Қазақстан цифрлы бәсекеге қабілеттілік рейтингінде 30-шы орынды иеленуі тиіс – Үкімет басшысы

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев кеше елордада өткен цифрландыру мәселелері жөніндегі республикалық кеңеске қатысты. Жиында елімізде цифрландыру бағытында қолға алынған шаралар жөнінде Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаев, сондай-ақ, Қазақстанда қызмет етіп жүрген бірқатар шетелдік мамандар, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және инновациялар саласындағы сарапшылар баяндама жасады.

Егемен Қазақстан
13.09.2017 2651

Үкімет басшысы «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы жобасын таныстырып, оның негізгі басымдықтарына тоқталды. «Бағдарламаны даярлау кезінде Үкімет тарапынан Қазақстан экономикасы үшін цифрлы дәуірдің қамтып отырған жаһандық сын-қатерлері мен мүмкіндіктері ескерілді. Осыған байланысты екі бағыт айқындалды. Біріншіден, цифрландыру процесінің тұрақтылығы үшін инновациялық дамудың ұзақ мерзімді институттарын құру болса, екіншіден, нақты сектордағы белгіленген жобалардан тұратын бағдарламаның прагматикалық басталуын қамтамасыз ету көзделген», деп атап өтті Б.Сағынтаев.

Бұл ретте Қазақстан Үкіметінің 9 базалық салада үдемелі цифрландырудың стратегиясына ерекше мән беріп отырғанына да назар аударылды. Мәселен, энергетика мен шикізатқа, агроөнеркәсіптік кешенге, өнеркәсіп, логистика мен ақпараттық технологияларға айрықша екпін қойылған.

«Осы арқылы біз алдымызға қойған екі мақсат-міндетті шешеміз. Біріншіден, елдің флагмандық салаларының технологиялық жаңғыруы үшін тың серпін беріледі. Екіншіден, еңбек өнімділігінің ауқымды өсіміне қажетті жағдай қалыптасады. Атап айтқанда, бағдарламаның басты мақсаттары айқындалды. 2025 жылға қарай Қазақстан цифрлы бәсекеге қабілеттіліктің халықаралық рейтингінде 30-шы орынды иеленуі тиіс. Бұл өз кезегінде стратегиялық маңызды көрсеткішке жетуге мүмкіндік береді, яғни жыл сайын экономика өсімінің үштен бірін цифрлы экономиканың есебінен құруға жол ашады», деді Үкімет басшысы. Премьер-Министрдің сөзіне қарағанда, цифрлы трансформация бағдарламасында төрт негізгі бағыт қамтылған. Осы тұрғыда экономиканың базалық салаларын цифрландыру, мобильді мемлекетті дамыту, креативті қоғамды жетілдіру, елдің цифрлы трансформациясына қажетті жаңа инфрақұрылымды құру ескеріліп отыр.

Динара Бітікова,

«Егемен Қазақстан»

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

21.09.2017

Абаев Қазақстан мен АҚШ президенттерінің телефонмен сөйлесуіне пікір білдірді

21.09.2017

Дәурен Абаев: ИЫҰ саммитінің мәртебесі ЕҚЫҰ саммитінен кем түспейді

21.09.2017

«Цифрлық Қазақстан» бағдарламасының маңызы зор - министр Абаев

21.09.2017

Ұлттық ұланның халықаралық турнирі басталды

21.09.2017

ОҚО-да ЭКСПО-2017 көрмесіне атсалысқан ерікті жастар марапатталды

21.09.2017

Астанада EXPO-2017 көрмесінің 16 «жасыл» жобасы іске асырылмақ

21.09.2017

«Kostanay Invest–2017» инвестициялық форумында 26  меморандумға қол қойылды

21.09.2017

Келер жылы мектеп бағдарламасына қоғам және дінтану сабағы енгізілуі мүмкін

21.09.2017

Қазақстанда қалайы өндіруге салық мөлшері азайтылмақ

21.09.2017

Біртанов МӘМС бойынша жиын өткізді

21.09.2017

Чемпиондар лигасының 2019 жылғы финалы Мадридте өтетін болды

21.09.2017

Жас журналистерге арналған жоба іске қосылды

21.09.2017

Студенттерге елордадағы хостелдерден жеңілдік ұсынылды

21.09.2017

«Zhangyru» корпоративтік оқыту» жобасына іріктеу басталды

21.09.2017

ЭКСПО-2017 Маңғыстау облысына қуатты серпін берді - Е.Тоғжанов

21.09.2017

Отбасылық еңбек өтілі 100 жылдан асқан ұстаздар марапатталды

21.09.2017

Құл-Мұхаммедтің төрағалығымен партиялық тыңдау өтті

21.09.2017

Мемхатшы әлеуметтік қамсыздандыру мәселесін талқылады

21.09.2017

Астана әуежайындағы автотұрақ бағасы арзандайды

21.09.2017

Сағынтаев экономика мәселелері жөніндегі Сараптама кеңесінің кезекті отырысын өткізді

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Қайрат ӘБІЛДИНОВ, «Егемен Қазақстан»

Сапасыз білім сан соқтырады

Спортшылардың «спорттық ғұ­мы­ры» қамшының сабындай қыс­қа. Жұрттың бәрі Головкиндей отыз­дың жуан ортасында жай оғындай жар­қылдап жүрмейді. Жасы келіп, күш-қуаты кемігенде боксшы қолғабын, фут­­болшы бутсысын шегеге іледі. Иә,­­ талай жылғы серігімен қош ай­­­тыс­қан ардагер спортшының қай-­қайсысы болса да «Әрі қарай не­ істеймін?» деген тағдыршешті сұрақ­қа түбі бір маңдай тірейді. 

Анар ТӨЛЕУХАНҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Өрелі өрен іздеймін

Халқымыз  «Ұлың өссе ұлық­ты­мен, қызың өссе қылықтымен ауылдас бол» деп бекер айтпаған. Өйткені, жа­ңа көктеп келе жатқан жас шыбық қа­тарына қарап бой түзейді, бір-бі­рінің ойын байытады немесе кері әсерімен қисық, қыңыр болып өсуіне де әсерін тигізеді. Қанатты сөз осындайларды көріп ой түйгеннен туса керек.

Ғалым ОМАРХАН, «Егемен Қазақстан»

Такси мен «тәбет»

Астанадағы автобустардың қыз­мет көрсету сапасы жайлы мақала шық­қан­нан кейін («Қоғамдық көлік және жолаушы мәдениеті», «Егемен Қазақ­стан», 7 қыркүйек, 2017 жыл) бірнеше оқырман хабарласып, «Так­сист болып бір-екі күн жұмыс істеп көріңізші, біраз мәселеге қанығар едіңіз» деп ой тастады. 

Жанат МОМЫНҚҰЛОВ, Сарапшы

Қазақстанның миссиясы айқын

Еліміздің сыртқы әлемдегі абы­рой-атағы мен халықаралық бе­делі жүзеге асырылып жатқан ірі­ бас­тамалар мен кең ауқымды іс-шаралардан көрініс тауып, өзі­нің тиісті бағасын алып отыр. 

Нәзира РАХМАНҚЫЗЫ, кинотанушы

Рухани айналымға түспеген фильмдер

Кино туралы сөз қозғалса, жұрттың назары әсіресе тарихи-биографиялық, комедиялық фильмдерге көбірек ауатыны белгілі. Қоғамдық пікір негізінен осы екеуінің айналасында өрбіп жатады. Қазіргі біздің жағдайы­мыз да дәл осындай. Оның себебі түсі­нік­ті ғой.  

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу