Футбол • 15 Қыркүйек, 2017

Шағын футболдан халықаралық турнир өтеді

517 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

2017 жылдың 21-22 қазанында филология ғылымдарының докторы, профессор Тұрсынбек Кәкішевтің 90 жылдығына орай «Ер Жәнібек» халықаралық қоғамдық қорының ұйымдастыруымен әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың спорт кешенінде дүние жүзі қазақ жастары арасында шағын футболдан дәстүрлі «ER JANIBEK CUP» халықаралық турнирі өтеді. 

Шағын футболдан халықаралық турнир өтеді

"Бар өмірін қазақ әдебиеті сынын зерттеу мен Алаш арыстарын жоқтауға арнаған білгір ғалым, ұлағатты ұстаз Тұрсынбек Кәкішевтің 90 жылдығында шағын футболдан турнир ұйымдастырудағы мақсатымыз – дүниенің төрт бұрышында жүрген қазақ жастарының өзара жақын қарым-қатынас орнатуына үлес қосу және олардың туған отаны Қазақстанға деген сүйіспеншілігін еселей түсу", -дейді ұйымдастырушылар.

Жүлде қоры 2 млн теңге болатын турнирге Франция, Германия, Түркия, Иран, Ресей, Монғолия, Қытай және Өзбекстанда тұратын қандастарымыз және еліміздің әр облысынан қазақ жастары қатысады.