Қазақстан • 13 Қыркүйек, 2017

Қарағандыда ауладан табылған қоқиқаз қорыққа жіберілді

627 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін қарағандылық С. Каубр есімді тұрғын өз ауласынан қоқиқазға ұқсайтын жабайы құс тауып алған. 

Қарағандыда ауладан табылған қоқиқаз қорыққа жіберілді

Осыған орай облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі инспекциясының өкілдеріне хабарланып, арнайы тексерістен соң жабайы құстың қызғылт қоқиқаз екені расталды.

Мамандардың айтуынша, құстың сол жақ сирағы жарықшақтанғаны болмаса, дені сау. Инспекция өкілдері Қорғалжың мемлекеттік табиғи қорығының өкілдерімен хабарласып, табылған құсты арнайы мекенге жіберу туралы шешім қабылдады. Сонымен бірге құсты құтқарып, дер кезінде хабарлағаны үшін азамат Каубрге алғыс айтты.

Мұндай құс Қазақстанда жойылып бара жатқан себепті Қызыл кітапқа енген. Қоқиқаз түрi қызғылт, бойы 1,5 м, тұмсығы имиген, мекиенi екеуi 2-3 жұмыртқаны кезектесiп басады. Ұясы доға тәрiздес,  су көп келетін жылы биіктеу етіп салады. Жақсы, жайлы жылдары қорыққа 50 000-60 000 қоқиқаз ұшып келеді.

Ая ӨМІРТАЙ,

«Егемен Қазақстан»