Медицина • 18 Қыркүйек, 2017

Қажылар толықтай елге оралды

279 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Ержан қажы Малғажыұлы қажылармен кездесуде мәлімдеді. 

«Аллаға шүкір, биыл елімізден қажы­лыққа аттанған қандастарымыз толық отанымызға оралды. Барлығы дін аман. Науқастанып келген кейбір азаматтар жергілікті емханаларда емделіп жатыр. Биыл Қажылық миссиясымен барған дәрігерлер қажыларға медициналық көмек көрсетті. Отандық дәрілерлердің санын 3 есеге көбейттік. Елімізден 1 млн теңгенің дәрі-дәрмектері Мекке мен­ Мәдина қалаларына жеткізіліп, нау­қастанып қалған отандастарымыз дер кезінде қажетті дәрілермен қамтамасыз етілді. Миссия өз жұмысын жоғары дең­гейде атқарып келді», – деп атап өтті Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы. 

Кездесуге Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің өкілі Бауыржан Есмахан, Дін істері комитетінінің бас са­рапшысы Нұрғали Қабылов, ҚМДБ Қажылық бөлімінің меңгерушісі Бейбіт Мырзагелдиев қатысты.

Айта кетейік, отандастарымыз тіке­­лей рейстермен Астана, Алматы, Шым­кент қалаларынан Мәдина мен Жидда шаһарына жеткен болатын. Биыл 2500 жерлесіміз қажылық парызын өтеп келді.