Әлем • 15 Қыркүйек, 2017

Лондон метросында жарылыс болды

392 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Лондон метросының "Парсонс-грин" стансасында жарылыс болып, бірнеше адамды күйік шалды. Полиция болған оқиғаны теракт деп бағалады, деп хабарлайды ВВС.

Лондон метросында жарылыс болды

«Лондон полициясының конттеррористік бөлімінің қызметкерлері Лондон метросындағы оқиғаны зерттеп жатыр. Әзірге жарылыстың себебі анықталмаған.Станса жабық», делінген қала полициясының хабарламасында.

Лондонның жедел жәрдем қызметі басқармасы басшылығының айтуынша, оқиға орнына бірнеше бригада жіберілген. «Хабар түскен соң бес минуттан кейін біздің қызмет оқиға орнында болды. Алдымен адамдардың дене жарақатының түрлері мен деңгейін анықтап, бірден қажетті шаралар атқарылды», дейді басқарма басшылығы. Сондай-ақ оқиға орнында өрт сөндіру қызметі де бар. 

Премьер-министр Тереза Мэйдің Туиттердегі ресми парақшасында "Мен "Парсонс грин" стансасында жарақат алғандар мен террористік оқиғамен күресуге бар күшін салып жатқан құтқару қызметімен біргемін", деп жазылған. Болған оқиғаға байланысты Тереза Мэй Үкіметтің төтенше жағдайлар комитетінің отырысын өткізеді деп күтілуде.