Президент • 18 Қыркүйек, 2017

Назарбаев Қазақстанның теннистен ерлер құрамасына құттықтау жеделхатын жолдады

240 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның теннистен ерлер құрамасына құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлады akorda.kz. 

Назарбаев Қазақстанның теннистен ерлер құрамасына құттықтау жеделхатын жолдады

Мемлекет басшысы Қазақстанның теннистен ерлер құрамасын Дэвис Кубогінің қазіргі чемпионымен ойында жеңіске жетуімен және осы үздік турнирдің әлемдік тобына өтуімен құттықтады.

«Сіздердің мықты қарсыласпен бәсекеде табандылықпен жеткен жарқын жеңістеріңіз еліміздің спорт жылнамасындағы айтулы жетістік болып отыр. Қайсарлық пен қайрат-жігерлеріңіздің арқасында Қазақстан теннис мектебінің жоғары деңгейде екенін тағы да бір таныттыңыздар», – делінген жеделхатта.

Соңында Елбасы құрама мүшелеріне зор денсаулық тілеп, спорттың жаңа  белестерінде табысқа жетулеріне ниеттестік білдірді.

Соңғы жаңалықтар