Аймақтар • 19 Қыркүйек, 2017

Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі Павлодарда насихаттау жұмыстарын жүргізді

276 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Өткен аптада, яғни 14-15 қыркүйек күндері Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің Дін істері комитеті жанынан құрылған Дін істері жөніндегі республикалық ақпараттық-насихаттау тобы Павлодар облысында ақпараттық-насихаттау жұмыстарын жүргізді. 

Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі Павлодарда насихаттау жұмыстарын жүргізді

Ақпараттық-түсіндіру тобының құрамында ҚМДБ Ғұламалар Кеңесінің хатшысы, теолог, Ph.D докторы Оңғаров Ершат Ағыбайұлы, Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі Дін істері комитеті Дін мәселелері жөніндегі ғылыми-зерттеу және талдау орталығының директоры Айнұр Әбдірәсілқызы, Ғылыми қызметкер, «Нұр-Мүбарак» университетінің оқытушысы Таджибаев Серік, Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі Дін істері комитеті Мәдениеттер мен діндердің халықаралық орталығының басшысы Есенова Диана бар.

Жиынның басты мақсаты – дәріскерлер діндегі рухани-адамгершілік мәселелерді, экстремистік топтар мен деструктивтік діни бірлестіктерге қарсы түсіндіру жұмыстарын, дәстүрлі исламның қағидаларын насихаттау, дін атын жамылған және радикалды идеяларды деструктивтеу.

Сарапшылардан құралған ақпараттық-түсіндіру тобының жиынына Павлодар, Екібастұз және де Солнечный ауылының тұрғындары, өңірдегі қоғамдық кеңестің мүшелері, мемлекеттік және құқық қорғау органдары, дін, БАҚ, еңбек ұжымдары, оқытушылар, мұғалімдер, студенттер, спортшылар қатысты.