Құл-Мұхаммедтің төрағалығымен партиялық тыңдау өтті

Бүгін «Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Мұхтар Құл-Мұхаммедтің төрағалық етуімен Индустриялық-инновациялық дамудың 2015-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру барысы жөнінде партиялық тыңдау өтті.

Егемен Қазақстан
21.09.2017 2425

Шараға «Нұр Отан» партиясы Парламент Мәжілісіндегі фракциясының жетекшісі Гүлмира Исимбаева, Мәжіліс Төрағасының орынбасары Владимир Божко, Мәжіліс депутаттары, «Индустриялық даму» бағытындағы партиялық комиссияның мүшелері, Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек, вице-министрлер, бірқатар ведомствоның өкілдері, сарапшы мамандар, «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы және тауар өндірушілер мен кәсіпорындардың республикалық қауымдастығының басшылары қатысты. Тыңдауға, сондай-ақ, бейнебайланыс арқылы еліміздің барлық өңірі тікелей қосылды.

Отырысты ашқан «Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Елбасымыздың тікелей бастамасымен тәуелсіздік жылдарында Қазақстан экономикасының шикізаттық емес секторын дамытуда ауыз толтырып айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізгенін атап өтті. Тек соңғы 7 жылдың ішінде елімізде 500-ге жуық жаңа өнім түрлерін өндіру ісі қолға алынған. Бүгінде «Нұр Отан» партиясы өзінің Сайлауалды бағдарламасында нақты көрсетілген базалық салалар мен инновацияны дамыту міндеттерін жүзеге асыру бағытында жұмыстар жүргізуде. Соның нәтижесінде 2021 жылы елімізде түрлі-түсті металлургия экспорты 20 пайызға өседі деп көзделуде. Сонымен қатар, мұнай-газ саласында бәсекеге қабілеттілік артып, энергиямен қамтамасыз ететін кәсіпорындардың аясы кеңеймек. Бұл міндеттердің барлығы 2015 жылдан бастап екінші бес жылдығы жүзеге асырылып жатқан индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасына да енгізілген.

Бағдарлама шеңберіндегі осындай басымдықтарға тоқталып өткен Мұхтар Құл-Мұхаммед: «Елбасының тапсырмасымен индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы аясында 1000-нан астам жаңа кәсіпорын салынды. Оны жүзеге асыруға 5 триллион теңгеден асатын қаражат бөлінді. Елімізге бүкіл дүниежүзіне танымал аса ірі компаниялар келіп, миллиардтаған доллар инвестиция салды және ең озық технологияларды әкелді. Дәл осы жаңа кәсіпорындар мұнай бағасы үш есеге төмендеген кезде ел экономикасының тұрақты дамуын қамтамасыз етіп отыр. Ендеше, біз Елбасы тапсырмаларының уақытында орындалуын қатаң бақылауға алуымыз керек», – деді.

Ал Индустриялық-инновациялық даму бағдарламасының іске асырылу жайымен таныстырған Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбектің атап өтуінше, небәрі 7,5 жылдың ішінде Индустрияландыру картасының аясында елімізде жалпы сомасы 5,1 триллион теңгені құрайтын 1060 жоба қолға алынып, 100 мыңнан астам тұрақты жұмыс орны ашылған. Тек осы жылдың өткен 8 айында ғана 489,8 млрд. теңгені құрайтын 32 жоба жүзеге асырылып, 3,9 мың жұмыс орны ашылды. «Мемлекеттік бағдарлама жүзеге асырыла бастағаннан бері өңдеу өндірісінің өсу қарқыны дағдарысқа дейінгі 2008 жылмен салыстырғанда 25,2 пайызға көбейіп, кен өндіру саласының өсу қарқынын басып озды. Елімізде өндеу саласы бойынша 26 жаңа сектор құрылды. Нәтижелі жұмыспен және еліміздің барлық өңірінде тұрақты экономиканы қамтамасыз ететін жаңа индустриялы база пайда болды», – деді Жеңіс Қасымбек.

Министр, сондай-ақ, бірқатар салалар елімізді отандық өнімдермен қамтамасыз етіп қана қоймай, оларды сыртқы рынокқа экспорттап жатқанына да тоқталды. Оның хабардар етуінше, осы жылғы қаңтар-маусым айларының қорытындысы бойынша, өңдеу өнеркәсібінің экспортқа шығарылған өнімдері 7,5 миллиард долларды құраған. Бұл өткен жылдың аталған мерзімімен салыстырғанда 28 пайызға артқанын көрсетеді.

Бүгінде Қазақстан өнеркәсіп өнімдері әлемнің 110 еліне экспортталады. Кейбір тауар түрлері бойынша оларды өткізудің жаңа нарығы ашылған. «Азия-авто» компаниясы үстіміздегі жылдың бірінші жыртысында өздері өндірген 672 автокөлікті Қытай мен БАЭ елдеріне жөнелтті. «Қытайлық әріптестермен бірлесе құрастырылған Қостанайдағы автокөліктер Тәжікстанға экспорттала бастады, – деді Ж.Қасымбек. – Сонымен бірге, ауылшаруашылық техникалары алғаш рет Ресей нарығына жол тартты. Ал локомотивтер экспорт Әзербайжан мен Тәжікстанда жолға қойылды. Бұл елдерге 40-қа жуық локомотив экспортталды».

Сайлауалды бағдарламаның барлық 12 бағытын, соның ішінде Индустриялық-инновациялық даму бағдарламасын жүзеге асыру барысын «Нұр Отан» партиясының партиялық комиссиясы орталық және жергілікті деңгейде үнемі бақылап, тұрақты түрде мониторинг жүргізіп келеді. Партиялық мониторингтің нәтижелері жөнінде Парламент Мәжілісінің депутаты Арман Қожахметов баяндап берді. Оның сөзіне қарағанда, әлемдік экономикадағы дағдарыс жағдайы Қазақстандағы жобалардың да жүзеге асырылуына кері әсерін тигізуде. Өткізу нарығының қысқаруы, инвестициялар үшін күрестің күшеюі, жетекші экономикалардағы өсу қарқынының баяулауы экономикалық деңгейде әртүрлі кедергілерге әкеліп соқтыруда. Сондықтан А.Қожахметов бұл жағдайда жедел сараптама жұмыстарын жүргізіп, тиісті шараларды қолға алу керектігін айтты.

Партиялық тыңдау барысында нұротандық депутаттар мемлекеттік орган басшыларының назарын бірқатар өзекті мәселелерге де аударды. Атап айтқанда, халық қалаулыларын ЭЫДҰ елдерімен салыстырғандағы өңдеу саласындағы еңбек өнімділігі, отандық кәсіпорындардың технологиялық жаңғыруы, Елбасы қол қойған серіктестік туралы халықаралық келісімдердің жүзеге асырылуы, бірлескен қазақстандық-қытайлық кәсіпорындарды құру туралы келісімдердің орындалуы, арнайы экономикалық және индустриялық аймақтардың тиімділігі, Қазақстанның көлік-тасымал әлеуеті және басқа мәселелер толғандырады.

Жиынды қорытындылай келіп, «Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары индустриялық-инновациялық даму бағдарламасын іске асыру бойынша ауқымды жұмыстардың жасалғанына тоқталды. Нақты айтқанда, бүгінге дейін төрт басты индикатордың үшеуі жүзеге асырылған. Елімізде жаңа өнеркәсіптік өнімдер өндіріліп, заманауи технологиялар әкелінді және қосымша жұмыс орындары ашылды. Алайда, бұл жетістіктерге тоқмейілсуге болмайтынын, қайта бұдан да күрделі жобаларды қолға алып, батыл қимылдауымыз керектігін айтқан Мұхтар Құл-Мұхаммед: «Нұр Отан» партиясы Елбасы тапсырмалары мен барлық президенттік бағдарламалардың орындалуына партиялық бақылау жүргізуді жалғастыра береді», – деді.

Әлисұлтан ҚҰЛАНБАЙ,

«Егемен Қазақстан»

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

18.07.2018

Қызылордада қалалық аурухана жаңа құрылғылармен толықты

18.07.2018

Жалағаш ауданында күн электр станциясының құрылысы басталды

18.07.2018

Елімізде жеңіл автокөліктердің саны артты

18.07.2018

Ұлттық ұланның «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы жас офицерлермен толықты

18.07.2018

Ханшалар киген қасаба

18.07.2018

Степ­ногорск қалалық тарихи-өлкетану музейі ашылды

18.07.2018

Алматыда Кореямен бірлескен клиника ашылды

18.07.2018

Шекара туралы толғау

18.07.2018

Қытай елінің айшықтары

18.07.2018

Тұманды сейілткен «Талан

18.07.2018

Мағжанның «Батыр Баяны»

18.07.2018

Жеткіншектер сауықтыру лагерінде өз-өзін жетілдіре түсті

18.07.2018

Жетісайдағы Бауыржан Момышұлы атындағы №6 мектеп-гимназия үздіктері көп үлгілі мектеп

18.07.2018

Семейлік оқушылар дін тарихын оқиды

18.07.2018

«Цифрлы Қазақстан» үлкен мүмкіндіктер сыйлайды

18.07.2018

Батыс Қазақстан облысында екі мектеп пайдалануға беріледі

18.07.2018

Жауын жастана жантайған Жабағы батыр

18.07.2018

Сынақтар шежіресінен сыр шертеді

18.07.2018

Әліпби – жазуымыздың іргетасы

18.07.2018

Малдәрігерлік қызмет уақыт талабына сай ма?

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Ауыл шаруашылығын цифрландыру болашақтың баламасыз жолы

Әлем елдерінде қазіргі уақытта ауыл шаруашылығын цифрландыру қарқынды түрде жүріп жатыр. Уақыт өткен сайын бұл салада неше түрлі жаңа технологиялар пайда болып, олар жедел түрде өндіріске ен­гізілуде. Мәселен, Еуропадағы компания­лар енді егістік жағдайын зерттеумен ай­на­лысатын дрондарды да шығара бас­тады. Бұл машиналар фермерлердің егіс шы­ғымдылығын алдын ала болжап бі­лу­леріне жағдай туғызуда. Осы үдеріс ке­ңі­нен қанат жая келе, бүкіл ел бойынша әрбір егіс алқабының шығымдылығын күні бұрын анықтау мүмкіндігі пайда болатын көрінеді. 

Ермухамед Мәулен, «Егемен Қазақстан»

Аяқдоп аламаны аяқталды

Әлем чемпионаты – тағатсыздана күткен футбол тойы еді. Енді барлығы аяқталып, той тарқасымен біз де алған әсерімізбен бөлісе кетсек. Бұл біріншілік несімен есте қалмақ?

Думан АНАШ, «Егемен Қазақстан»

Биографиялық фильмдердің бәсі биік болуы тиіс

Кейінгі кезде «Еуразия бірінші арнасынан» әйгілі кеңестік манекенші-модель, сән әлемінде «Кремльдің ең әдемі қаруы» және «Кеңестік Софи Лорен» атанған Регина Збарская туралы сериа­л көрсетіліп жатыр. Былай қарасаңыз, сән әлемінің кіндігі саналған Парижді тәнті еткен өмірі жұмбаққа толы сұлудың сол кездегі кеңестік қасаң қағидаларға сыймаған ғұмырын өзгеше қырынан бейнелеген қарапайым, бірақ кемел түсірілген Ресейдің кезекті киноөнімдерінің бірі. 

Бекен ҚАЙРАТҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Халық әнінің тоналу тарихы

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Бо­лашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағ­дарламалық мақаласында, жаңғыру елдің ұлттық-рухани тамырынан нәр ала алмаса, ол адасуға бастайды», деді. Елдің ұлттық-рухани тамыры дегеніміз не? Ол ха­лықты сан ғасырдан бері адастырмай, алып келе жатқан салт-дәстүрі, фольклоры, әні мен жыры. Осылардың ішінде әннің ұлт руханияты үшін орны айрықша. Дана Абай атамыз, «Ұйықтап жатқан жүрек­ті ән оятар, Үннің тәтті оралған мәні оятар» дегенді бекер айтқан жоқ.

Әлисұлтан ҚҰЛАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Ормуз бұғазы жабылған жағдайда...

Осы айдың басында Иран Ислам Рес­публикасының президенті Хасан Рухани Швейцария еліне жасаған сапары кезінде мұнай импорттаушы мемлекеттер Иранның мұнайын сатып алмаған жағдайда Ормуз бұғазын жауып тастайтындарын мәлімдеді. Президенттің бұл мәлімдемесі АҚШ билігінің Иран мұнайын сатып алмауға өз одақтастарын ықтиярсыз көндіруге бағытталған қысымына байланысты болса керек.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу