізінен осы екеуінің айналасында өрбіп жатады. Қазіргі біздің жағдайы­мыз да дәл осындай. Оның себебі түсі­нік­ті ғой.  

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу