Қазақстан • 21 Қыркүйек, 2017

Агроөнеркәсіп кешенін дамытудың жаңа деңгейі

613 рет
көрсетілді
9 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев білім сапасын арттыру және халықаралық деңгейге көтеру, жаңа формациядағы мамандар мен ғалымдар дай­ындау, ғылыми жобалардың тиімді нәтижесін өндіріске енгізу (коммер­ция­ландыру), агроөнеркәсіптік кешенде бәсекеге қабілетті, экспортқа бағыт­тал­ған ауылшаруашылық өнімі көлемін ұлғайту, азық-түлік қауіпсіздігін қам­тамасыз ету, жаңа жұмыс орындарын ашу мәселелері бойынша нақты тап­сырмалар беріп отыр.

Агроөнеркәсіп кешенін дамытудың жаңа деңгейі

Мемлекет тарапынан аграрлық ғылым саласына көрсетілетін көмек, серпінді инновацияларды жүзеге асыру үшін мегагранттар бөлу, ғылыми-зерттеу жұ­мыстарына қаржы көлемін ұлғайту, жо­ба­ларды технологиялық сараптау мен сы­нақтан өткізетін ірі орталықтар құру си­яқты көптеген өзекті мәселелерді шешу жол­дары кезек күтіп тұр.

Бүгінде Қазақстанда 23 ғылыми-зерт­теу институты, 14 тәжірибе шаруа­шы­лы­ғы және 10 білім тарату – Экстеншн ор­та­лығы қызмет атқарады. Ал АҚШ-та – 10 ғылыми-зерттеу институты, 91 тәжі­рибе шаруашылығы, 2900 білім тара­ту орталығы, Аргентинада 4 ҒЗИ, 47 тәжірибе шаруашылығы, 320 білім тар­ату орталығы бар. Өзге елдерде де осын­дай көрсеткіштер тіркелген. Ғы­л­ы­ми-зерттеу институттары, тәжiрибе ша­руашылықтары және білім беру ор­та­лықтарының санына байланысты біз­дің елде басқа мемлекеттермен са­лыс­­тырғанда «төңкерілген пирамида» бай­­қалады. Қазақстан ғылыми-зерттеу ин­с­­титуттары саны бойынша көптеген шет­­елдерден озық тұр, бірақ білім тара­ту орталықтарының саны анағұрлым аз. Бұл ғылыми-зерттеу жұмыстары нә­ти­же­ле­рінің өндіріске іс жүзінде ен­гі­зілмей жат­­қанын, ал білім беру орта­лық­тары аг­роөнеркәсіп кешені қыз­мет­кер­лері үшін тек біліктілікті арттыру курс­тарын өт­кі­зу­мен ғана шектелетінін көр­сетіп отыр.

Еліміздің агроөнеркәсіп кешенінің экономикалық тиімділігін жоғарылату үшін Қазақстандағы ғылыми зерттеулердің нәтижесін өндіріске енгізу, агробизнеске озық тәжірибе мен білімді тартуға, ауыл кәсіпкерлерінің білімдерін көтеру үшін тәжірибе шаруашылықтарымен озық білімді таратудың заманауи жүйесін кө­бейту қажет. Сондықтан, Қазақстанда ғы­лыми-зерттеу институттарының санын кө­бейтуден гөрі инновацияға бейімделген тә­жірибе шаруашылықтары мен білім та­рату орталықтарының санын арттыру ти­імді болар еді. Себебі, қазіргі таңда елдің ауыл шаруашылығы саласында жұмыс іс­тейтін кәсіпкерлердің 12 пайызының ғана орта­дан жоғары және жоғары білімі бар.

Мемлекет басшысы ғылымға жаңалық алып келетін жастар екенін үнемі айтып келеді. Оларға мемлекет тарапына үл­кен қолдаулар көрсетілуде. «Болашақ» бағ­дарламасы осының айқын көрінісі. Бі­рақ, осы салада шет мемлекеттерден инновациялық технологиялар мен озық білім трансфертін тартатын жаңа фор­мат­тағы ғалымдардың саны өте төмен. Ай­та кетсек, тәуелсіздік алған 25 жылда ауыл шаруашылығы саласы бойынша «Болашақ» бағдарламасымен 70 жас ма­ман ғана шетелдерде оқып, біліктілігін арт­тырып келген. Бәсекеге қабілетті, за­манауи озық біліммен қаруланған, жа­ңаша ойлайтын кәсіби мамандардың тап­шылығынан ауыл шаруашылығы саласында инновациялық технологияларды иге­ру үрдісі баяу жүргізілуде.

Оқу орнымыз 2010 жылдан бас­тап зерт­теу университетіне трансформа­ция­ла­ну бойынша стратегиялық ба­ғыт­та жүйе­лі жұмыстар атқарып келеді. Транс­фор­мациялану тәжірибесіне шетелдің же­текші жоғары оқу орындарының 13 бі­лікті ғалымы оң бағаларын беріп, сараптамалық тұ­жырымдамаларын ұсынды. Транс­фор­ма­ция шеңберінде, 2016 жылы университет­те Агротехнологиялық хаб құрылды. Оның қызметі агроөнеркәсіп кешеніне ин­но­­вациялық технологияларды, стартап-жо­баларды, идеяларды тартуға, олар­ды өн­діріске енгізуге, сондай-ақ, мем­лекет-же­кеменшік әріптестігінің те­тік­терін іс­ке асырып, университеттің өзін-өзі қа­ржыландыруын және дербестігін қам­та­масыз етуге арналған. Сол арқылы жалпы республиканың ауыл шаруашылығы са­ласының бәсекеге қабілеттілігін арт­ты­ратын болады. Қазіргі кезде Агро­тех­но­логиялық хаб негізінде АҚШ, Еуропа жә­не Азия мемлекеттеріндегі 36 ғылыми орта­лықпен тығыз әріптестік байланыс ор­на­тылып, әлемнің 13 беделді жоғары оқу орындарымен қос дипломды білім бе­ру бағдарламасы іске асырылуда.

Бүгінде агроқұрылымдар өндірісте үл­кен жетістікке тек ғылым арқылы же­т­у­ге болатынын жақсы түсінулері т­и­іс. Осы мақсатта біз студенттер, магис­трант­тар мен PhD докторанттардың өн­діріс орын­да­рында тәжірибеден өтуі мә­се­ле­сіне ба­са назар аударып, бүгінде оқу жос­па­ры мен академиялық күнтізбені қай­та қарап, білім алушының өндірістік тә­­жі­ри­беден өту мерзімін 7 айға дейін ұзарт­тық. Бұл жерде айтатын бір мәселе, уни­вер­ситетте білім алушылар 2-курс­тан бас­тап агробизнесті ұйымдастыру пә­ні бойынша өздері шыққан өңірлердегі ша­руашылықтарда тәжірибеден өтіп, биз­нес-жоспарларын жасау үшін нақты мә­ліметтер жинап, дайын жобаларын комис­сия алдында қорғайды. Студенттердің орын­дайтын барлық дипломдық, ма­гист­рлік және докторлық диссертация­ла­рында бір бөлім зерттеліп отырған б­а­ғыттың экономикалық тиімділігіне ар­налуы тиіс. Бұл талаптар келешекте ма­мандардың тәжірибеге бейімделуін жә­не аграрлық нарықта сұранысқа ие бо­луын жоғарылатып, кәсіби біліктілігін арт­тыруға ықпал етеді.

Университетіміздің діңгегі сана­ла­тын Агротехнологиялық хаб қыз­меті ая­сында бүгінде Корнель уни­вер­си­те­­тімен «Жергілікті алманың пер­с­пек­­­тивті сұрыптарының гендік қор­ын зерт­­теу», Колумбияның NASA уни­вер­си­­тетімен, АҚШ-тың Мичиган штаты уни­верситетімен «Климаттық модель­деу арқылы дәнді дақылдардың өнім­ді­­лігін жоспарлау», Малайзияның Пут­ра университеті мамандарымен «Халал өнімдер өндірісі технологиясы», Финляндия ғалымдарымен «Тағам қау­іп­сіздігі және ветеринария» мәсе­ле­ле­рі бой­ынша бірлескен жұ­мыс­тар жүр­гі­зіл­у­де. Сонымен қатар, Аме­ри­ка, Қытай, Ре­сей ғалымдарымен бірге «Зиян­кес­тер мен сортаңдарды алдын ала анық­тау» бой­ынша, «Геоскан» мен NASA ға­лым­дарымен «Агроөнеркәсіп к­е­ше­ніндегі тәу­екелдердің ортақ жүйесін құ­ру» жобала­ры жүзеге асуда.

Мұндай ауқымды жобалар еліміздегі ғы­­лыми-зерттеу институттарында да жүр­­­гізілуде. Мысалы, «Нан өнімін ш­ы­ға­­­руға арналған микроорганизмдер түр­­лерінің жиынтығы», «Органикалық ауыл­шаруашылық өнімдерін өндіру», «Арал теңізінің құрғатылған жерінде фи­то­­мелиоративтік өсімдіктердің техноло­гия­сын қалыптастыру», «Арнайы мал азы­ғын дайындаудың отандық рецептурасын жасап, өндіріске енгізу», «Қойдың «Ордабасы» тұқымының өнімділігі жо­ға­ры, экологиялық таза етін шығару» жо­ба­лары бар.

Алдағы уақытта Ауыл шаруашылығы министрлігінің қолданыстағы ғылыми-зерт­теу институттарының тиімді жұмыс жа­сауы үшін салаларға байланысты топ­тастырып, құрылымдарын қайтадан қа­растырып, олардың базаларында 10-12 са­лалық ғылыми-зерттеу институттарын құ­ру қажет. Бұлай болған жағдайда ғы­лы­ми-зерттеу және тәжірибелік-конс­трук­торлық жұмыстар жүргізуде ба­сым­­дық ғылыми-зерттеу институтта­ры мен жоғары оқу орындарына берілетін бо­­лады. Жергілікті жағдайларға бай­ланысты технологияларды анықтау жә­не оның бейім­делуі мақсатында жасал­ған зерттеу­лер нәтижесі тәжірибелі ша­руа­­шы­лық­тар­ға берілуі керек.

Қазақстан әзірге жаһандық тех­но­ло­гиялық кеңістікке кіруге толық дай­ын емес, себебі ғылыми-зерттеу жә­не тә­жірибелік-конструкторлық жұ­мыс­тар­ды қаржыландыру көлемі, ҒЗИ мен тә­жі­ри­бе шаруашылықтарының ғылыми әлеу­еті бойынша әлемдік технологиялық тіз­бекке енбеді десе де болады. Барлық ғы­лыми-зерттеу институттарын цифр­лы жүйеге көшіріп, агроинновациялық парк­тер құрып, жаңа формациядағы жас ға­лымдарды дайындау үрдісін күшейту ке­рек. 

Кейінгі кезде көптеген жаңа инно­ва­циялық жобалар өндірісте қолдау тап­пай келеді. Оған қаржылық кедер­гі­лер, сараптаманың жоқтығы, жо­ба­лар­дың тех­нологиялық сынаудан өт­пеуі, ға­лым­д­ар­дың ғылыми-зерттеу нә­ти­же­ле­рін өн­діріске енгізуге дейінгі жауап­кер­ші­лі­­гінің болмауы және инно­ва­циялық жо­ба­­ларды ынталандыру меха­ни­змд­е­рінің же­тілдірілмеуі себеп.

Қазір заман басқа. Қоғам жаңарып, өзгерді. Жаңа дәуір жаңа міндеттер қойып, қоғам­ның барлық саласына жаңаша көз­қа­рас қалыптаса бастады. Бүгінгі әлемде ұлт­тық құндылықтарын сақтаған, бәсекеге қабілетті, білімді де белсенді халық қана бо­лашағына се­німмен қарай алатынын өмір­дің өзі көр­сетуде. Мемлекет басшы­сы озық бі­л­ім мен терең ғылымсыз, ру­хани жаң­ғы­русыз экономикалық же­тіс­тікке же­тіп, өр­кениеттен орын алу мүм­кін емес­ті­гін дәлелдеп, болашақ бағ­да­ры­мызды ай­қындап берді.

Бұл ретте Елбасымыздың Қазақстанда жүргізіп отырған аграрлық саясаты ауыл шаруашылығы саласын өркендету, аг­рарлық білім, ғылым мен өндіріс ин­тег­рациясын дамыту арқылы агро­өнер­кәсіптік кешенде бәсекеге қабілетті, экспортқа бағытталған өнімдер көлемін арттыруды, еліміздегі тағам қауіпсіздігін қамтамасыз етуді талап етуде.