ЭКСПО-2017 кезінде 9 мың адам медициналық көмекке жүгінген

Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов ЭКСПО-2017 көрмесінің ұйымдастырылуына және өткізілуіне жұмылдырылған медицина қызметкерлерінінің еңбегін ескеріп, олардың ішінен 46 қызметкерді үздік деп танып, арнайы алғыс хатын табыстады.

Егемен Қазақстан
20.09.2017 8274

Шараны барысында Елжан Біртанов 2017 жылғы 10 маусым мен 10 қыркүйек аралығындағы кезеңде Астана қаласында өткізілген ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесінің сәтті аяқталуымен барлық қатысушыларды құттықтап, алғысын білдірді.

«Біздің елде өткізілген бұл ауқымды іс-шара Қазақстанның экономикалық мүмкіндігінің өскенін, әлем елдерінің арасындағы оның беделі мен жоғары орнын көрсетті. ЭКСПО-ға 4 миллионнан астам адам барды, бұл осындай келушілердің көп санына медициналық қызмет көрсету мен санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығын қамтамасыз ету бойынша шын мәнінде үлкен жұмыс жүргізуді қажет етті» деді министр. 

Сонымен қатар, Елжан Біртанов медицина қызметкерлерінің кәсібилігі, жедел іс-қимылы көмекке жүгінген адамдарға қысқа мерзімде көмек көрсетуге, асқынуларға және келушілердің шағымдарына жол бермеуге мүмкіндік бергенін, Медициналық көмекке 9 мың адам жүгінгенін, оның ішінде бір жарым мыңы шетелдіктер екенін және бірде-бір асқыну жағдайына және өлім жағдайына жол берілмегенін  тілге тиек етті.

Сондай-ақ ол санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің қызметкерлеріне профилактикалық жұмыстың ауқымды көлемін жүргізуде мамандардың жүйелі жұмысына алғыс айтты.

«Мәселен, санэпидқызметтің қызметкерлерімен күн сайын көрменің аумағында орналасқан 85 тамақтану объектісіне және «MEGA Silk Way» СОО бақылау жүргізілді. Тамақ өнімдерінің 35-тен астам атауына, азық-түлік өнімдерінің 12 мыңнан астам сынамасына экспресс-сараптама жүргізілді. Салмағы 11 тонна болатын азық-түлік өнімдерінің 1625 партиясы жарамсыз деп танылып, ЭКСПР аумағына жіберілген жоқ. Оның ішінде 3 тоннадан астам азық-түлік сатылымнан алынып тасталып, жойылды. Шетелден инфекциялық аурулардың әкелінуіне жол бермеу мақсатында Астана қаласының халықаралық әуежайында шетелден келген адамдарға күшейтілген санитариялық-карантиндік бақылау жүргізілді. ЭКСПО кезеңінде 218 мың жолаушы мен 14 мың экипаж мүшесі тексерілді. Аса қауіпті инфекция күдігі бар жолаушылар анықталған жоқ» - деп толықтырды.

Елжан Біртанов сөзін қорытындылай келе, медицина қызметкерлеріне халыққа медициналық көмек көрсету кезіндегі орасан зор еңбектері, шеберліктері мен қайсарлықтары және еліміз үшін  маңызды халықаралық іс-шараны медициналық қамтамасыз ету кезінде ерен еңбек атқарғандары үшін тағы да алғысын білдірді.

Рауан ҚАЙДАР,

«Егемен Қазақстан»   

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

20.05.2018

Қостанай қаласы «мерейлі отбасын» таңдады

20.05.2018

Батыс Қазақстан мен Астана әріптестік туралы меморандумға қол қойды

20.05.2018

Каспий жағалауында суға шомылу маусымына байланысты үгіт-насихат жұмыстары жүргізілді

20.05.2018

Ақтөбе және Орынбор облыстары ресми делегацияларының кездесуі өтті

20.05.2018

Павлодарда партиялық жоба аясында IT-орталық ашылады

20.05.2018

Екібастұздағы «Шығыс» кенішіне «Liebherr R-976 Litronic» экскаваторы әкелінді

20.05.2018

Павлодарда Медиаторлардың республикалық форумы өтті

20.05.2018

Павлодарда ауыл шаруашылық жерлері электронды картаға түсіріледі

20.05.2018

Павлодарда жүргізушілердің төленбеген көлік салығы 670 миллион теңгеге жеткен

20.05.2018

Хорватия Астанада дипломатиялық өкілдік ашпақ

20.05.2018

Самал Еслямова Канн кинофестивалінде үздік актриса атанды

20.05.2018

20 мамырға арналған ауа райы

20.05.2018

ҚарМУ-да «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру барысын талқылады

19.05.2018

АЭФ-2018 аясында жаһандық трансформация жағдайындағы азаматтық қоғам институттарының рөлі талқыланды

19.05.2018

Қазақстандық сарапшылар ғаламдық дамудың басты бес мегатренді туралы пікір білдірді

19.05.2018

Н. Назарбаев атап өткен бес мегатренд АЭФ-2018 алаңдарында кеңінен талқылануда

19.05.2018

QazaqGeography «Қазақстандық ұлттық географиялық қоғамының» кезектен тыс съезі өз жұмысын бастады

19.05.2018

Қазақстан СІМ басшысы ИЫҰ-ның Ыстанбұлдағы саммитінде сөз сөйледі

19.05.2018

Елбасы Куба халқына көңіл айту жеделхатын жолдады

19.05.2018

Кубада ұшақ апатына байланысты ұлттық аза тұту күні жарияланды

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Жұмабай ШАШТАЙҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Кешегінің жұрнағы, бүгінгінің көнесі 

Әдебиетке әркімнің-ақ таласы бар заман өтіп кеткенін мойындау қалай болған күнде ауыр. Нарық зама­нының елең-алаңында қолына қалам ұста­ған жігіттердің арасынан адамдар кітап­қа оралады әлі дегенді сеніммен айт­қандарына қарағанда әдебиеттің өмірдегі артықшылығына үміттері күшті болған-ау, шамасы. 

Қорғанбек АМАНЖОЛ, «Егемен Қазақстан»

Қолдан жасалған қасірет

Жылда мамырдың соңындағы Аза тұту күні жақындаған сайын мен қазақпын деген әрбір адамның жүрегі қарс айрылмауы, 30-шы жылдардағы саяси қуғын-сүргіннің, ғаламат ашаршылықтың құрбандарын еске алып күңіренбеуі мүмкін емес дер едік. 

Бекен ҚАЙРАТҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Оразаның нығметі

«Зор сүйінші айтайын, Мұсылман болып туғанға. Ислам дінін қуғанға...» деп Майлықожа бабамыз жырлағандай, исламды дінім, Мұхаммедті пайғамбарым деп таныған мүміндер үшін қасиетті рамазан айы туды. Аллаға бойұсынушы қауым бұл айды «Айлардың сұлтаны» деп ерекше әспет­тесе, үлкен сахаба Абдулла Аббас «күн­­дердің қайырлысы – жұма, айлардың қайыр­лысы – рамазан» деген екен.

Александр ТАСБОЛАТОВ, «Егемен Қазақстан»

Жол апатын азайту жүргізуші мәдениетіне байланысты

Өткенде екі көлік соқтығысып қал­ды. Олар көшенің бағдаршамы жоқ қиылысында бір-біріне жол бермеген. Содан екі жүргізуші бірін-бірі кінәлап жатыр. 

Серік НЕГИМОВ, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

Қазақ қызы осындай

Ұлттық дүниетаным ілімінде халық­тың гүлі қазақ қызының болмысына, әдеп-ілтипатына, сұлулық, ізеттілік қасиеттеріне қатысты «Қызда оттай ыстық мейір бар», «Қызда 40 періште бар», «Қызда 40 көліктік бақыт бар», «Қыздың қабағында құт бар», «Қыз назы 40 кісіні мас қылады», «Қыз 40 істің қисынын біледі», «Бұрынғының қыздары бармағының шұңқырындағы асқа тояды» дейтін сұлулықтың тұңғиық сырларын мәлімдейтін інжу-маржан ойлар, толғамдар, лала лебіздер бар.

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу