Президент • 16 Қыркүйек, 2017

Нұрсұлтан Назарбаев Өзбекстан Республикасына мемлекеттік сапармен барды

223 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ташкент әуежайында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевты Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев қарсы алды.

Нұрсұлтан Назарбаев Өзбекстан Республикасына мемлекеттік сапармен барды

Сапар аясында екіжақты кездесулер өткізу жоспарланған. Мемлекеттер басшылары келіссөздер аясында өңірлік күн тәртібіндегі негізгі аспектілерді және Қазақстан-Өзбекстан қарым-қатынасын нығайту мәселелерін талқылайды.

Динара БІТІК,
"Егемен Қазақстан"

Ташкенттен