Қазақстан Халықаралық әлеуметтік қамсыздандыру қауымдастығының маңызды бір бөлігі болып отыр

Ағымдағы жылдың 21-22 қыркүйегі аралығында Астана қаласында еліміздегі әлеуметтік қамсыздандыру саласы бойын­ша бірқатар маңызды шаралар өткізу жоспарлануда. Олар: Қазақстан Республикасы әлеуметтік қызметкерлерінің бірінші форумы, «Әлеуметтік аударымдар – жұмыспен қамтылған халықты сәйкесті әлеуметтік төлемдермен қамтамасыз ету» тақырыбында республикалық семинар және жыл сайын өтетін «Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар» республикалық көрмесі.

Форумды өткізудің негізгі мақсаты – сала дамуының негізгі бағдарларын көрсету және әлеуметтік саланың дамуына мемлекеттік қолдау көрсетудің кейінгі басым бағыттары бо-йынша ұсыныстар жасау.

Семинар әлеуметтік сақтандырудың ең үздік зама­науи тәжірибелерін ескере отырып, әлеуметтік жаңғырту міндеттерін шешу үшін мамандардың идеяларын біріктіреді, ал көрмені өткізудің мақсаты – мүгедектер мен халықтың басқа да әлеуметтік әлсіз топтарының өмір сүру сапасын жақсартуға көмектесетін әлеуметтік жобаларға қолдау көрсету.

Президент Нұрсұлтан Назарбаев ел дамуының басты мақсаттары мен басымдықтарын белгілеген Қазақстан-2030 Стратегиясында әлеуметтік қорғалу мәселелері басты орында тұр.

Әлеуметтік қамсыздандырудағы негізгі әлемдік үрдістер және осы салада біздің еліміз қандай орын алады? «Егемен Қазақстанға» берген сұхбатында Халықаралық әлеуметтік қамсыздандыру қауымдастығының (ХӘҚҚ) бас хатшысы Ханс-Хорст КОНКОЛЕВСКИ осылар туралы өз ойларымен бөлісті.

Егемен Қазақстан
19.09.2017 2321

– Бас хатшы мырза, Қазақ­станға қандай мақсатпен кел­діңіз және Қазақстан мен ХӘҚҚ арасындағы ынтымақ­тастық туралы не айта аласыз?

– Сіздің газетіңізге оқырман­дарыңызбен ойымды бөлісуге мүмкіндік бергені үшін шын жүректен алғысымды білдіремін.

Мен Қазақстанға үшін­ші­­ мәрте келгенім үшін қуа­ныш­­тымын. 2014 жылы мен VII Астана экономикалық фо­румы­на және «Әлеуметтік қор­ғаудан – әлеуметтік прогрес­ке» тақырыбында өткен ІІІ халықаралық ғылыми-тәжіри­белік конференцияға қатысқан болатынмын. Ал 2015 жылы әлеу­­меттік қамсыздандыру са­ла­сындағы ақпараттық-ком­му­никациялық технология­лар бойынша Халықаралық әлеу­меттік қамсыздандыру қа­уым­­дастығының (ХӘҚҚ) XIV ха­лықаралық конференциясына қатыстым, онда Қазақстанды қоса алғанда, әлемнің 42 елінен келген осы саланың мамандары әлеуметтік қорғаудың ұлттық жүйе­сінің жұмысын жақсартуға мүм­кіндік беретін тәсілдер мен принциптерді кеңінен талқы­лады.

Бұл жолы мен Еңбек және ха­лық­ты әлеуметтік қорғау минис­трлігі ұйымдастырған Қазақстан Республикасы әлеуметтік қызмет­керлерінің бірінші форумына және «Әлеуметтік аударымдар – жұмыспен қамтылған халықты сәйкесті әлеуметтік төлемдермен қамтамасыз ету» тақырыбында өтетін республикалық семинарға қатысқалы отырмын.

Осындай маңызды шараның ұйымдастырылуы Қазақстанның әлеу­меттік қорғау саласындағы жұ­мыс ауқымының кеңейгенін, әлеуметтік жүйенің табыс­ты қа­лыптасуындағы адам және оның құқықтары мен мүмкін­діктерінің одан әрі дамығанын көрсетеді.

Қазақстанда әлеуметтік қам­сыз­дандыру және әлеуметтік сақ­тандыру саласында халыққа мем­лекеттік қызмет көрсетуді жү­зеге асыруда инновациялық шешімдер қалыптасқаны нақты байқалады.

Осының бәрі Президент Назар­баевтың осы бағытта алға қой­ған дамыған 30 елдің қатарына кіру стратегиялық міндеттері ая­сындағы Қазақстанның басты мақ­сатына қол жеткізуге көмегін ти­гізеді.

Халықаралық әлеуметтік қам­сыздандыру қауымдастығы – бас­ты мақсаты халықаралық дең­­гейде ынтымақтастықты жү­зеге асыру және дамыту болып та­былатын ұйым ретінде осы ба­­ғыттағы жұмыстарды үнемі қол­дайды.

ХӘҚҚ-ның Қазақстанмен ынтымақтастығы жақсы қалып­тасуда. ХӘҚҚ-ның Менеджмент, ұйым­дастыру және инновация­лар бойынша техникалық комиссия­сының құрамына кіре отырып, Қазақстан халықаралық маңызды ынтымақтастық құрылымның мү­шесі ретінде қауымдастық жұмысына белсенді араласуда.

Кез келген мемлекет үшін бас­ты міндет экономиканы ха­лық­тың игілігіне жұмыс істету және тұрақты жұмыс жасайтын әлеуметтік қорғау жүйесін құ­ру болып табылады. Бізді Қа­зақстанның экономикалық жетістіктерін өз халқын әлеу­меттік қолдауды жақсартуға ба­ғыттайтыны қуантады. Мен Қазақстанда әлеуметтік қамсыз­дандырудың қоғамның маңызды бөлігіне айналғанына, яғни адам­дарға салынған инвестиция екен­дігіне сенімдімін.

ХӘҚҚ өзінің Қазақстандағы мүше­лерімен тығыз қарым-қа­ты­­нас­ты одан әрі жалғастыра бере­тіндігіне үміттенеді.

– Конколевски мырза, әлем­дегі әлеуметтік қамсыздандыру жүйесі үшін қандай мәселелерді аса өткір деп санайсыз?

– Таяуда Панамада өткен Дү­­ние­жүзілік әлеуметтік қамтама­сыз ету мәселелері бойынша фо­румда ХӘҚҚ «Әлеуметтік қам­тамасыз ету саласының 10 жа­һандық міндеті» атты жаңа инновациялық баяндамасын ұсынған болатын.

Көптеген елдерде азаматтарға қажетті төлемдер төлеу қажетті­лігіне сәйкес қаржылық қиыншы­лықтар артуда. Қазіргі таңда әлеу­меттік қамсыздандыру бағ­дар­ламалары инновациялық ше­шімдерді жүзеге асыруы керек.

Бүгінгі таңдағы тағы бір жа­һандық мәселе – бұл демо­графиялық жағдай. Дүние жүзін­де жұмыс істейтін халық саны азаю­да, ал қарттар мен зейнет жа­сын­дағы адамдар саны артуда. Егер бұрын жұмсалған қа­ра­жаттың орнын толтыру әлеу­меттік қамсыздандырудың бас­ты мәселесі болып табыл­са, қазіргі уақытта біздің бағдарла­маларымыз адамдардың еңбек на­рығында барынша көбірек болуына жағдай жасайды. Ол үшін түрлі құралдар мен механизмдер қолданылады. Мысалы, қайта оқыту бағдарламалары, жұмыс күшін оңалту, ынталандыру, еңбек жағдайларын жақсарту және т.б.

Зейнетақы жүйелерінің бағ­дар­ламаларын реформалауға бас-ты назар аударылуда. Бұл жерде өзіндік ерекшеліктер де бар. Өмір сүру ұзақтығы ұлғаюда, соған сәйкес зейнетақы төлемдерінің ұзақтығы да артуда. Мысалы, Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін адамдар орта есеппен ал­ғанда кем дегенде он жылға ар­тық өмір сүрді. Соңғы жылдары көптеген елдер зейнетақы жасын белсенді түрде арттыруда, сонымен қатар әйелдер мен ер адамдардың зейнеткерлік жасын теңдестіруге ұмтылуда. Әдетте мұндай түзетулер біртіндеп, бірнеше жыл ішінде енгізіледі

– Әлеуметтік сала қазақ­стан­дық қоғам өмірі үшін ең ма­ңызды салалардың бірі, сон­­дық­тан оны азаматтардың тиім­ді әлеуметтік қорғалуына бағыттау Қазақстан Үкіме­ті­нің басты міндеті болып та­бы­лады. Осыған байланыс­ты, сіз Қазақстандағы әлеу­мет­тік сақтандыру жүйесін жә­не Қазақстанның ХӘҚҚ аясын­дағы қызметін қалай баға­лайсыз?

– Қазақстанда мемлекеттік базалық әлеуметтік сақтандыру, міндетті әлеуметтік сақтандыру, жинақтаушы зейнетақымен қамсыздандыру және әлеуметтік көмекті біріктіретін халықты әлеуметтік қорғаудың дамыған, көп деңгейлі моделі бар. Мұндай тә­сілдер ХӘҚҚ пайымына сәйкес келеді, өйткені ол ең алдымен азаматтарды келеңсіз экономикалық жағдайлар әсерінен тиісті дең­гейде қорғауға бағдарланған.

Сіздердің ұлттық жүйе­ле­ріңіз жылдам өзгеретін эконо­микалық жағдайда халықтың қажеттілігін өтей отырып, соң­ғы онжылдықта қарқынды да­мығанын атап өткім келеді. Бұл, сондай-ақ, мем­ле­кет­тер өз­геріп отыратын­ жағ­дайларда үнемі дамуға тиіс­ті ХӘҚҚ-тың «қарқынды әлеу­меттік қамсыздандыру» страте­гиялық тәсіліне сәйкес келеді.

Сіздер әлеуметтік қорғаудың саяси басымдықтарын қамтама­сыз еттіңіздер. Қазақстан Рес­пуб­ли­касы ТМД елдерінің ішін­де алғашқылардың бірі болып зейнетақы жүйесіне реформа жүргізді және жинақтаушы зей­нетақы жүйесін енгізді. Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесі ен­гізілді. Жұмыс іс­тейтін халық­ты мемлекеттік қол­даудың кең ауқым­ды шаралары жүзеге асы­рыл­ды. Бұл өте тамаша нәтиже!

Қазіргі жаһандық дағдарыс кезінде біз көптеген елдердегі экономикалық өсімнің төменде­ге­нін байқап отырмыз.

Осындай жағдайда Қазақстан дағдарысқа жауап ретінде жұ­мыс­пен қамту саласында және әлеуметтік заңнамаларды ны­ғайту барысында көптеген ма­ңызды құрылымдық реформалар жүргізді.

Қазақстан халықтың әл-ауқа­тын жақсарту бойынша, оның ішінде, әсіресе зейнеткерлер­ мен­ мүгедектерге берілетін әлеу­мет­тік төлемдердің деңгейін арт­тыруға бағытталған шараларды жүзеге асыруда.

Халықты жұмыспен қамтуға жә­не жұмыссыздық деңгейін ұс­тауға, оның ішінде кәсіпкерлік не­гіздеріне оқыту, қоғамдық жұ­мыс­тар мен жастар практикасына бағытталған шаралардың жүзеге асуын ХӘҚҚ асқан мүдде­лілікпен қадағалайды.

