Футбол • 21 Қыркүйек, 2017

Чемпиондар лигасының 2019 жылғы финалы Мадридте өтетін болды

681 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Чемпиондар лигасының 2018/2019 маусымының финалы Мадрид (Испания) қаласындағы «Атлетико» командасының «Ванда Метрополитано» стадионында өтетін болды. Бұл туралы УЕФА хабарлады.

Чемпиондар лигасының 2019 жылғы финалы Мадридте өтетін болды

Финалдық кездесу 2019 жылдың 1 маусымында өтеді. Ал Еуропа лигасының ақтық бәсекесі Баку қаласындағы (Әзербайжан) «Олимпия» аренасына жоспарланып отыр. Ал қос финалдың жеңімпаздарын, яғни 2019 жылғы Еуропа Суперкубогын 14 тамыз күні Ыстанбұл (Түркия) қаласындағы «Бешикташ Стэдиум» қабылдайды.

Мұндай шешім Ньон (Швейцария) қаласында УЕФА-ның атқарушы комитетінің отырысында қабылданды.

Ал осы маусымда Чемпиондар лигасының финалы Киев (Украина) қаласындағы «Олимпия» стадионында өтеді. Бұл турнирдің қазіргі жеңімпазы – «Реал» командасы. Ал өткен жылы «Манчестер Юнайтед» жеңіп алған Еуропа лигасының биылғы шешуші ойыны Лион қаласындағы (Франция) «Олимпик Парк» стадионында ұйымдастырылады. Ал 2018 жылғы Еуропа Суперкубогы Таллин қаласындағы (Эстония) «Лиллекюла» алаңында өтеді.

Айта кетейік, «Ванда Метрополитано» стадионының ашылуы өткен сенбі күні, яғни 16 қыркүйекте болды. Бұл күні мадридтіктер «Малага» командасын 1:0 есебімен жеңді. Жаңа стадиондағы алғашқы әрі осы матчтағы жалғыз голды франциялық Антуан Гризманн салды.

Соңғы жаңалықтар