Қазақстан • 21 Қыркүйек, 2017

Отбасылық еңбек өтілі 100 жылдан асқан ұстаздар марапатталды

459 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Астана қаласы әкімдігінің №74 мектеп – гимназиясында «Еңбек күні», «Отбас күні», «Ұстаздар күні» мерекесіне орай «Ұрпақтар жалғасы: Отбасым – бақыт мекенім» атты іс-шара болып өтті.

Отбасылық еңбек өтілі 100 жылдан асқан ұстаздар марапатталды

Шараға Астана қаласы Білім басқармасының басшысы Әнуар Жанғозин, Қазақстан кәсіподақ төрағасының орынбасары Айгүл Мұқашева, Астана қаласы Білім қызметкерлерінің қалалық «Әділет» кәсіподағының төрайымы Балсұлу Наурызбаева, Астана қаласы Білім басқармасының персоналды басқару бөлімінің басшысы Жаңыл Қылышбаева қатысып, мерейлі мерекемен құттықтап, ақ тілектерін ақтарды.

Сонымен қатар, кеш барысында отбасылық еңбек өтілі 100 жылдан асқан ұстаздар марапатталды. Олардың қатарында әулеттің еңбек өтілі 341 жылды құрайтын №54 мектеп-лицейдің бастауыш сынып мұғалімі, Ыбырай Алтынсарин төсбелгісінің иегері Гүлбарша Бүркітбайқызы, әулеттің еңбек өтілі 327 жылға жеткен №38 мектеп-лицейдің математика пән мұғалімі Байтемір Ділбар сияқты он шақты мұғалім бар. Одан бөлек жұмыс өтілі 20 жылдан асатын тәлімгерлер мен еңбекті енді бастап, өз қызметінде белсенділік танытып жүрген бірнеше мамандар да марапаттан тыс қалмады. Алғыс хатқа ие болған әрбір мұғалімге 100 000, 70 000, 50 000 теңге көлемінде сыйақы табыс етілді.

Рауан ҚАЙДАР,

«Егемен Қазақстан»