Әлеуметтік қамсыздан­дыру­дың дамуы қазіргі замандағы күр­делі міндеттердің бірі болып табылады және осыған бай­ла­нысты Қазақстанның Ең­бек және халықты әлеуметтік қор­ғау министрлігінің тиімді тәжі­рибесі әлеуметтік саясатты қалыптастыруда және әлеуметтік қамсыздандыру жүйесін бас­қаруды жақсартудағы жалпы мін­деттерді шешуде ХӘҚҚ-мен өзара әріптестік қатынаста маңызды рөл атқаруда.

Әлеуметтік саладағы әріп­тестік туралы айтқанда, биыл Қазақстан Халықаралық зей­нетақы және әлеуметтік қорлар қауымдастығына (ХЗӘҚҚ) бірінші рет төрағалық ететінін атап айтқым келеді. Бұл ұйым 25 жыл бойы ТМД-ға мүше-елдердің зейнетақы және әлеуметтік жүйелерін біріктіріп келеді және әлеуметтік қамсыздандырудың дамуына өз үлесін қосуда.

Мен Қазақстанды осы же­тіс­тігімен құттықтай отырып, жал­пы міндеттерді шешуде өз­ара түсіністік негізінде біз­дің ұйымдардың арасындағы әріп­тестік одан әрі дами түседі деген ті­легімді білдіргім келеді

Барлық қатысушыларға Қа­зақ­стандағы әлеуметтік қам­сыз­дандырудың дамуына жа­ңа қарқын беруге мүмкіндік туғы­затын табысты еңбек пен жемісті шешімдер тілеймін.

Анықтама 

Халықаралық әлеуметтік қамсыздандыру қауымдастығы (ХӘҚҚ) 1927 жылы негізі қаланған, ол – халықты әлеуметтік қорғау саласында бірыңғай әлемдік саясатты жүзеге асыратын ұйым болып табылады. ХӘҚҚ Бас хатшылығы Женева қаласында (Швейцария) орналасқан. Әлемнің 145 елін біріктіретін қауымдастық халықты әлеуметтік қорғау жүйесін жетілдіруге бағытталған басқа да халықаралық ұйымдардың шараларына белсене қатысады. ХӘҚҚ бас­ты мақсаттары: халықты әлеуметтік қорғау бойынша дү­ние­жүзілік саясатты енгізу және оның ұлттық, өңірлік және халықаралық экономикаға бейімделуін, әлеуметтік қор­ғау бойынша халықаралық әдістемелерді жаһандандыру мақсатында түрлі елдерде халықты әлеуметтік қорғау бойын­ша әкімшілік институттарды енгізу және қолдау; халықты әлеу­меттік қорғаудың ұлттық және өңірлік институттары арасында байланыс орнату; халықты әлеуметтік қорғау бойын­ша менеджерлерді оқыту; әлеуметтік қамсыздандыру саласында халықаралық заңнамаларды концептуалдық әзірлеу және талдау; әлеуметтік қамсыздандырудың тетіктерін қа­лыптастыру (әлеуметтік сақтандыру, әлеуметтік көмек, әлеу­меттік қызмет көрсету); статистикалық зерттеулерді жүргізу және тағы басқалар.

Әңгімелескен

Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ,
«Егемен Қазақстан»

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

20.02.2018

Астанада журналистер арасында футболдан «BAQ league» басталады

20.02.2018

«Алтын сапа» сыйлығына байқау жарияланды

20.02.2018

Қазақстанның екі өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

20.02.2018

Бүгін Үкімет отырысында қандай мәселелер талқыланды?

20.02.2018

Бақытжан Сағынтаев Deutsche Bank AG өкілдерімен кездесті

20.02.2018

Есеп комитетіне жаңа басшы тағайындалды

20.02.2018

Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының жаңа орынбасары тағайындалды

20.02.2018

Ғарифолла Есім: Бүгіннен бастап аты-жөнімді латын графикасында жазамын

20.02.2018

Олимпиада жүлдегері Юлия Галышева елге оралды

20.02.2018

Астана әкімдігінде қаланың маңызды тыныс-тіршілігін талқылады

20.02.2018

Астанада мұғалім мамандығының беделін арттыру мәселесі талқыланды

20.02.2018

Мырзатай Жолдасбеков: Әліпбимен қазақ тілінің мамандары айналысуы керек

20.02.2018

Бақытжан Сағынтаев: Су тасқынының алдын алу – ерекше бақылауда

20.02.2018

Алматыда білім беру мен маман даярлау мәселесі талқыланды

20.02.2018

Берік Әбдіғалиұлы: әліпбидің ұлттық сана-сезімге, мәдениетке ықпалы өте зор

20.02.2018

Ақтоғайда «Қараөлең - қарашаңырақ» атты жыр кеші өтті

20.02.2018

Дәурен Абаев латын әліпбиінің жаңартылған нұсқасына қатысты пікір білдірді

20.02.2018

Елбасы мемлекет қайраткері Жәнібек Кәрібжановпен кездесті

20.02.2018

Әсет Исекешев тегін дәрілерді жеткізуге қатысты жағдайды бақылауда ұстауды тапсырды

20.02.2018

Ақтөбе облысы әкімінің аппарат жетекшісі тағайындалды

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Бекен ҚАЙРАТҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Жүздік құрылымда рулық үлес жоқ

Жақында танымал антрополог-академик Оразақ Смағұловтың «Қазақ халқының шығу тегі» атты еңбегі жарыққа шықты. Туындыда қазақ халқы осыдан қырық ғасыр бұрын Еуразия даласында дара этнос ретінде қалыптасқаны физикалық антропология арқылы дәлелденіпті. 

Сүлеймен МӘМЕТ, «Егемен Қазақстан»

Тобасыз тойымсыздарға тоқтам бар ма?

Қазаққа адал қызмет етуді парыз да қарыз санаған ұлт көсемі Әли­хан Бөкейханов: «Алаштың баласы, бұл жолы болмаса, жақын арада өз тізгі­ні өзінде бөлек мемлекет болар» деп­ті. 

Жылқыбай ЖАҒЫПАРҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Әлеуметтік әділеттілік жолы

Енді ғана тағайындалған Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау ми­нистрі Мәдина Әбілқасымова Үкімет отырысындағы өзінің алғашқы баян­дамасында « МӘМС жүйесін енгізуді бастау үшін үстіміздегі жылы толық­қанды дайындық жұмыстары қам­тамасыз етілетін болады» деп атап көр­сетті. 

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

Жаһандық қауіп арта бастады

Жақында АҚШ өзінің жаңа ядро­лық стратегиясын жариялады. Он­да қандай қауіп болған жағдайда Пента­гонның аждаһа қаруға жүгіне­тіні нақты айтылған. 

Қорғанбек АМАНЖОЛ, «Егемен Қазақстан»

Пассионар

Гумилев анықтамасына жүгін­сек,­ пассионарлық – жұлдыздардың әсе­рімен, табиғат пен тарихаттың қи­лы­ дүмпулерімен қайталанып тұра­тын­ заңды құбылыс. Пассио­нарлар бой­­­ларында тасыған күш-қуат­ты, жү­рек­теріндегі жалын жі­гер­ді айнала тө­ңірегін, келе-келе күллі қауым-жұр­тын өзгерту ора­йын­дағы мақсатты жұ­мысқа жұм­сайды. Олай болса, пассио­нарларды қоғамдық қозғалыстың не­ғұрлым белсенді тегершіктері, жа­ңа­шылдар, жасампаздар десек те жа­раса­ды.

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу