Бокс • 17 Қыркүйек, 2017

Мемлекет басшысы Головкиннің жекпе-жегін тікелей эфирде тамашалады

228 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Мемлекет басшысы Головкиннің жекпе-жегін тікелей эфирде тамашалады

Елбасы Өзбекстан Республикасына мемлекеттік сапары барысында қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің Лас-Вегастағы T-Mobile аренада өткен кездесуін тікелей эфирде тамашалады. Бұл туралы Ақорданың Facebook-тегі парақшасында хабарланды.

Естеріңізге сала кетейік, Ақордада өткен журналистермен кездесуінде Елбасы сапарда болса да Геннадий Головкиннің жекпе-жегін көретінін және барша қазақстандықтарды отандасымызға жанкүйер болуға шақырған болатын.