Әлем • 17 Қыркүйек, 2017

Назарбаев жұмыс сапарымен Түрікменстанға барды

238 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы жұмыс сапарымен Ашхабадқа келіп жетті.
 

Назарбаев жұмыс сапарымен Түрікменстанға барды

Сапар барысында Елбасы Түрікменстан Президенті Гурбангулы Бердымухамедовпен кездеседі деп жоспарланған, деп жазады Ақорданың баспасөз қызметі.

Сонымен қатар, Нұрсұлтан Назарбаев жауынгерлік өнер түрлері бойынша жабық ғимаратта өтетін V Азия ойындарының ашылу рәсіміне қатысып, Қазақстанның ұлттық құрамасымен және спорт делегациясымен кездеседі.