Парламент • 19 Қыркүйек, 2017

Сенаторлар Жаяу әскерлер институтында және Шекара қызметінің академиясында болды

316 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Парламент Сенаты Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің депутаттары еліміздің Қорғаныс министрлігі Жаяу әскерлер әскери институтында, Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің академиясында болып, курсанттармен және профессорлық-оқытушылар құрамымен кездесті. Сенаторлар курсанттардың жауынгерлік және жедел даярлығының жоғары деңгейін атап өтті. 

Сенаторлар Жаяу әскерлер институтында және Шекара қызметінің академиясында болды

Депутаттар кездесу аясында білім беру мекемелерінің оқыту әдістері мен оқу-материалдық базасымен танысты, оқу сыныптарын, спорт залы мен жатақханасын көрді. Парламетшілер Қорғаныс министрлігі әскери клиникалық госпиталында да болды.

Комитет мүшелері сол күні еліміздің Ішкі істер министрлігінің Арнайы мақсаттағы бөлімшелерінің жауынгерлік және әдістемелік даярлық орталығында да болды. Әскери қызметшілерді даярлау және қайта даярлауға арналған орталықтың инфрақұрылымы таныстырылып, жауынгерлік-қызметтік міндеттерді орындау жөніндегі жаттығулар да көрсетілді.

Көшпелі отырысқа Алматы облысының басшылары, қорғаныс министрінің орынбасары, генерал-лейтенант Т. Мұхтаров, ҰҚК Төрағасының орынбасары, Шекара қызметінің директоры, генерал-майор Д. Ділманов және әлеуетті мекемелердің әскери қызметкерлері қатысты.