Ұлттық Ұланда «Елбасы сабақтары» атты жаңа жоба басталды

Биылғы оқу жылынан бастап Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланында жаңа жоба қолға алынды. Жастарды елдікке тәрбиелейтін патриоттық іс- шара «Елбасы сабақтары» деп аталады. 

Егемен Қазақстан
13.09.2017 3682

Аталған сабақтар құқықтық тәртіп әскерлерінің республикадағы барлық құрылымдық әскери бөлімдерінде өткізілетін болады. Әскерге рух беруші тәрбиеші офицерлер Отан күзетінде жүрген жауынгерлерге, жалпы әскери ұжымның әр мүшесіне Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың сындарлы саясаты мен тәуелсіздік жылдары еліміздің жеткен  жетістіктері жайлы кең тұрғыда түсіндіріп, тәрбие сағаты ретінде дәріс өткізеді.

Елбасы сабақтары әр түрлі тақырыптарды қамтыған. Мәселен,  «Елбасының Отан жайлы айтқандары», «Елбасының халықтар достығы мен бірлігі жайлы ұлағаттары», «Елбасының отбасы жайлы айтқандары», «Елбасының ел тарихы жайлы айтқандары», «Елбасының ұлттық қауіпсіздік жайлы байламдары» және тағы басқа Президентіміздің аса өзекті толғам-ойлары жауынгерлік ұжым мүшелерінің рухын көтеру мен шыңдауға жолбасшы тәрбие өзегі ретінде алынған.

Алғашқы сабақ Алматы қаласындағы Ұлттық Ұланның «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығында тәрбиеші офицерлермен және әскери қоғамдық ұйымдардың өкілдерімен өткізілді. Шымылдық ашар сабақтың тақырыбы: «Елбасының тіл туралы және ұлттық код жайлы айтқан толғамдары» деп аталды. Сабақ барысында қазақ тілінің латын әліпбиіне ауысу мәселелері, еліміздегі үштілділік саясаты мен қазақ тілінің ұлттық коды мен қазақ халқының мәдениетін сақтаудағы айрықша рөлі кеңінен айтылды. Сондай-ақ, шара барысында Елбасының мемлекеттік тіл және шет тілдер жайлы айтқан ой-толғамдары басылған бейне-аудио жазбалар тыңдарман назарына ұсынылды.

 – Елбасы халқымыздың арқа сүйер алып тұлғасы, тау тұғыры. Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың осы уақытқа дейінгі атқарып жатқан толағай істеріне баршамыз куәгерміз. Халқын шексіз сүйіп, елінің бір қажетіне жарасам деп тыным таппай жүрген өз ұлтының асыл перзенті, Елбасымыздың арқасында ширек ғасыр уақытының ішінде еліміз жарқын даму жолынан өтті. Кезінде арман болған игі істеріміз жүзеге асып отыр. Қазақ халқы өзге елдермен терезесі тең, керегесі кең тұрғыда дамып, өркендеп келеді. Бұл елдің маңдайына біткен бақ. Елбасының осы уақытқа дейін айтып келе жатқан ой-толғамдары үлкен тәрбиелік мәнге ие. Өздеріңіз білетіндей, Тұңғыш Президентіміз алуан тақырыптарда әр жиын, кеңестерде, өзінің жазған кітаптарында, мақалаларында үлкен келелі ойлар, елімізді жарқын болашаққа бастар бағдарларды көрсетіп келеді. Мәселен, тіл, шекара, ұлттық қауіпсіздік, ядролық қаруланудың адамзатқа қатері, ұлтаралық достық, Отан, туған жер, ұлт, тағы да көптеген тақырыптарда айтқан ойлары жеке азаматты да, ұжымдарды да тәрбиелеуге пайдаланылар тұнып тұрған қайнар көз. Міне, біз осыны ескеріп, ендігі кезекте Елбасының сөздерін дәйекке ала отырып, жеке құрамды тәрбиелемекпіз. Елбасының айтқан әр тақырыптағы ойлары бір, бір сағат болып жіктеліп, мамандарымызбен мұрағаттан алынған бейнежазбаларымен дәйектеліп, жеке құрамға ұсынылатын болады – дейді  «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы қолбасшысының тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары полковник Сабыржан  Сүлейменов.

Жобаны ұйымдастырушылар, тәрбиелік-танымдық сабақтардың басты мақсаты – Отан қорғаушыларды елді сүюге, халыққа, Елбасына қалтқысыз қызмет етуге тәрбиелеу, әскери қызметшілердің қоғамдық-азаматтық өмірге белсенді араласуына септесу, тұлғалар бойында шешендік өнерді дамыту екенін айтады.

Арман ОКТЯБРЬ,

«Егемен Қазақстан»

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

18.11.2017

ОҚО-да биыл жалпы өңірлік өнім көлемі 1 340 491 млн. теңгені құрады

18.11.2017

Үкімет басшысы Жамбыл өңірінің жай-күйімен танысты

18.11.2017

Атырауда ақын Өтеген Оралбаевтың шығармашылық кеші өтті

18.11.2017

Өзге ұлт өкілдері де латын қаріпті көне кітаптарды ұстап көрді

18.11.2017

Оңтүстікте он айда өнеркәсіп кәсіпорындарымен 684 млн теңгеге жуық өнім өндірілді

18.11.2017

ОҚО-да орташа жалақы мөлшері 101 мың теңгеден асқан

18.11.2017

Төрт дүркін чемпион дүркіретіп той берді

17.11.2017

Әбдіқалықованың төрағалығымен Мемлекеттік наградалар жөніндегі комиссияның отырысы өтті

17.11.2017

Сағынтаев оңтүстік өңірлердің аграршыларымен кездесті

17.11.2017

ОҚО әкімі жазушы-драматург Дулат Исабековпен кездесті

17.11.2017

Үкімет басшысы Жамбылдағы минералды тыңайтқыштар зауытына барды

17.11.2017

«Нұр Отан» партиясында «Көш көлікті болсын» акциясы өтті

17.11.2017

Қыздар университетінің студенті гран-при иегері атанды

17.11.2017

Түлкібаста биыл 31 өндірістік кооператив құрылды

17.11.2017

Назарбаев «Royal Dutch Shell» концернінің бас атқарушы директорымен кездесті

17.11.2017

ТМД-ға мүше мемлекеттердің жастар ісі жөніндегі Кеңесінің отырысы өтті

17.11.2017

Динара Сәдуақасова БҰҰ Балалар қорының Қазақстандағы елшісі болып жарияланады

17.11.2017

Лос-Анжелесте Қазақстан мәдениеті мен киносының күндері өтеді

17.11.2017

ОҚО бала туу мен табиғи өсім бойынша республикада көш бастап келеді

17.11.2017

Бақытжан Сағынтаев жұмыс сапарымен Жамбыл облысына барды

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Нәзира РАХМАНҚЫЗЫ, кинотанушы

Коммерциялық кино: ақша һәм арзан күлкі

Немістің атақты кино теоретигі Зигфрид Кракауэрдің «Коммерциялық кино мен көпшілік психологиясы өзара байланысты және ол спираль тек­тес болып келеді» деген пікірі бар. Шынында да, коммерциялық ки­но мен  көпшілік, яғни көрермен пси­хологиясының арасында қандай байланыс бар?   

Александр ТАСБОЛАТОВ, «Егемен Қазақстан»

Зардабын қателіктің тартқан білер

Кез келген адам шешімі күрде­леніп, бірнеше сот процестеріне ұласатын дауға басын сұға қой­май­ды. Одан өзіне пайда жоқ екенін де біледі. 

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

Күйгелектік қадірді кетіреді

«Қоғамда болып жатқан терең өзгерістерге байланысты біздің тарихқа қайтадан үңіліп, сол кездерден бүгінгі күннің проблемаларынан шығудың жолын іздеп, болашаққа сабақ алуымыз керек», деген еді Президент Н.Назарбаев өзінің «Тарих толқынында» кітабында. Тарихтан сабақ алу – қай заманда болса да күшін жоймайтын, ескірмейтін маңызды мәселе.        G M T     Определить языкАзербайджанскийАлбанскийАнглийскийАрабскийАрмянскийАфрикаансБаскскийБелорусскийБенгальскийБирманскийБолгарскийБоснийскийВаллийскийВенгерскийВьетнамскийГалисийскийГреческийГрузинскийГуджаратиДатскийЗулуИвритИгбоИдишИндонезийскийИрландскийИсландскийИспанскийИтальянскийЙорубаКазахскийКаннадаКаталанскийКитайский (Упр)Китайский (Трад)КорейскийКреольский (Гаити)КхмерскийЛаосскийЛатинскийЛатышскийЛитовскийМакедонскийМалагасийскийМалайскийМалайяламМальтийскийМаориМаратхиМонгольскийНемецкийНепалиНидерландскийНорвежскийПанджабиПерсидскийПольскийПортугальскийРумынскийРусскийСебуанскийСербскийСесотоСингальскийСловацкийСловенскийСомалиСуахилиСуданскийТагальскийТаджикскийТайскийТамильскийТелугуТурецкийУзбекскийУкраинскийУрдуФинскийФранцузскийХаусаХиндиХмонгХорватскийЧеваЧешскийШведскийЭсперантоЭстонскийЯванскийЯпонский   АзербайджанскийАлбанскийАнглийскийАрабскийАрмянскийАфрикаансБаскскийБелорусскийБенгальскийБирманскийБолгарскийБоснийскийВаллийскийВенгерскийВьетнамскийГалисийскийГреческийГрузинскийГуджаратиДатскийЗулуИвритИгбоИдишИндонезийскийИрландскийИсландскийИспанскийИтальянскийЙорубаКазахскийКаннадаКаталанскийКитайский (Упр)Китайский (Трад)КорейскийКреольский (Гаити)КхмерскийЛаосскийЛатинскийЛатышскийЛитовскийМакедонскийМалагасийскийМалайскийМалайяламМальтийскийМаориМаратхиМонгольскийНемецкийНепалиНидерландскийНорвежскийПанджабиПерсидскийПольскийПортугальскийРумынскийРусскийСебуанскийСербскийСесотоСингальскийСловацкийСловенскийСомалиСуахилиСуданскийТагальскийТаджикскийТайскийТамильскийТелугуТурецкийУзбекскийУкраинскийУрдуФинскийФранцузскийХаусаХиндиХмонгХорватскийЧеваЧешскийШведскийЭсперантоЭстонскийЯванскийЯпонский                   Звуковая функция ограничена 200 символами     Настройки : История : Обратная связь : DonateЗакрыть

Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Тілде буын жоқ...

Көп сөйлейміз. Көпіріп. Әңгі­ме­­ні көп айтамыз. Тіл безеп. Ше­шенсиміз. Көсемсиміз. Кеуде ұра­мыз. Біз білеміз дейміз. Біздікі ғана дұрыс. Өзгелердікі сандырақ. Біз ба­тырмыз. Біз ақынбыз. Біздей данышпан халық жоқ. Осының бәрі рас па екен өзі?..

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Түрлі өмірді бастан кешу мүмкіндігі

Оны адамға кітап қана бере алады

Тағы да оқу

Пікірлер(3)

Жанат (22.09.2017 01:46:38)

Ұлтшыл-патриоттарды тәрбиелеу үшін еліміздің тарихын, төл мәденитін, дәстүрлі жағын оқытып жастарға ұландарымызға дәріптеу керек. Сондай-ақ батыр-билеріміздің білімдерін, қазыналарын зерттеумен айналысу керек.

Азамат (17.09.2017 15:33:15)

Қызық практикасы. Адамадармен осындай кездесілер өткізу керек. Осылай мемлекеттің саяси бағдарламаларын халыққа жеткізу керек.

Еңлік (01.10.2017 18:59:01)

Жастарды Отансүйгіштікке дайындап, елі мен жерін сүюге үйрету қажет.

Пікір қосу